Театр ұжымы Жан Ануйдың «Антигона» шығармасы негізінде дайындаған қойылымды қойды. Бас жүлдені Алжир Халық Демократиялық Республикасының Мәдениет министрі салтанатты жағдайда табыстады.
Фестивальге Қытай, Сауд Арабиясы, Тунис, Испания, Германия, Ливан, Сирия, Ирак, Дания, Солтүстік Македония, Мавритания мен Алжир сияқты елдердің театр ұжымдары қатысты.
«Антигона» қойылымының режиссері Қуандық Қасымов. Қоюшы суретші Қалтөре Жұмақұлов. Театр директоры Расул Махмудұлы шығармашылық ұжымның жеңісі халықаралық аренада қазақ театр өнерінің беделін көтерген айрықша оқиға болғанын жеткізді.
Осы фестивальде театрдың жас актрисасы Айым Онай «Ең үздік әйел» номинациясының жеңімпазы атанды.
Шымкент