
Байқау • 29 Қараша, 2024
Халық театрларының өнер сайысы
Облыстық халықтық және үлгілі театрлар байқауы өз мәресіне жетті. Ордабасы ауданында «Театр – өмір айнасы» тақырыбымен өткен байқау барысында 17 қойылым көпшілік назарына ұсынылып, аудан, қалалардан келген театрлар өзара өнер жарыстырды.
Медицина • 26 Қараша, 2024
Жасанды интеллект – маман көмекшісі
Түркістан қалалық емханасында аймақтық қызметкерлердің жұмыс жүктемесін азайту, халықпен хабарласудың тиімділігін арттыру мақсатында жасанды интеллект көмегі енгізілген. Бұл өз кезегінде мейіргерлердің уақытын, жұмыс күшін үнемдеуге көмектеседі. Жасанды интеллект пациенттерді дәрігердің қабылдауына, скринингтік тексеруден өтуге, флюорография-рентгенге түсуге, балаларды екпе алуға шақырады.
Құқық • 20 Қараша, 2024
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың Түркістан облысындағы өкілдігіне өңір тұрғындарынан биылғы он айда 156 арыз келіп түскен. Арызданушылардың басым бөлігі, нақтырақ айтсақ 35-і – сотқа дейінгі тергеп-тексеру, оның заңдылығын қадағалау мәселелерімен жүгінген.
Тұлға • 19 Қараша, 2024
Түркі тұтастығын армандаған тұлға
Түркістанда мемлекет және қоғам қайраткері, ұлтының болашағы мен түркі халықтарының бірлігі үшін күрескен біртуар тұлға Тұрар Рысқұловтың 130 жылдығына арналған «Тұрар және Түркістан идеясы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.
Еңбек • 15 Қараша, 2024
Бұл маманды арнайы іздеп келетіндер көп. Оның бір себебі, өз ісіне аса жауапкершілікпен қарап, тапсырысты сапалы атқаратындығында болса керек. Екіншіден, мұндай маман тапшы. Қызметін жоғары бағалағандардың жарнамасы арқылы қалаға да, өңірдегі аудандарға да танылып үлгерген ол тапсырыссыз қалған емес.
Аймақтар • 13 Қараша, 2024
Алаш үшін, қазақ үшін «бұлт болған айды ашқан, мұнар болған күнді ашқан» (Қазтуған) киелі төр, «қазақ рухының қағбасы» (Әбіш Кекілбайұлы) Ордабасыда ауданның құрылғанына 60 жыл толуына орай мерекелік іс-шара өтті.
Ауыл • 09 Қараша, 2024
Малшы қауым зоотехник іздеп жүр
Мал шаруашылығы саласындағы маңызды мамандардың бірі зоотехниктердің кешегі кеңестік кезеңде беделі жоғары болатын. Ал бүгінде елімізде зоотехник жетіспеушілігі айқын сезіледі. Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің деректеріне қарағанда, елімізде 700 зоотехник жетіспейді екен. Түркістан облысының Ордабасы ауданында Беларусь технологтерінің еңбек етіп жүргені – маман тапшылығының бір көрінісі.
Руханият • 07 Қараша, 2024
Түркістан облысы Түлкібас ауданының Абай ауылында халықаралық ғылыми конференция өтті. Иә, халықаралық деңгейдегі басқосулардың ірі мегаполисте немесе облыс орталықтарында ұйымдастырылатыны мәлім, бұл конференцияның бір ерекшелігі де талқыланған тақырыпқа арқау болған тарихи нысан – «Мұхаммед Нұран баб» кесенесінің ашылуына орайластырыла өткізілуінде еді. Кесене – бабтар дәуірінен жеткен жалғыз жазба ескерткіш.
Өндіріс • 05 Қараша, 2024
Жеңіл өнеркәсіптің өрісі кеңейеді
Облыс орталығында орналасқан «Turkistan» индустриялық аймағында жеңіл өнеркәсіп бағытында жұмыс істеп жатқан кәсіпорындар аз емес. Солардың бірі – ашылғанына жылға жуықтаған «Қазақстан 2023 Қытай» ЖШС. Былтыр облыс әкімі Дархан Сатыбалдының бастамасымен аудандардың, тиісті басқармалардың басшылары және өңірдегі кәсіпкерлердің Қытай Халық Республикасына жасаған сапары аясында 10 компаниямен 2 трлн 648 млрд теңгені құрайтын меморандумға қол қойылған болатын. «Қазақстан 2023 Қытай» кәсіпорны да екі елдің сауда-экономикалық ынтымақтастығының нәтижесінде ашылып отыр.
Тағзым • 31 Қазан, 2024
Қазығұрт ауданы орталығында орналасқан мектеп-гимназияға жазушы, драматург, қоғам қайраткері Қалаубек Тұрсынқұловтың есімі берілді.