Сәндібек АСАНӘЛІ
Сәндібек АСАНӘЛІ«Egemen Qazaqstan»
173 материал табылды

Денсаулық • 12 Ақпан, 2025

Медициналық пойыздың көмегі

«Саламатты Қазақстан» пойызы өткен жылы өңір-өңірді аралап, ауыл тұрғындарына медициналық көмек көрсетті. Мамыр айында жолға шыққан пойыз жыл аяғына дейін 17 облыстағы стационарлық медициналық пункті жоқ аудандарға қатынап үлгерді. Медицина мамандарынан құралған топ жұмысын су тасқынымен алысқан елдің батысындағы өлкелерден бастағаны да ұтымды шешім болды.

Экономика • 11 Ақпан, 2025

«Жасыл» экономика – жаңғыруға жаңа мүмкіндік

Климаттың өзгеріп, ресурстардың түгесіліп бара жатқаны әлем халықтарын, соның ішінде бизнесті тұйыққа тіреп отыр. Көміртегі шығарындылары мен басқа да ресурстарды тиімсіз пайдалансақ, осы әрекетімізбен экожүйеге қауіп төндіреміз. Экологиялық факторларды ескермейтін компаниялардың көміртегі салығы енгізілген Еуропалық одақ сияқты нарықтарда бәсекеге қабілеттілігін жоғалту қаупі бар. Ал «жасыл» экономика табиғи ресурстарды тұрақты пайдаланып қана қоймай, жаңартылатын энергия көздерін дамытуға ықпал етеді. Осы арқылы табиғат ластануының алдын алуға болады.

Еңбек • 08 Ақпан, 2025

Еңсені биіктеткен еңбек жобасы

Еңбек нарығында біліктілігі бар, тәжірибесі мол жұмысшы мамандарға әр кез сұраныс болады. Ірілі-ұсақты зауыттар, әлбетте, жұмыс күшінсіз іс тындыра алмайды. Осыған қарамастан жұмысшы мамандығын оқыса да жұмыс таппай жүргендер көп. Еңбек нарығында біліктілігі бар, тәжірибесі мол жұмысшы мамандарға әр кез сұраныс болады. Ірілі-ұсақты зауыттар, әлбетте, жұмыс күшінсіз іс тындыра алмайды. Осыған қарамастан жұмысшы мамандығын оқыса да жұмыс таппай жүргендер көп.

Қоғам • 06 Ақпан, 2025

Бала келешегі – балабақша кезегінен

Ұлттық білім беру деректер қорының мәліметі бо­йынша, елімізде 986 мыңнан аса баланы қамтитын 11 681 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді. Оның ішінде 5 476 мемлекеттік балабақшаға – 467 мың бала, 6 205 жеке­мен­шік ұйымға 519 мың бала барады.

Фармацевтика • 04 Ақпан, 2025

Дәрі-дәрмекті есепке алу жүйесі жаңарады

Былтыр дәрілік препараттарға баға белгілеу жүйесін жетілдіру мәселесі бірнеше рет талқыланды. Дәрі-дәр­мектердің объективті құнын қалыптастыруда баламалы ақпаратты пайдалануға негізделген ашық, тиімді тетіктерді құрудың маңызы жөнінде айтылды. Айтса айтқандай, биыл елде дәрілік заттарға баға белгілеудің тетіктері жаңаратын болды.

Марапат • 01 Ақпан, 2025

Аламанның үздіктері анықталды

Ұлттық спорт қауым­дастығы ұйым­дас­тырған «ALAMAN» ха­лық­аралық медиа бай­қауында әріптесіміз, «Әлеу­мет және спорт» бөлімінің тілшісі Қуаныш Нұрданбекұлы топ жарды.

Еңбек • 29 Қаңтар, 2025

Жасты еңбек шыңдайды

«Еңбек пен бақыт – егіз» деген қанатты қағида бар. Мейлі малшы, диқан, дәрігер, мұғалім болсын, кім өз жұмысын адал әрі мінсіз атқарса, сол адам қоғамда құрметке бөленеді, табысқа кенеледі, қатарының, әріптестерінің алды болады. Сол тұрғыда сан салалы жұмысшы мамандығын шебер меңгерген, тіпті зиянды еңбек жағдайында жұмыс істеуден қашпайтын бейнеткеш еңбеккерлер – өзі таңдаған саланың нағыз майталманы, үздігі.

Қоғам • 25 Қаңтар, 2025

Көпбалалы отбасы қанша жәрдемақы алады?

Былтыр көпбалалы отбасыларға, наградталған аналарға берілетін мемлекеттік жәрдемақымен орта есеппен 818,1 мың отбасы қамтылды. Көрсетілген көмектің жалпы сомасы 546,3 млрд теңге мөлшерінде болды. Көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы 579,5 мың отбасыға 474,1 млрд теңге мөлшерінде тисе, наградталған анаға берілетін жәрдемақы 238,5 мың адамға, жалпы сомасы 72,1 млрд теңге мөлшерінде төленді.

Медицина • 17 Қаңтар, 2025

Медицина саласы: мақсат пен меже

Денсаулық сақтау саласына бөлінген қаржы жылдан-жыл­ға көбейетін – табиғи үдеріс. МӘМС жүйесі енгізілгелі бері оның көлемі еселеп артты. Меди­ци­налық қызмет, жоғары техно­­ло­гиялық операциялар бұрын­ғы­­дан қолжетімді бола бастады. Дегенмен Президент Қ.Тоқаев Жолдауда атап өткендей, был­тыр денсаулық сақтау саласына бюджеттен қаралған 3,3 трлн теңге қаржының нәти­жесі сон­шалықты көрінбеді. Сол тұр­ғы­да биыл кем-кетіктің орнын тол­ты­ратын шешімдер қабылдана ма?

Қаржы • 16 Қаңтар, 2025

«Ұлттық қордың» балаларға шапағаты

Құқықтық мемлекетте, әділет­ті, ашық қоғамда білімді, бәсе­кеге қабілетті балалар таршы­лық көрмей өсуге тиіс. Кешегі мұғалім­дердің мәртебесін арттыруға негіз болған бағдарламалардың, «Жайлы мектеп» жобасының шарапаты түптеп келгенде жас буынға тиеді. Балалар жылы аясында Мемле­кет басшысы ұсынған «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасының мән-маңызы ерекше. Былтыр осы бағдарлама шеңберінде 7 миллионға жуық балаға қаржы түскен.