
Білім • 07 Наурыз, 2025
Білім ордасының меншігі қашан қайтарылады?
Елімізде әлдекімдердің иелігіне дүдәмал күйде өтіп кеткен мемлекет меншігін қайтару ісі жалғасып жатыр. Талапайға түскен нысандардың айналасында даулы мәселелер аз емес. Алматыда өткен «Amanat» партиясы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық кеңестің кезекті отырысында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің активтерін мемлекет меншігіне қайтару мәселесі талқыланды.
Тағзым • 07 Наурыз, 2025
Биыл көрнекті ақын Нұрпейіс Байғаниннің туғанына – 165 жыл. Осыған орай Алматыдағы Мемлекеттік орталық музейде «Ер туралы жыр» деп аталған мәдени-танымдық іс-шара өтіп, ұлт руханиятына сүбелі үлес қосқан ақынның шығармашылық мұрасы ардақталды.
Көрме • 05 Наурыз, 2025
Мағрипа Жылқыбаева мұрасына арналған көрме ашылды
Алматыдағы Мемлекеттік орталық музейде жаратылыстанушы ғалым Мағрипа Жылқыбаеваның 80 жылдық мерейтойына арналған «Алтын адамның мұрасы» атты танымдық көрме ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 04 Наурыз, 2025
Цифрлық журналистикадағы сын мен сапа
Алматыда «Орталық Азия мен Қытайдағы цифрлық журналистика: жергілікті сын-қатерлер мен жаһандық трендтер» атты дөңгелек үстел өтті. Өзекті тақырыптарды қамтыған іс-шараны Мәдениет және ақпарат министрлігі, Narxoz университеті, БҰҰ-ның Қазақстандағы жаһандық коммуникациялар департаментінің өкілдігі, Орталық Азия-Қытай журналистік зерттеулер қауымдастығы бірлесе ұйымдастырды.
Саясат • 04 Наурыз, 2025
Жаһандық қарым-қатынастың ортақ алаңы
Біріккен Ұлттар Ұйымының мерейлі жылы аясында ықпалды құрылымның жүріп өткен жолына шолу жасап, алдағы болашағын саралауға бағытталған ауқымды іс-шаралар басталып кетті. Соның бірі – Алматыда өткен «Бейбітшілік пен жасампаздық жолындағы ынтымақтастық: Қазақстанның БҰҰ-ның құрамына кіруінің 33 жылдығы және БҰҰ-ның 80 жылдығы» атты ғылыми-практикалық конференция.
Өнер • 01 Наурыз, 2025
Тіршіліктегі толассыз күрестердің ең үлкені – өмір үшін күрес. Аманат сапардың ақырғы нүктесіне алқынбай жетіп, өлімді қасқайып қарсы алам деу бекер. Сағатын шегерудің сәті болса, жұмыр басты пенде қолдағы барын беріп жан дәрмені қалғанша жанталасар еді. Бұл кепті сурет тілімен сөйлеткен Камиль Муллашевтің «Өмір үшін күрес» деп аталған трагедиялық туындысы сана-сезіміңді сілкілеп өтеді...
Көрме • 28 Ақпан, 2025
Алматыдағы Мемлекеттік орталық музейде «Жеңіс тарихы: әр сурет – бір тағдыр» атты көрме ашылды. Тағылымды іс-шара Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің Жеңістің 80 жылдығына арналған «Ер есімі – ел есінде» жалпыреспубликалық музейлік акциясы аясында ұйымдастырылды.
Айбын • 26 Ақпан, 2025
Майдан естеліктеріне арналған көрме ашылды
Алматыдағы Мемлекеттік орталық музейде «Жеңіс тарихы: әр сурет бір тағдыр» атты көрме ашылды. Тағылымды шара Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің Ұлы жеңістің 80 жылдығына арналған «Ер есімі – ел есінде» жалпыреспубликалық музейлік акциясы аясында ұйымдастырылып отыр.
Айбын • 26 Ақпан, 2025
Ұландықтар ардагерге құрмет көрсетті
Ұлттық ұланның 5514 әскери бөлімінің әскери қызметшілері мен Ардагерлер кеңесі Ұлы Отан соғысының ардагері талдықорғандық Сәрсенбай Қаңтарбай ақсақалдың шаңырағында болып, жауынгерге құрмет көрсетті.
Балалар • 25 Ақпан, 2025
Алматылықтар 158 жетім баланы қамқорлығына алды
Алматыда ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды қолдауға бағытталған бастамалар қарқынды дамып келеді. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында «Ұлттық бала асырап алу агентігі» жобасының жетекшісі Фарида Рахметова Кәсіби қабылдаушы отбасы институтын енгізуге арналған жаңа заң жобасының маңыздылығы туралы айтып берді.