
Отбасы • 23 Қазан, 2023
Демографиялық саясат – мемлекет дамуының негізі
Елімізде Отбасылық, гендерлік және демографиялық саясат саласындағы ғылыми-зерттеу ұйымдарының консорциумы құрылды. Жаңа бірлестік тиянақты көзқарасты күшейтіп, саланың одан әрі дамуына ықпал етеді. Бұл туралы «Отбасы – Қазақстанның тұрақты демографиялық дамуының негізі» атты халықаралық конференция барысында айтылды.
Балалар • 17 Қазан, 2023
Баланы зорлық-зомбылықтан қалай қорғаймыз?
Бас прокуратураның ақпаратына сүйенсек, елімізде 2017 жылдан 2022 жылға дейінгі аралықта кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық зорлық-зомбылық сипатындағы 4 729 қылмыс жасалған. Бұл – жылына орта есеппен мұндай 788 факті тіркеледі деген сөз. Ал биылғы алты айдың өзінде 250-ден астам іс қозғалған.
Қоғам • 11 Қазан, 2023
Қазір жастардың 36,5 пайызы үй жалдап тұрады. Ал 22,5 пайызы туысының баспанасын жағалап жүр. Бұл мәліметтер «Жастар» ғылыми зерттеу орталығы жүргізген сауалдама нәтижесінде белгілі болды. Сауалдамаға еліміздің түкпір-түкпіріндегі 14 пен 35 жас аралығындағы 2 мың азамат қатысқан.
Саясат • 09 Қазан, 2023
Мәдени даму және мемлекеттік ұстаным
Биылғы тоғыз айда интернетте үгіт-насихат, терроризм және діни экстремизм қағидаларын қамтитын 14 860 материал жарияланған. Бұл – Мәдениет және ақпарат министрлігінің әлеуметтік желілерге жүргізген мониторингі кезінде анықталған сан. Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте сала басшысы Аида Балаева осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстарға жан-жақты тоқталды.
Сайлау • 09 Қазан, 2023
249 азамат әкім болудан үмітті
Орталық сайлау комиссиясы саяси науқанға дайындық жұмыстарының қорытындысын шығарды. Бүгінде республика бойынша барлығы 249 үміткер тіркелген. Оның 64 пайызы – өзін-өзі ұсынушылар. Бұл жөнінде Орталық сайлау комиссиясының отырысында белгілі болды.
Қоғам • 04 Қазан, 2023
Алқалы жиынның арқауы – Ана даналығы
Ел халқының 51 пайызы – әйелдер. Алайда республиканың 20 өңіріндегі атқарушы органдардағы нәзік жандардың жалпы үлесі 17,8 пайыз ғана. Ашып айтсақ 75 орынбасардың ішінде 4-і ғана әйел. Осындай өзекті мәселені Мәжіліс депутаты Қарақат Әбден «Ұлт рухының ұясы – Ауыл-Ана» атты алқалы жиында көтерді.
Құқық • 03 Қазан, 2023
Борышкерлер қарызы – 7 млрд теңге
Елімізде 132 нотариус тәртіптік жауапкершілікке тартылған. Ал 76-сының лицензиясы уақытша тоқтатылса, 16 тұлғаға түрлі заңды әрекеттер мен құжаттарды куәландыруға шектеу қойылған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте Әділет министрі Азамат Есқараев мәлімдеді.
Қоғам • 29 Қыркүйек, 2023
Қазір жұрттың көбі, әсіресе жастар жағы «шаршағаныңды басатын, көңіліңді ашатын» энергетикалық сусынды көп ішеді. Сергек жүру үшін сергіткіш сусынды пайдалану қалыпты жағдайға айналды.
Әскер • 21 Қыркүйек, 2023
Отставкадағы генерал-майор Геннадий Носоновскийдің Әскери-тарихи музейде елордалық оқушылармен өткен кездесуі Танкист күніне орайластырылды.
Сұхбат • 17 Қыркүйек, 2023
Жаңа медиа және қазақша контент
Жуырда Алматыда Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен алғаш рет Жаңа медиафорумы өтті. 400-ге жуық сарапшы қатысқан іс-шарада медиа саласындағы өзекті мәселелер талқыланды. Форумды ұйымдастыруға жақында күшіне енген «Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы» заң арқау болды. Осы орайда біз дөңгелек үстел басына панельдік сессияларда сөз сөйлеген сарапшыларды жаңа медианың болашағын жан-жақты талдауға шақырдық.