
Саясат • 12 Шілде, 2024
Әлеуметтік нысандар құрылысымен танысты
Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса Оңтүстік өңіріне іссапары барысында Шымкент қаласындағы мәдени, әлеуметтік нысандарды аралап, тұрғындармен жүздесті.
Экономика • 12 Шілде, 2024
Қытаймен экономикалық байланыс жандана түседі
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков бастаған делегация жуырда Қытай Халық Республикасының Сиань, Үрімші қалаларына сапарлап қайтты. Шымкент пен Сиань – бауырлас қала. Бауырластықтың орнағанына биыл бір жыл толды. Іссапар осынау айтулы мерзімге орайластырылды. Шымкенттік делегацияның Қытайға сапарына Қазақстанның Сиань қаласындағы Бас консулдығы қолдау білдірді.
Шаруашылық • 12 Шілде, 2024
Ауыл шаруашылығының әлеуеті артты
Еліміздің үшінші мегаполисінде агросекторға айрықша қолдау көрсетіледі. Кезінде Түркістан облысының Сайрам, Ордабасы, Төлеби аудандарынан қосылған елді мекендердің егістік жері есебінен қаланың ауыл шаруашылығы саласындағы әлеуеті күшейді. Бұрын қалаған нәрсесін егетін қала қазір саннан сапаға көшіп, жылыжай шаруашылығын, қайта өңдеу өнеркәсібін мықтап қолға ала бастады. Осыған орай шаһарда ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдейтін «Бозарық» тамақ өнеркәсібі индустриалды аймағы құрылып жатыр.
Экология • 11 Шілде, 2024
«Таза Қазақстан» республикалық акциясы Шымкентте қарқынды жүргізіліп жатыр. Осы іс-шара аясында шаһардың әкімшілік аудандарында тазалық жұмыстары атқарылды. «Жасыл ел» ұйымының жастары мен Тұран ауданының тұрғындары техниканың көмегімен мегаполистің көрікті мекені Қошқарата өзенінің жағалауын тазалады.
Саясат • 10 Шілде, 2024
Шымкент қаласының Абай ауданындағы «Жаңа Тұрлан» шағын ауданында болған Мәжіліс депутаты, «Amanat» партиясы фракциясының мүшесі Данабек Исабеков партияның «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасы аясында салынып жатқан 1200 орындық жаңа мектеп құрылысының барысымен танысты.
Саясат • 06 Шілде, 2024
Президент тапсырмаларының орындалуы пысықталды
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Шымкент қаласының мәслихат депутаттарымен кездесті. Кездесу барысында Жолдауда және Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы берген тапсырмаларды іске асыру жолындағы міндеттер, Сенат пен мәслихаттардың бірлескен жұмысының жаңа форматы талқыланды.
Экология • 05 Шілде, 2024
Шаһар шырайы – тұрғындар еңбегі
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы басталған сәуір айынан бері Шымкентте бірнеше сенбілік ұйымдастырылды. Қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының мәліметі бойынша, сәуір-мамыр айларында шаһарда өткен сенбіліктерге 163 мыңға жуық адам қатысты.
Аймақтар • 05 Шілде, 2024
Шымкенттің сәнін кетірген келеңсіздік
Шымкент қаласындағы Ынтымақ-2 шағын ауданы маңайында тұрмыстық қалдықтар бейберекет төгіліп, үлкен үйіндіге айналды. Ол жер Албастысай деп аталады. Белгісіз біреулер жүк көліктерімен әкеліп төгіп кетеді. Жергілікті тұрғындар мен кәріз-тазарту құрылыстары кешенінің қызметкерлері бұл көріністі фотобейнеге түсіріп алған.
Аймақтар • 05 Шілде, 2024
Медициналық қызметтің жаңа моделі
Шымкентте былтырдан бері үздік тәжірибелік орталық жобасы іске асып жатыр. Осы жоба аясында қаланың көптеген емханасы қызметін аталған орталықпен үйлестіре бастады.
Шымкент • 24 Маусым, 2024
Шымкентте жаңадан ашылған «Tulip Hall» конгресс-холында Қала күніне орай мерекелік концерт ұйымдастырылды. Оған ардагерлер, зиялы қауым өкілдері, қала тұрғындары мен жастар қатысты. Салтанатты басқосуда әкім Ғабит Сыздықбеков сөз сөйлеп, жиналған қауымды Қала күні мерекесімен құттықтады.