Әнуар ЖҰМАШБАЕВ
Әнуар ЖҰМАШБАЕВ«Egemen Qazaqstan»
650 материал табылды

«Таза Қазақстан» • 13 Ақпан, 2026

Ерікті жастар елдік бастамаға атсалысты

Шымкентте «Таза Қазақстан» акциясы аясында «Таза Шым» жобасы іске асырылып, оған қа­ланың белсенді жастары атсалысып келеді. Жақында жастар Тұран ауданына қарас­ты Ақтас елді мекеніне барып, аумақты қоқыстан тазалады. Өз кезегінде аудан әкім­­­дігінің мамандары да жастарға қолғабыс көрсетті. Қажетті құрал-сайман, техни­камен қамтамасыз етті.

Аймақтар • 12 Ақпан, 2026

Қос нысанның қадасы қағылды

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков әлеуметтік маңызды екі нысанның құрылыс аумағында капсула салу рәсіміне қатысты. Оның бірі – паралимпиадалық және сурдлимпиадалық спорт кешені болса, екіншісі – 200 орынға арналған №2 қалалық перинаталдық орталық.

Қоғам • 05 Ақпан, 2026

Мұғалім жұмыссыз қалмайды

Шымкентте педагогтерге арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Іс-шара аясында педагог мәртебесі бар мамандарға бос жұмыс орындары ұсынылды. Сондай-ақ мұғалімдерге конкурсқа қатысудың рәсімі түсіндіріліп, құжаттарды электронды платформаға жүктеу бойынша кеңес берілді.

Қоғам • 31 Қаңтар, 2026

24 отбасы қоныстойын тойлады

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков 24 отбасына пәтер кілтін табыстады. Жаңа қоныс иелері – әлеуметтік тұрғыдан осал топтағы азаматтар. Пәтерлер шаһардың Тұран шағын ауданындағы жаңадан салынған көпқабатты үйлерден берілді. Баспаналы болған отбасылар пәтерлердің тек жалдау құнын төлеп тұрады.

Экономика • 30 Қаңтар, 2026

Кәсіпкерлер құқы қорғалды

Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасына кәсіпкерлерден 150-ден астам өтініш келіп түскен. Қорғалған бизнес құқығы шамамен 120 млн теңгені құрайды.

Шымкент • 29 Қаңтар, 2026

Қаржылық сауат – уақыт талабы

«Amanat» партиясының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Қарызсыз қоғам» жобасы тұрғындардың қаржылық сауатын арттыруда нақты нәтижесін беріп келеді. Мәселен, 2024 жылы жоба аясында 11 мың адамды оқыту жоспарланған болса, бұл меже артығымен орындалып, 12 593 тұрғын арнайы курстан өтті.

Медицина • 28 Қаңтар, 2026

Шетелдіктердің шеберлік дәрісі

Шымкент қалалық балалар клиникалық ауруханасында «Балалар кардио­хи­рургиясындағы өзекті мәселелер» тақырыбында халықаралық шеберлік са­ғаты өтті. Іс-шара барысында Беларусь Республикасынан келген білікті ма­мандар жергілікті әріптестерімен бірлесіп, жүрегінде туа біткен ақауы бар үш науқасқа күрделі операция жасап, он шақты баланы медициналық тексеруден өткізді.

Қоғам • 22 Қаңтар, 2026

АҚШ-тан көшкендер саны келушілерден асып түсті: Трамп эмиграция мәселесін қалай шешті?

Соңғы зерттеулер көрсеткендей, 2025 жылы АҚШ-тан көшкендер саны келушілерден асып түскен. Мұндай жағдай соңғы рет осыдан 50 жыл бұрын болған екен. Сарапшылар бұған АҚШ президенті Дональд Трамптың эмиграцияға байланысты ұстанған қатаң саясаты себеп болғанын айтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Спорт • 22 Қаңтар, 2026

«Shymkent Open»: Каратэ турнирінде 900-ге жуық спортшы бақ сынап жатыр

Жарыс аталған спорттан халықаралық Азия, Әлем чемпионатына іріктеу турнирі ретінде өтіп жатыр. Турнир «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері, академик Саттар Қуашбайдың жүлдесіне арналып ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 22 Қаңтар, 2026

Жол қауіпсіздігі ережесі әскерилер үшін де міндет

Әскери қызметшілер арасында көлік жүргізу мәдениетін арттыру және әскери көлік құралдарын апатсыз пайдалану мақсатында Шымкент гарнизонында профилактикалық сабақтар ұйымдастырылды. Іс-шара барысында әскери техника жүргізушілеріне өткен жылғы жол-көлік оқиғаларының статистикасы ұсынылып, әскери көліктерді пайдалану кезіндегі негізгі қатер мен жиі кездесетін қателіктер жан-жақты түсіндірілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Яндекс.Метрика