Байқал БАЙӘДІЛ
Байқал БАЙӘДІЛ«Egemen Qazaqstan»
1852 материал табылды

Өндіріс • 14 Қаңтар, 2025

Ынталыға береке бар

«Темірлан» серіктестігі шал­ғайдағы шоқ жұлдыздай шағын Тасөткел ауылының көсе­гесін көгертіп тұр. Кәсіпорын мал өнім­дерін өңдеу бағытында тәуір нәтижеге қол жеткізіп отыр. Сүт өнімі өндірісін көбейтумен қатар жаңа жұмыс орындарының ашылуы жергілікті жұрт үшін ақ түйенің қарны жарылған қуанышқа айналған. Ауылда қол қусырып қарап отырған адам жоқ. Еңбекақылары уақтылы әрі қомақты төленгеннен кейін түгелге жуық ортақ іске үлес қосып келеді.

Тұлға • 11 Қаңтар, 2025

Киелі күй иесі

Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының кезек­­ті концертінен жұлдыз жамырай шықтық. Енді бір мезет қара барқыт аспанға көзім түскен. Әне бір тана­ның көзіндей жарқыраған үлкен жұлдыз музыка әлемінің марқас­қа­сы Манарбек ағамның, Манарбек Бексейі­тов­тің жұлдызы шығар-ау!

Аймақтар • 10 Қаңтар, 2025

Ел денсаулығын ескерген іс

Бозайғыр ауылын­да диеталық, профи­лактикалық тағам өндіретін заманауи зауыт ашылды. Жа­ңа өндіріс орны «HealthInvest» жа­уап­­кершілігі шек­теулі серіктестігінің ұйым­дастыруымен іске қосылды.

Еңбек • 09 Қаңтар, 2025

Еңбек еткеннің еңсесі биік

Тасы өрге домалап тұрған «Жайсаң» шаруа қожалығы өз ісін бастағанда үлесіндегі жер телімі тоқымдай ғана еді. Ақ адал еңбегінің арқасында қор жинап, игілігі елге ортақ болып тұр.

Ең қысқа әңгіме • 09 Қаңтар, 2025

Омыртқаның олжасы

Солтүстік өңірде ықы­лым за­маннан бері жалғасып келе жатқан омыртқаға ша­қыру дәстүрі бар. Желтоқсан айында жұрт соғымға арнаған малын ке­зектесіп жыға бастайды.

Қоғам • 27 Желтоқсан, 2024

Қарттарға қамқорлық

Жаңа жыл қарсаңында көкшетаулық қарттар жақсы хабардан құлақ­­та­нып, бір жадырап қалды. Алдағы жылы облыс орталығында тұра­тын зей­нет­керлер қоғамдық көлікте тегін жүр­мек.

Аймақтар • 27 Желтоқсан, 2024

Күрделі жөндеуден кейін...

Таяуда облыс орталығындағы М.Жұмабаев атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасы күрделі жөндеуден кейін есігін айқара ашты.

Аймақтар • 25 Желтоқсан, 2024

Өрт қаупі өршіп тұр

Қылышын сүйретіп қыс келгелі оқыс оқиға көбейді. Өңірде 118 мәрте өрт шықты.

Энергетика • 19 Желтоқсан, 2024

Тариф өсіру тығырықтан шығара ма?

Халықтың электр энергиясын тұтыну көлемі жыл сайын ұлғайып ке­леді. Сарапшылардың пікірінше, бұл жағдай елдің әлеуметтік-тұр­мыстық жағдайы­ның біршама жақсаруымен байланысты. Мәселенің мәнісіне тереңірек көз жүгіртсеңіз, жекелеген аймақтарда электр энергиясын тұтынудың біршама көбейгенін аң­ғаруға болады. Оның ішін­де Көкшетау қаласы да бар. Жергілікті жұрт ащылау әзілдеп, облыс орталығын «аристондар қалашығы» дейтіні де бар.

Музей • 12 Желтоқсан, 2024

Қаламгер қазынасы

Атбасарға ат басын бұрған көзіқарақты жолаушы ұлт тарихы көркем бейнеленген көрнекті жазушы, Алаш мұрасының жанашыры Ілияс Есенберлиннің әдеби музейіне соқпай өтпес еді. Шағын қалаға рухани шырай беріп тұрған да осы музей. Тірнектеп жинаған жәдігерлерден қайсар рухты қаламгердің жанкешті еңбегі жарқырай көрініп тұрғандай.