Шымкент • 23 Шілде, 2025
Мегаполистің бүгінгі индустриялық мүмкіндігі
Қалалық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының мәліметінше, бүгінде Шымкентте жалпы аумағы 1 276 гектарды құрайтын 7 өнеркәсіптік аймақ жұмыс істейді. Ол жерде 670,1 млрд теңге сомасында 427 жоба іске асырылып жатыр. Осы күнге дейін 323,9 млрд теңгені құрайтын 304 жоба аяқталып, 9 мыңнан аса жаңа жұмыс орны құрылды.
Шымкент • 23 Шілде, 2025
Мәжіліс депутаты Данабек Исабек Шымкент қаласына арнайы іссапармен келіп, «Amanat» партияның сайлауалды бағдарламасы аясында іске асып жатқан жобалармен танысып, қала тұрғындарымен кездесті. Депутат алдымен Асар шағын ауданында орналасқан балалар ауруханасына барды. Аурухананың бас дәрігері Динара Жұмаділова емдеу мекемесінің қазіргі жағдайы жөнінде баяндап берді.
Білім • 22 Шілде, 2025
Білімнің өзекті мәселелері бірлесіп шешілуі керек
Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасында Парламент Сенатының депутаты Айгүл Қапбарова жұртшылықпен кездесті. Жиынға палата басшылығы, қалалық мәслихаттың депутаттары, салалық басқарма өкілдері, жекеменшік мектеп директорлары қатысты. Кәсіпкерлер ұйымының басшысы С.Адамбекова білімге қатысты мәселелерді кеңінен талқылап, осы бойынша Сенат депутатына арнайы ұсыныстар жолдауды жөн көрді.
Экология • 19 Шілде, 2025
Экологиялық мәдениет – елдіктің көрсеткіші
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы Шымкент қаласында жүйелі жүзеге асырылып келеді. Қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының дерегінше, тазалық жұмыстарына 300 мыңнан астам адам қатысқан. Сенбіліктерге 10 мыңнан астам техника жұмылдырылып, 25 мың тоннаға жуық тұрмыстық қалдықтар қоқыс полигонына шығарылды.
Медицина • 19 Шілде, 2025
Мегаполисте медицина мүмкіндігі артып келеді
Шымкент қаласының әкімдігі Денсаулық сақтау министрлігі және Денсаулық сақтауды дамытудың ұлттық ғылыми орталығымен бірлесіп, «Денсаулық сақтауды өңірлік дамытудың 2029 жылға дейінгі бағдарламасын» дайындады.
Өндіріс • 19 Шілде, 2025
Өндіріс өркендемей, өріс кеңеймейді
Еліміз осы жылдың 4 айында 6 пайыздық өсім көрсетті. Бұл – кейінгі 12 жылдағы ең жоғарғы көрсеткіш. Шымкент қаласының үлесі қандай? Мегаполисте қандай инновациялық жобалар бар? Шымкент қалалық мәслихатының депутаты, сарапшы Талғат Ысқақовтың айтуынша, үшінші мегаполис кейінгі жылдары жоғары қарқынмен дамып келеді, әсіресе құрылыс саласында ілгерілеу басым.
Медицина • 18 Шілде, 2025
Шымкентте МӘМС бойынша сақтандырылғандар 1 миллионнан асты
Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Шымкент филиалы директорының орынбасары Арапкүл Ізбасарова мәлімдеді. Маманның сөзінше бұл жалпы қала халқының 80 пайыздан астам үлесін құрайды және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесімен қамтылған азаматтар саны жыл санап артып келеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 18 Шілде, 2025
Тағы бір қаржы пирамидасының жолы кесілді
Шымкент қаласының экономикалық тергеп-тексеру департаменті «ҚазМұнайГаз Инвест» деп аталатын тағы бір қаржы пирамидасының заңсыз қызметін әшкереледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 18 Шілде, 2025
Шымкентте жарық жаппай өшіріліп жатқаны рас па
Шымкент әкімдігі қалада электр энергиясы жетіспегендіктен жарық жаппай өшіріліп немесе шектеліп жатыр деген әлеуметтік желілерде тараған ақпараттың шындыққа жанаспайтыны туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жемқорлық • 16 Шілде, 2025
Шымкент жастар театрының директоры бюджет қаржысын жымқырған
Қазақстанның қаржы мониторингі агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті «Шымкент жастар театры» МКҚК директоры мен өзге де лауазымды тұлғаларға қатысты 136 млн теңгеден астам көлемдегі бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша тергеуді аяқтағанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.