
Медицина • 28 Маусым, 2023
Маман тапшы, техника тозған...
Денсаулық сақтау саласына өңірде ерекше көңіл бөлініп келеді. Жаңа ауруханалар салынып, заманауи жабдықтармен қамтылып жатыр. Дегенмен Түркістан облысында медициналық құрал-жабдықтардың 45%-ы тозған. Кей аудандарда денсаулық сақтау нысандарының жай-күйі қанағаттанарлықсыз жағдайда, 257 дәрігер маман жетіспейді. Одан бөлек, тұрғындар тарапынан түсетін өтініштер мен шағымдар да аз емес.
Аймақтар • 22 Маусым, 2023
«Айбынды аула» – бас жүлде иегері
Балаларды патриоттыққа баулитын, татулыққа, бірлікке үндейтін «Айбынды аула» анимациялық фильмінде ауладағы оқиғалар баяндалады. Қызықты оқиғалар арқылы көрерменді баурап алатын фильм режиссері Азамат Ерназаровтың креативті идеясы жоғары бағаланып отыр. Енді аталған анимациялық фильмді «Оңтүстік фильм» кеңінен насихаттап, аудан, ауылдарда көпшілікке ұсынылмақ.
Жоба • 13 Маусым, 2023
Үйлестіру жұмысындағы үйлесімсіздік
Түркістан облысында «Ауыл аманаты» жобасын үйлестіру жұмыстары әлі де сылбыр. Осы жобаға қатысты басқармалар, қаржылық мекемелер, «Ырыс» қаржы ұйымы, «Түркістан» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ, әкімдер, кәсіпкерлікке қолдау көрсету орталықтары жұмысты жандандыруы тиіс. Әрбір аудан және ауылдық округ әкімдеріне үлкен жауапкершілік пен ізденіс, еңбекқорлық керек.
Қылмыс • 13 Маусым, 2023
«Үй тирандары» жауапқа тартылады
Еліміздегі қылмыс деңгейі жыл басынан бері 19 пайызға төмендеген, ал Түркістан облысы республика бойынша қылмысы ең аз өңірлер қатарында. Дегенмен қылмыстың жасалуына әлеуметтік-экономикалық факторлардың әсері басым. Сондықтан оған ықпал ететін себеп пен жағдайды жою маңызды. Осы орайда Ішкі істер министрлігі қоғамдық қауіпсіздікті жұртшылықпен серіктестікте қамтамасыз етудің тұжырымдамасын әзірлеп жатыр.
Тарих • 08 Маусым, 2023
Тарих – ел тұтастығының арқауы
Биыл Үкімет басшысының қаулысы негізінде 2023-2025 жылдарға арналған мерейтойлар тізіміне «Ақтабан Шұбырынды, Алқакөл сұлама» кезеңінен сыр шертетін «Елім-ай» дастанының 300 жылдығы енгені белгілі. Сонымен бірге аса күрделі кезеңде еліміздің солтүстігін жаудан да, даудан да қорғаған тұлға Қожаберген Толыбайұлының (1663-1763) дүниеге келгеніне 360 жыл. Түркістан шаһарының «Фараб» кітапханасының акт залында осы айтулы даталарды байыптаған ғылыми конференция өтті.
Ұстаз • 04 Маусым, 2023
Төлеби ауданы Алғабас елді мекеніндегі жалпы орта мектепке мемлекет және қоғам қайраткері Сәдуақас Темірбековтің есімі берілуіне байланысты арнайы іс-шара өтті. Ғалымның бюсті мен мұражай кабинеті ашылды.
Байқау • 04 Маусым, 2023
Түркістан облысының 8 оқушысы жас суретшілердің «Бояулар құпиясы» республикалық байқауына жолдама алды. Түркістандағы «Оқушылар сарайында» өткен байқаудың облыстық кезеңінде олар бірінші орынды иеленді.
Аймақтар • 31 Мамыр, 2023
Тоқсандағы қарияның билікке базынасы
Шымкент қаласының тұрғыны Өркен Әбдіреев қарияны, әсіресе журналистер жақсы таниды. Қала әкімі мен әкімдік қызметкерлеріне де өз аға-аталарындай жақсы таныс. Өткені қария қоғамдық, әлеуметтік мәселелерді қозғап әкімдікке жиі барады. Нәтиже шықпай жатса немесе жауаптылардың әрекетіне көңілі толмаса ақпарат құралдарына хабарлайды.
Өндіріс • 31 Мамыр, 2023
Түркістан облысында мақта кластерін дамыту мақсатында шитті мақтаны сатудан бөлек, мақта талшығын терең қайта өңдеуге басымдық беріледі. «Turkistan» индустриалды аймағында жеңіл өнеркәсіп жетекші салаға айналмақ.
Аймақтар • 24 Мамыр, 2023
Жазғы демалысқа дайындық қалай?
Түркістан облысында биыл 40 мыңнан аса бала жазғы сауықтыру лагерлерінде демалады. Оның ішінде әлеуметтік жағдайына байланысты 23 мыңнан аса оқушы бюджет есебінен, 3 390 бала «Қазақстан халқына» қоры есебінен жазғы сауықтыру лагерлерімен тегін қамтылады. Ал 1 050 бала республикалық оқу-сауықтыру лагерлеріне барады.