Технология • Кеше

Газдың шығуын анықтайтын зертхана іске қосылды

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Газдың шығуын анықтайтын зертхана іске қосылды

 

Шымкентте табиғи газдың шығу қаупін қашықтықтан анықтатын зертхана ашылды. Ол лазерлік технологиялармен жабдықталған. Соның көмегімен ауаға таралған газды лезде байқап, төтенше жағдайдан алдын алуға болады.  Зертхананың  жұмысымен тіпті қала әкімі Ғабит Сыздықбеков арнайы барып танысты. Ең бастысы бұл зертханаға төтенше жағдай қызметінің және әкімдік жанындағы коммуналдық шаруашылыққа жауапты сала мамандары қуанышты. Себебі елді мекендерді газдандыруда қауіпсіздік шараларын сақтаудың маңызы зор. Бұл ретте заманауи ДЛС-АВТО («Пергам») мобильді зертханасы ұтымды шешім ретінде қаралып отыр.

Сарапшылар сипаттап бергендей зертхана жүйесінің негізгі артықшылығы 60 метрге дейінгі қашықтықта метан газын дәл анықтайды. Және жер асты газ шығу қаупін алыс қашықтықтан болжап береді. Сондықтан төтенше жағдайлар кезінде жедел әрекет етуге оның көмегі зор боп тұр.

Айта кету керек газдың шығуын қашықтықтан анықтайтын озық жүйені республикада алғашқылардың бірі болып Шымкент қаласы әкімдігі іске қосып отыр. Бұл мегаполистің инженерлік жүйелерді дамытудағы және қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етудегі маңызды қадамы болып саналады.