
Жастар • 09 Қараша, 2024
«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы биылға екінші жаңа талдамалық жинағын жариялады. Әлеуметтанулық зерттеуде шекара маңы өңірлеріндегі жас буынның оқу және еңбек көші-қонының ерекшеліктері сарапталған. Құжат Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша әзірленген.
Қоғам • 09 Қараша, 2024
«World Population Review» зерттеуінше, Қазақстан есірткі тұтыну жөнінен әлемде ондыққа кірген. Ең сорақысы, делдалдардың шамамен 55%-ы – 18 бен 35 жас аралығындағы азаматтар.
Сұхбат • 09 Қараша, 2024
Озық идеяларды насихаттау алаңы
«ÓzgeEpic» креатив хабында «Isker talks» жобасы белсенді жұмыс істеп келеді. Бастама қоғам белсенділерінің көшбасшылық қасиеттерін, іскерлік біліктіліктерін жастарға жеткізу арқылы бағыт-бағдар беруді көздейді. Осы орайда жоба жетекшісі Мақпал Жұмабаймен аз-кем әңгімелестік.
Әскер • 08 Қараша, 2024
Төрткүл дүниедегі түрлі қақтығыстар отандық Қарулы күштер жасағының сақадай сай болуын талап етеді. Бірақ ел қауіпсіздігінде енжарлық танытып, әскерден қашып, шақыру қағазын елемей жүрген азаматтар бар. БАҚ беттеріндегі мына бір дерекке сүйенсек, биылғы көктемгі науқанның өзінде 20 мыңға жуық жас әскерге барудан бас тартқан. Әсте бұған себеп те жоқ емес.
Әлем • 05 Қараша, 2024
Халыққа зор шығын әкелген нөсер
Испаниядағы селдің салдары ауыр тиді. Бүгінде бұл елде тосыннан келген апаттан көз жұмған адам саны 200-ден асты. 29 қазанда «Dana» дауылы соғып, орасан зардабын тартқан Валенсия автономиялық қауымдастығында құтқару жұмыстары әлі жүргізіліп жатыр. Табиғи апаттан елдің шығыс аймағы қатты зардап шеккен. Электр жарығы өшіп, жолдар жабылып, пойыз қозғалысы тоқтады. Ғимараттар, көпірлер қираған. Қайтыс болғандар саны әлі де өсуі мүмкін.
Саясат • 05 Қараша, 2024
Қазақ-француз мәдени байланысы нығаяды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Францияға ресми сапары қарсаңында Парижде Қазақстанның Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Францияның Мәдениет министрі Рашида Датимен кездесті. Тараптар екі ел арасындағы мәдени ынтымақтастықты кеңейту келешегін талқылады.
Жастар • 01 Қараша, 2024
Астанада «Jastar fest» жас көшбасшылар форумы өтті. Ұлттық құндылықтар, патриотизм, адамгершілік, адалдық, ізгілік қағидаттары кеңінен насихатталған ауқымды іс-шара қаланың Жастар саясаты мәселелері басқармасы қолдауымен ұйымдастырылды.
Үкімет • 31 Қазан, 2024
Үш жылға арналған республикалық бюджет бекітілді
Келер жылы ел экономикасы 5,6%-ға өседі. Яғни 2025 жылы бюджет кірісі 15,6 трлн теңгені құрайды деп болжанып отыр. Бұл туралы кеше Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен өткен палатаның жалпы отырысында айтылды. Жиынға Премьер-министр Олжас Бектенов пен Үкімет мүшелері арнайы шақырылды. Депутаттар қоғамда дау тудырған өткір мәселелерді көтеріп, күн тәртібіндегі бірқатар заң жобасын қарады.
Құқық • 31 Қазан, 2024
Су ресурстары және ирригация министрлігі сыбайлас жемқорлықпен күресуге бағытталған іс-шараларды белсенді түрде енгізіп жатыр. Басты мақсат – саладағы бармақ басты, көз қысты әрекеттің алдын алу, министрлік қызметкерлері арасында адалдық пен ашықтық мәдениетін қалыптастыру.
Республика күні • 25 Қазан, 2024
Бүгін Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрі Республика күніне арналған классикалық музыка кешін өткізді. Жиылған қауымға Қазақстанның халық әртісі, «Қазақстанның Еңбек Ері», профессор, әлемге әйгілі скрипкашы Айман Мұсахаджаева өнер көрсетіп, маэстро Гудни Эмильсон дирижерлік етті, деп жазады Egemen.kz.