Теннис • 06 Қараша, 2023
Бұл күндері әлемнің әр қиырында теннистен түрлі турнир өтіп жатыр. Солардың бірқатарында жерлестеріміз де бақ сынады.
Бокс • 06 Қараша, 2023
Орта салмақтағы қазақтың танымал кәсіпқой боксшысы Мейірім Нұрсұлтанов 17 қарашада Ташкентте өтетін жарыста германиялық Винсент Файгенбутцпен күш сынасуға тиіс еді.
Сұхбат • 01 Қараша, 2023
Серік ӨМІРБЕКОВ: Алдамшы өмірде адасып кету оңай
Қазіргі жастар Серік Өмірбековті білмеуі де мүмкін. Бірақ аға буын өкілдері осы шомбал жігіт өткен ғасырдың 80-90-жылдары шаршы алаңды шайқағанын әлі де ұмыта қойған жоқ. Ауыр және аса ауыр салмақта жұдырықтасқан қазақтың өр мінезді ұлы өзінен әлдеқайда ірі қарсыластарын кескен теректей сұлатып салғанына біз де сан мәрте куә болдық. Таяуда бокстан КСРО чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері, Азия ойындарының жеңімпазы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Серік Өмірбековпен жолығып, тартымды бір әңгіменің тиегін ағытқан едік.
Футбол • 31 Қазан, 2023
«Қайрат» футзал клубы Чемпиондар лигасының негізгі сатысында сынға түсіп, элиталық кезеңге жолдама алды.
Хоккей • 30 Қазан, 2023
29 қазан күні «Барыс» өз мұзайдынында Нижний Новгородтың командасы «Торпедоны» қабылдап, 1:2 есебімен есе жіберді. Кездесу Қарағанды облысында қаза болған шахтерлерді бір минуттық үнсіздікпен еске алумен басталды.
Спорт • 30 Қазан, 2023
Грек-рим күресінен 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем чемпионатында жерлесіміз Исхар Курбаев (55 кг) күміс жүлдегер атанды.
Теннис • 30 Қазан, 2023
Алғашқы матчында жеңіліс тапты
Мексикада жалауы желбіреген WTA қорытынды турнирінде әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина алғашқы матчында жеңіліп қалды.
Сұхбат • 11 Қазан, 2023
Айсара КЕРІМБЕКОВА: Қарсыластарым мені «Маугли» дейтін
Өткен ғасырдың 80-90-жылдары Айсара Керімбекованың даңқы дүркіреп тұрды. Алматы облысының Кеген ауданындағы Ақтасты ауылының тумасы самбодан әлем чемпионатының екі дүркін (1988, 1992) күміс жүлдегері, КСРО кубогінің (1989) күміс жүлдегері, КСРО халықтары спартакиадасының қола жүлдегері (1991), Азия чемпионы (1992), Азия чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері (1994, 1995) атанып, басқа да ірі халықаралық додаларда жеңіс тұғырына көтерілді. Ең бастысы, Керімбекова күрес өнеріндегі қазақ қыздарының көшін бастады.
Спорт • 04 Қазан, 2023
Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан жазғы Азия ойындарын Қазақстанның дзюдошылары бес жүлдемен қорытындылады. Тарқатып айтсақ, 1 күміс пен 4 қолаға қол жеткізіп, жалпы есепте 10-орынды қанағат тұттық. Соңғы күні аралас командалық сайыстар өтті. Өкінішке қарай, байрақты бәсекеде жерлестеріміз үздіктер санатына қосыла алмады.
Күрес • 03 Қазан, 2023
Белградтағы әлем чемпионаты аяқталғаннан кейін Біріккен күрес әлемі (UWW) өз рейтингін қайта жаңартты. Сербияның астанасында атой салған саңлақтар үздіктер тізімінде бірнеше сатыға жоғарылап, жалпы есептегі жағдайларын жақсартса, сәтсіз өнер көрсеткен немесе жарысқа мүлдем қатыспаған балуандар, керсінше төмен қарай құлдилады. Ал біздер үшін ең қуанышты жағдай – ТОП-10-дықтың қатарында Қазақстанның 10 өрені бар.