Зейін ЕРҒАЛИ
Зейін ЕРҒАЛИ«Egemen Qazaqstan»
594 материал табылды

Саясат • 10 Қаңтар, 2025

Өндірістік және әлеуметтік нысандарды аралады

Мәжіліс депутаттары өңірдегі жұртшылықпен жүздесуін жал­ғастырды. Кеше бір топ халық қалаулылары Те­мір­тау қаласындағы газ тарату желілерінің, енді бірі Маң­­ғыс­тау облысындағы күн, жел және газ энергиясымен жұ­мыс істей­тін электр стансасының құрылыс барысымен танысты.

Қоғам • 07 Қаңтар, 2025

Жұртшылықты заңнамалық өзгерістерден хабардар етеді

Елімізде шешімін таппай отырған мәселелер жетерлік. Әсіресе әлеуметтік салада электр энергиясы, жылу, азаматтардың жұмыссыздығы мен ауызсу секілді қорда­ланған, депутаттардың араласуын күткен проблемалар аз емес. Осы мақсатта халық қалаулылары жаңа жылды өңірлерді аралаумен бастады.

Қоғам • 01 Қаңтар, 2025

Халық Ассамблеясы: 30 жылдық өріс

Биыл – Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл. Тұрақ­тылық пен бейбітшіліктің жаршысына айналған ұйымның мерейлі белесін мерекелеу аясында 150-ден аса іс-шара ұйымдастырылады. Бірақ бүтін елге маңызды датаны атап өтуде ысырапшылдық пен артық шығынға жол берілмейді.

Үкімет • 27 Желтоқсан, 2024

Денсаулық сақтау мәселесіне қатысты құжат жобасы мақұлданды

Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төраға­лығы­мен жалпы отырыс өтті. Жиында депутат­тар денсаулық сақтау са­ла­сындағы нормалардың артық (шамадан тыс) заңнамалық регламенттелуін болғызбау туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Сон­дай-ақ Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы заң мен оған ілеспе түзетулерді және пошта туралы құжат­ты екінші оқылымда қабыл­дады. Бұған қоса екі құжат­ты ратификациялады.

Сұхбат • 10 Желтоқсан, 2024

Ержан ЖЫЛҚЫБАЕВ: «Таза бейсенбі» – ортақ мақсатқа топтастыратын маңызды жоба

Елімізде «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында «Amanat» партиясының «Таза бейсенбі» эко-челленджі жалғасты. Қоршаған ортаны сақтап, экологиялық мәдениетті қалыптастыруды көздеген бастамаға әр апта сайын еліміздің түкпір-түкпіріндегі ерікті жастар, белсенді студенттер, түрлі мекеме қызметкерлері мен ғалымдар да атсалысып келеді. Осы орайда партия хатшысы Ержан ЖЫЛҚЫБАЕВТАН жалпыұлттық науқан аясында атқарылып жатқан жұмыс төңірегінде сұхбаттасқан едік.

Волонтер • 07 Желтоқсан, 2024

Үздік волонтерлер марапатталды

Жылдың үздік волонтерлері анықталды. Халықаралық сыйлық биыл 15 бағыт бойынша үлестірілді. Конкурсқа барлығы 118 өтінім түскен. Нәтижесінде, озық болған 47 үміткер іріктеліп, сыйлық иегері атанды.

Жастар • 07 Желтоқсан, 2024

Жайлы жер іздеп кетті деп...

Кейінгі жылдары жастар арасында ішкі-сыртқы көші-қон мәселесі өткір тұр. Яғни жас буын, әсіресе білікті мамандар орнығудың не уақытша тұрудың қамымен бірі шекара асса, енді бірі республиканың ірі мегаполистеріне көшіп жатыр. Бұл үрдіс тұрақты табыс көзіне айналған жаңа мамандықтарды игеруге, интеллектуалды тұрғыда көкжиегін кеңейтуге, тұрғын үй мен әлеуметтік қорғауға қол жеткізуге, балаларына сапалы білім беруге, тегін медициналық көмек алуға және басқа да түрлі экономикалық факторларға байланысты жиілеп кетті. Мұны реттеудің жолы бар ма?

Қоғам • 06 Желтоқсан, 2024

Жаңа тұжырымдама таныстырылды

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі журналистерге арнайы баспасөз турын ұйымдастырды. Іс-шараға 50-ге жуық медиа өкілі қатысты. Қатысушылар мемлекеттік қызметшілердің коммуникативтік дағдыларын жетіл­діруге арналған медиа-орталық, агенттік пен Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының тарихи мұражайы, цифрлық коворкинг-залы, кітапхана жұмысымен танысты.

Волонтер • 05 Желтоқсан, 2024

Волонтер – ізгілік өлшемі

Бүгін – Халықаралық волонтер күні. Осынау мереке елімізде де ерекше атап өтіледі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзгеге қолұшын созған жандар­дың әрдайым құрметке бөлене­тінін әрі олар мейірімділік пен сүйіспеншіліктің, тілектестік пен жауапкершіліктің озық үлгісі, шынайы отаншылдықтың айқын көрінісі екенін айтып, волонтерлер қозғалысына үлкен көңіл бөліп келеді. Міне, бүгінде республика бойынша 240 мыңнан аса белсенді волонтер, 740 еріктілер ұйымы мен мыңнан аса бастамашыл топ жемісті жұмыс істеп жатыр.

Саясат • 30 Қараша, 2024

Әйелдер мен балалар қауіпсіздігі басты назарда

Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасы­лық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия отырысы өтті. Жиында әйел тергеушілердің әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық қылмыстарын тергеуге мамандануы және әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі Ішкі істер органдары бөлімшелерінің қызметі талқыланды.