
Марапат • 17 Тамыз, 2024
Астанада жас мамандарға арналған «Jas кeñes sı ylyğy» сыйлығының иегерлері анықталды. Марапат биыл алғаш рет тағайындалып отыр. Президент жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес мүшелері бастамашы болған іс-шараға Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин, Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева, Мәжіліс депутаттары, белгілі спортшылар мен қоғам қайраткерлері және жастар өкілдері қатысты.
Жастар • 16 Тамыз, 2024
Жастардың бүгінгі бейнесі қандай?
Жастардың сұранысы, қажеттілігі, құндылығы мен әлеуметтік-саяси көзқарасы тұтас қоғамның жағдайын бақылауға мүмкіндік береді. Себебі еліміздің әрбір үшінші тұрғыны – жастар. Сондықтан «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы сарапшылары Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырмасымен жыл сайын дәстүрлі түрде «Қазақстан жастары» ұлттық баяндамасын әзірлейді. Биылғы жас отандастарымыздың бейнесі қандай?
Жоба • 13 Тамыз, 2024
Елімізде ұлттық жастар онкүндігі қорытындыланды. Мерекелік бағдарлама әр өңірде ашық аспан астындағы «Жастармен бірге» концертімен түйінделді. Республика бойынша 3-12 тамыз аралығында барлығы 5 мыңнан астам іс-шара өткізілді.
Жастар • 10 Тамыз, 2024
«Ассамблея жастары» халықаралық ұйымдармен ықпалдастық орнатуға ниетті. Осы мақсатта ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде Қазақстан халқы Ассамблеясының және «Ассамблея жастары» ұйымының қызметін таныстыру жоспарланды. Оң бастама ұйымның Халықаралық Жастар қауымдастығы құрамына енуіне жол ашады. Бұған еліміздің Сыртқы істер министрлігі септеседі.
Саясат • 10 Тамыз, 2024
Мақсат – ортақ медиа-платформа құру
Орталық Азия елдеріне ортақ өңірлік медиа-платформа жасақталады. Бұл туралы Астанадағы Тәжікстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Қырғызстан елдерінің БАҚ мәселелері бойынша уәкілетті органдарының консультативтік кездесуінде айтылды. Мақсат – ақпарат кеңістігіндегі байланысты күшейтіп, түрлі сын-қатерге бірлесе қарсы тұру.
Айбын • 09 Тамыз, 2024
«Көгілдір береттер» дайындығын шыңдады
«Көгілдір береттер» бөлімше құрамында әрекет ету дағдыларын шыңдады. Практикалық сабақтар Алматы, Қонаев және Жетісу гарнизонындағы барлық оқу полигондарында ұйымдастырылды. Үш күн ішінде әскери қызметшілер дала жағдайында машықтанып, бөлімшелердің үйлесімділігін жетілдірді. Атыстар күндізгі және түнгі уақытта жауынгерлік жағдайда жүргізілді.
Құқық • 08 Тамыз, 2024
Қаһарман полицейдің есімі ұлықталды
Ішкі істер министрінің орынбасары Айдар Сайтбеков Ақтөбе облысына барды. Іссапар барысында полиция департаментінің жеке құрамымен кездесу өткізді. Жиында министрдің орынбасары жұмыстың ауқымдылығын атап өтіп, қоғамдағы қылмыс пен құқық бұзушылыққа қарсы күрестегі міндеттерді тағы бір мәрте түсіндірді. Сондай-ақ ерлікпен қаза тапқан полицейдің есімін ұлықтау рәсіміне қатысты.
Айбын • 08 Тамыз, 2024
Әскери теңізшілер және қауіпсіздік қағидаты
Әскери теңізшілер Қонаев қаласында нысандарды минадан тазартты. Әскери-теңіз күштері бөлімшелерінің оқыту сабақтары Қапшағай су қоймасының жағалау учаскесінде, 20030 әскери бөлімінің аумағында өтті.
Саясат • 08 Тамыз, 2024
Қала аудандарының жұмыс барысы
Сенат депутаты Андрей Лукин елордадағы Байқоңыр және Нұра аудандарының дамуы мен әлеуметтік мәселелерін талқылады.
Қоғам • 06 Тамыз, 2024
Этномедиация – татулық пен келісім құралы
Республикалық этномедиация кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Жиынға Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясында жүктеген міндеттері арқау болды. Қатысушылар елдегі этнос өкілдерін ұйыстырып, бірлікті бекемдей түсудегі ұлттық құндылықтарды дәріптеу, этномедиация институтын дамыту тапсырмасының орындалу барысын талқылады.