
Үкімет • 17 Қазан, 2024
Бюрократиядан арылтудың заңнамалық негіздері пысықталды
Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен палатаның жалпы отырысы өтті. Жиында Мәжіліс комитеттері депутаттардың қолдауымен «Мәдениет туралы» заңға өзгерістер енгізу, денсаулық сақтау саласындағы нормалардың артық заңнамалық регламенттелуін болғызбау, инновациялық қызмет саласын мемлекеттік қолдау жүйесін жетілдіру, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заң жобаларын қарап, жұмысқа қабылдады.
Білім • 12 Қазан, 2024
Оқу бағдарламаларын жетілдіру – уақыт талабы
Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінде оқу бағдарламаларының мазмұнын жаңарту жөнінде тақырыптық отырыс өтті. Жиында қазіргі оқу бағдарламасына қатысты бірқатар ұсыныс пен цифрлық технологияны кеңінен пайдалану сынды мәселелер көтерілді.
Жастар • 11 Қазан, 2024
Қолдауға лайық жастар бастамалары
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев референдумда дауыс бергеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне өткізген брифингінде: «Жастарды қолдаймын. Мемлекетіміздің келешегі – жастардың қолында. Бұл – жай ұран емес, біздің басты саясатымыз», деді. Ендеше, елде жастар бастамаларын қолдау қалай жүргізіліп жатыр?
Жоба • 11 Қазан, 2024
Жұмыс табуға септесетін платформа
Елордалық жұмыссыз жандарды жарылқаған «Joltap» жобасы «Jumystap.kz» платформасын іске қосты. Жаңа қосымшаға екі ай ішінде 30 мың адам кіріп, оның 7 мыңы тіркелген. Ендеше, бұл бастаманың мақсат-міндеті қандай?
Жастар • 11 Қазан, 2024
Референдум аяқталғаннан кейін жастар үгіт-насихат материалдарын жинау акциясын бастады. «Amanat» партиясының жас белсенділері бұл қадамды саяси жауапкершілікті арттырудың, қоршаған ортаға қамқорлық жасаудың бір бөлігі дейді.
Заң • 10 Қазан, 2024
Сот жүйесін реформалау туралы заң жобасы қабылданды
Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен палатаның жалпы отырысы өтті. Жиында депутаттар сот жүйесін реформалау және процестік заңнаманы жетілдіру туралы заңды екінші оқылымда қабылдады. Сондай-ақ Қазақстан мен Қатар үкіметтері арасындағы әскери ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялады.
Референдум 2024 • 08 Қазан, 2024
Референдум ашық, еркін әрі заңды деп танылды
Референдумды бастан-аяқ бақылаған халықаралық ұйымдардың миссия мүшелері қорытынды брифинг өткізді. Баспасөз мәслихатында шетелдік байқаушылар елімізде атом электр стансасын салу мәселесіне қатысты қоғамдық науқанды жоғары бағалады.
Айбын • 08 Қазан, 2024
Маңғыстау өңірінде әскерилер дәстүрлі оқу-жаттығуын өткізді. Әскери-теңіз күштерінің жиын-жорығында теңіз жаяу әскерлері десанттық-шабуылдау батальонының жеке құрамы Каспий теңізінің жабдықталмаған жағалауына десант түсіру мен плацдармды басып алу операцияларын сәтті орындады.
Референдум 2024 • 07 Қазан, 2024
Референдумды әлемнің 30 елінен 177 байқаушы қадағалады
Елдегі жалпыұлттық референдумның өту барысын халықаралық 4 ұйымның өкілдері де бақылады. Атап айтсақ, Тәуелсіз мемлекеттер достастығы ұйымы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Түркі мемлекеттері ұйымы, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес. Олар арнайы баспасөз мәслихатында референдум учаскелерінде ешқандай құқықбұзушылық тіркелмегенін мәлімдеді.
Мәдениет • 04 Қазан, 2024
«VІІI Абай оқулары» байқауының жеңімпаздары анықталды
Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқармасына қарасты Президенттік орталықта қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған «VІІI Абай оқулары» жыл сайынғы әдеби байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.