Эльвира СЕРІКҚЫЗЫ
Эльвира СЕРІКҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
1846 материал табылды

Оқиға • 23 Қыркүйек, 2024

Нархоз университетінде әлеуметтік бағытта «Заң клиникасы» ашылды

Құқық және мемлекеттік басқару мектебі базасында Заң клиникасының кеңсесі ашылды. Ашылу салтанатына сот және заң практикасы, адвокаттық және нотариаттық қызмет пен БАҚ-тың жетекші өкілдері, студенттер, магистранттар, PhD-докторанттар мен университет қызметкерлері қатысты.

Білім • 20 Қыркүйек, 2024

Мектеп асханалары тексеріледі

Алматыда мектеп асханаларындағы тамақтану сапасын бақылайтын комиссия құрылып, тексеру жұмыстары жүргізіледі.

Саясат • 20 Қыркүйек, 2024

Ғылымға жүгінген ұтады

Қазақ-Британ техникалық университетінде Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясының ұйытқы болуымен Мемлекет басшысы Жолдауын іске асыру аясында «Қазақстан ғылымының қазіргі жағдайы мен даму келешегі» атты ғылыми-практикалық конференция өтті. Оған Ғылым және жоғары білім министрлігінің өкілдері, ҰҒА академиктері, жоғары оқу орындары мен ғылыми зерттеу институттарының басшылары, еліміздің және шетелдің жетекші ғалымдары, тәуелсіз сарапшылар, сондай-ақ отандық ғылымды дамытуға белсене атсалысатын жас ғалымдар қатысып, ғылымды дамыту мен жас мамандар әлеуетін арттыруға қатысты ой-пікірлерімен бөлісті.

Білім • 18 Қыркүйек, 2024

QyzPU: студенттерге жаңа оқу корпусы берілді

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетіне мемлекет тарапынан жаңа ғимарат пайдалануға берілді. БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз турында университет ректорының міндетін атқарушы Еркін Дүсіпов жаңа ғимаратта орналасқан зертханалар, мұражай, студенттерге арналған заманауи жағдаймен таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ғылым • 18 Қыркүйек, 2024

Қазақ-Неміс ғылыми-зерттеу орталығы ашылды

«Ғылым ордасы» ғимаратында Қазақ-Неміс ғылыми-зерттеу ынтымақтастық орталығы (KGRCC) ашылды. Орталық Германия Федералды канцлері Олаф Шольц мырзаның Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапарына орай ұйымдастырылды.

Университет • 18 Қыркүйек, 2024

Ғылыми әлеуетті арттыру қадамы

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық универ­ситетінде Гонконг білім беру университетімен (EdUHK) ынтымақтастықты нығайтуға байланысты іс-шара аясында аталған оқу орнының өкілдерімен кездесу өтті. Онда «Жасанды интеллект және инклюзивті білім беру» бағытындағы орталық ашу мәселесі талқыланды.

Ғылым • 14 Қыркүйек, 2024

Неміс ғалымдарымен бірлескен орталық

Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясында Қазақ-неміс ғылыми зерттеу ынтымақтастық орталығы (KGRCC) ашылды.

Жоба • 13 Қыркүйек, 2024

Кәсіпкерлікке арналған стартаптар

Академик Кенжеғали Сағадиев атындағы халықаралық бизнес уни­вер­ситетінде оқу орны түлектерімен және еліміздің әр өңірінен келген кә­сіп­кер әйелдердің қатысуымен «Қазақстан өңірлерінде әйелдер бас­қа­ра­тын стартаптарды дамыту» инкубациялық бағдарламасы іске асты.

Қоғам • 11 Қыркүйек, 2024

Ана тілінің абыройы

Биыл қазақ тіл білімі ғылымының көрнекті өкілі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Түркияның «Dil Kurumu» лингвистикалық қоғамның корреспондент-мүшесі, академик, филология ғылымдарының докторы, профессор Рәбиға Сыздықтың туғанына 100 жыл толды. Осыған орай айтулы ғалымның ғасырлық мерейтойына арналған Алматыдағы Ұлттық кітапханада «Ана тілінің абызы» атты республикалық ғылыми-теориялық конференция өтіп, оған қатысушылар ардақты тұлғаның қазақ тілін зерттеудегі еңбектеріне талдау жасап, ғалым туралы жылы естеліктерімен бөлісті.

Алматы • 10 Қыркүйек, 2024

Студенттер жатақханасы бой көтереді

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде «Қазақ-Строй» ЖШС-мен ынтымақтастық негізінде 9 қабатты жаңа студенттік жатақхананың құрылысы басталды. Ғимарат келер жылы пайдалануға беріледі.