
Аймақтар • 29 Ақпан, 2024
Мәдениет үйі жиналыстың ғана орны емес
Киелі Түркістанның, облыстың мәдениет саласындағы брендін жан-жақты қалыптастыру қажет. Бишілер де, әншілер мен ансамбльдер де Түркістаннан екенін білдіріп тұратын сәнді киіммен өнер көрсетуге тиіс. Түркістан рухани астана болғандықтан, туристер мәдениетімізді, ежелгі дәстүрімізді көргісі келеді. Кітапханалар көптеп ашылып, оқу мәдениетін қалыптастыру керек. Ал Мәдениет үйлері тек жиналыс өткізетін орынға айналмауға тиіс.
Спорт • 28 Ақпан, 2024
Түркістанда дзюдо күресінен жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында Қазақстан чемпионаты өтті. Ел біріншілігіне Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен 17 облыстан 820 жас татами шебері қатысып, 8 салмақ дәрежесінде күш сынасты.
Көрме • 28 Ақпан, 2024
Облыс баспасөзінің қарашаңырағы саналатын «Оңтүстік Қазақстан» қоғамдық-саяси газеті ғасыр бойы өңірдің шежіресін жазып келеді. Басылымның мерейтойын атап өту мақсатындағы іс-шаралар аясында Түркістанда «Ескірмейтін естелік» фотокөрмесі ұйымдастырылды.
Аймақтар • 22 Ақпан, 2024
«Көксарайға» көп су жинау қауіпті
Түркістан облысында 42 су қойма, 149 өзен, 2 табиғи көл, барлығы 182 су нысаны бар. Су қоймаларының толуы – 40-45%, ал «Шардара» су қоймасы мен «Көксарай» су реттегішінде тасқын суды қабылдауға шамамен 2,8 млрд текше метр көлемінде бос қоры бар. Су қорғау аймақтары мен белдеулерінде 34 190 тұрғын үй орналасқан. Өңірде су тасқыны қаупі бар бір елді мекен айқындалған. Ондағы 665 үйде 1 620 адам тұрады.
Аймақтар • 16 Ақпан, 2024
Былтыр дәл осы уақытта Мәжіліс пен жергілікті мәслихаттар депутаттығына кандидаттар ұсыну аяқталып, ресми тіркелген партиялар сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарына дайындықты пысықтап жатқан болатын. Саяси ұйымдар да, өзін-өзі ұсынған үміткерлер де үгіт-насихат кезінде сайлаушыларды сендіріп, өз мүмкіндіктерін сездіріп, бағдарламаларын жария етті. Қарапайым тілмен айтқанда, уәде берді. Уәде – шыншылдық пен әділдіктің бауыры. Ал уәдені орындау – адами қарым-қатынастың маңызды бөлігі. Бүгінде жыл бұрын сайлаушыларға берген уәденің қаншалықты орындалғанын немесе жүзеге асырылу барысын жұрттың білгісі келетіні анық.
Аймақтар • 15 Ақпан, 2024
Қысы жайлы, қар ұзақ жатпайды дейтін Түркістан өңірі тұрғындары үшін биылғы қаңтар мен ақпан боранды күндерімен, сықырлаған аязымен де ерекшеленді. Әсіресе, таулы аудандарда ауа райы аяқ астынан құбылып, жапалақтап жауған қарды жел көтеріп, аяғы алай-дүлей боранға ұласқан күндер көбейді.
Білім • 05 Ақпан, 2024
Қазақ-корей бірлескен білім ордасы
Түркістан облысында IT, ауыл шаруашылығы мен техникалық сала мамандарын даярлауға басымдық беріледі. Қазіргі таңда өңірдегі екі халықаралық университетте 12 мыңға жуық студент білім алып жүр. Алдағы уақытта қазақ-корей бірлескен білім ордасын ашу жоспарланып отыр.
Өнер • 31 Қаңтар, 2024
Төлеби ауданы Кемеқалған ауылдық округінің тұрғыны Сабыр Есқараев ағаштан ою ойып, қазақтың ұлттық нақыштағы тұрмыстық және жәдігерлік бұйымдарын жасайды.
Ауыл • 30 Қаңтар, 2024
Әлеуетті арттыратын бағдарлама
Ауыл тұрғындары бүгінде тұрмыс-тіршілікке қажеттіні іздеп алысқа бармайтын болған. Наубайхана, ет-сүт өнімдерін шығаратын шағын кәсіпорындар әр ауылда дерлік бар. Қысқасы, дастарқанға қояр дәм-тұз өз бау-бақшасы мен қора-жайынан немесе ауылдасынан табылады, артылғанын қалаларға апарып саудалайтындар да аз емес. Құрылысқа қажетті материалдарды шығарушылар да баршылық. Ауылдағылар мұндай мүмкіндікті «Ауыл аманаты» бағдарламасымен байланыстырады.
Аймақтар • 28 Қаңтар, 2024
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында инвестицияның жетіспеуі экономиканың өсімін тежеп тұрған басты мәселе екенін, оның тапшылығы болашақта тоқырауға әкеп соқтыратынын ескерткен болатын. Жыл басында «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында инвестиция тарту маңызды міндет екенін атап өтті. «Қомақты инвестиция болса, экономика қарқыны үдейе түседі және жаңа мүмкіндіктер пайда болады. Осы орайда мен жақында Инвестиция штабын құру туралы Жарлыққа қол қойдым. Бұл штабқа еліміздегі инвестициялық ахуалды жақсарту және инвестициялық жобаларды сапалы жүзеге асыру үшін ауқымды өкілеттік берілген», деді Президент.