Ғалымжан ЕЛШІБАЙ
Ғалымжан ЕЛШІБАЙ«Egemen Qazaqstan»
1735 материал табылды

Әйел әлемі • 08 Наурыз, 2025

Батыр ана, бақытты әже

Тағдырдың тартуы солай болған шығар, ол арқа сүйер азаматынан ерте айырылды. Шиеттей он баламен жалғыз қалған Мейізкүл Мұздыбаева белін бекем буып, өзі еркек, өзі әйел болып әрекет етуден басқа амалы қалмағанын түсінді. Ол кезде кенжесі – небәрі бір жаста еді.

Аймақтар • 04 Наурыз, 2025

Шаһарды еңселендіретін ерекше мәртебе

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан қаласына ерекше мәртебе беру туралы заңға қол қойған күнді өңір халқы ел тарихындағы маңызды оқиға ретінде бағалап отыр. Осылайша, Түркістан жаңа даму белесіне қадам басты. Қала тарихи-мәдени, экономикалық және туристік әлеуетінің деңгейін одан әрі көтереді. Яғни Ұлы Жібек жолының жүрегінде орналасқан Түркістан енді заңнамалық тұрғыдан қолдауға ие болып, ерекше басқару жүйесімен өркендей түспек. Әсіресе облыс тұрғындары бұл шешімді еліміздің тарихи құндылықтарына деген құрмет пен ұлттық жаңғырудың айқын белгісі деп қабылдады.

Оқиға • 28 Ақпан, 2025

Түркиялық медиа компания Түркістан туралы кино түсіреді

Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов Түркия мемлекетінің «Albayrak Media Group» компаниясының өкілі және «Yeni Şafak» газетінің халықаралық бөлімінің директоры Өмер Кабланмен кездесті. Тараптар Түркістан өңірін әлемдік деңгейде таныту мақсатында бірлескен жобаларды жүзеге асыру жайын кеңінен талқылады.

Жұмысшы мамандықтар жылы • 26 Ақпан, 2025

Жұмысшы мамандар: сұранысқа қарай ұсыныс

Ұлттық статистика бюросының дерегінше, Түркістан облысында еңбекке қабілетті адам саны 800 мыңнан асады. Оның 200 мыңнан астамы – жұмысшы. Бүгінде облыстағы жұмыс берушілерден 3 600-дей жұмысшы мамандыққа қажеттілік анықталған. Бұл орайда колледждерге бөлінетін мемлекеттік тапсырыс осы қажеттілікке қарай реттеледі, қажетті мамандар еңбек нарығының сұранысына қарай даярланады.

Өнер • 25 Ақпан, 2025

Түркістан «Халықаралық қолөнершілер қаласы» мәртебесін алуы мүмкін

Өткен жылы Дүниежүзілік қолөнер кеңесі ұйымының 31 мүшесі Түркістан қаласына арнайы келіп, жергілікті қолөнершілердің жұмысына жоғары баға берген болатын. Осы орайда Түркістан қаласы «World Craft Council» халықаралық ұйымына мүше болуға өтінім берген.

Экономика • 20 Ақпан, 2025

Түркістанды түлететін жобалар

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы инвестиция саласындағы жұмысты күшейту қажеттігін айтты. «Бізге сапалы инвестиция қажет екені анық. Озық технологияға негізделген және сыртқы нарыққа арналған жобаларды әдетте шетел инвесторлары ұсынады», деді Президент. Бұл орайда инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға барлық жағдай жасалған арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың алар орны ерекше.

Аймақтар • 17 Ақпан, 2025

Түркістан облысында 40 отбасы баспаналы болды

Түркістан облысы Қазығұрт ауылында 2 қабатты, 8 пәтерлі 5 тұрғын үйдің құрылысы аяқталды. Ауданға іс-сапармен барған облыс әкімі Нұралхан Көшеров тұрғын үй кезегінде тұрған 40 отбасына жаңа пәтер кілттерін тапсырды, деп жазады Egemen.kz.

Аймақтар • 17 Ақпан, 2025

Түркістандық ақсақалдар кәсіпкерлерді арақ-шарап сатпауға шақырды

Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшылығы, қалалық басқарма мамандары сауда саласындағы кәсіпкерлермен кездесу өткізіп, салық заңдылығын жан-жақты мысалдармен түсіндірген еді, деп жазады Egemen.kz.

Спорт • 17 Ақпан, 2025

Шымкенттік студент армрестлингтен «Әлем кубогін» жеңіп алды

Өзбекстанның астанасы Ташкент қаласында армрестлингтен өткен жарыста Шымкенттегі Жұмабек Ташенов атындағы университет студенті Нұрислам Амангелдіұлы «Әлем кубогын» жеңіп алды, деп жазады Egemen.kz.

Мәдениет • 14 Ақпан, 2025

«Ақбикеш» мұнарасы қайта қалпына келтіріледі

Құрамына Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдері, облыс әкімдігі, реставраторлар, авторлық қадағалау мамандары және аталған ескерткішті бұрын зерттеген сарапшылар енген жұмыс тобы қайта қалпына келтіру жұмыстары кезінде қолданылған материалдардың бұзылу себептерін анықтау мақсатында бұйрығымен құрылған. Мәдениет және ақпарат министрлігінің тарихи-мәдени мұра басқармасының басшысы Жанат Сейдалиеваның айтуынша, алдағы уақытта мұнараға консервациялық жұмыстар жүргізіледі.