Бақытбек ҚАДЫР
Бақытбек ҚАДЫР«Egemen Qazaqstan»
370 материал табылды

Өндіріс • 05 Қыркүйек, 2024

Локомотив құрастыру зауыты салынады

Атбасардағы ағайынның көбі нәсібін теміржолдан тапқан. Осы салаға қатысты ірі кәсіпорындар аудан азаматтарын жұмыспен қамтып отыр. Өткен аптада бұл қатарға тағы бір өндіріс ошағы қосылды. Локомотив құрастыру зауытының капсуласын салу рәсіміне куә болып қайттық.

Қоғам • 30 Тамыз, 2024

Атбасардағы қоныстой

Аудан орталығы Атбасарды жанай өтетін Жабай өзені биыл жазғытұрым арнасынан асып, жағадағы тұрғындардың үйлерін су алып кеткен еді. Бүгінде сол сел сенделткен жұрт­тың мемлекет салып берген су жаңа пәтердің кілтін алып, мәре-сәре болған қоныстойына куә болып қайттық.

Таным • 28 Тамыз, 2024

Сіз білесіз бе? Питер Пэн синдромы

Мүмкін есейгісі келмейтін, әлде өзі­не жауапкершілік жүктеуден қа­ша­тын, қанша есейгенмен «бала» болып қалатындарды Питер Пэн синдромына шалдыққандар дейді екен.

Саясат • 27 Тамыз, 2024

Әріптестікті нығайтатын келіссөз

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Германия Федеративтік Республикасындағы әріптестерімен бірқатар келіссөз жүргізді.

Тұлға • 03 Тамыз, 2024

Қаршадай

Тілтану ғалымдарының зерттеуінше, жапон лексикологиясының төркіні күріш дәнінде екен. Ал қазақ сөзінің түп-атасы көбіне-көп жылқыға, соғыс өнеріне және аң-құсқа байланысты болып келетінін байқаймыз. Бүгінде кейбір теңеулер мен тұрақты тіркестерді жиі қолданғанымызбен, оның не мағына беретініне мән бере бермейміз. Сондай сөздің бірі – «қаршадай».

Әдебиет • 25 Шілде, 2024

Құмнан қашып қайда барасың?

Әңгіме құм дегеннен шығады. Әйгілі жапон жазушысы Кобо Абэнің Ники Жумпэй атты 31 жастағы энтомолог кейіпкері сирек кездесетін жұмбақ жәндікті іздеп жүріп, теңіз жағалауындағы құм-шағылдардың қуысына қоныстанған бейтаныс ауылдан бір-ақ шығады.

Қоғам • 18 Шілде, 2024

Борыштан кімдер босатылды

Кейінгі жылдары үй, көлік, тұрмыстық техниканы былай қойғанда, тіпті күнделікті азық-түлігінің өзін қарызға, бөліп төлеп алатындар көбейді. Осы ретте мемлекет халықтың әлеуметтік ахуалына тұрақты мониторинг жасап, «Қарызсыз қоғам» қалыптастыруға күш салып жатыр.

Руханият • 18 Шілде, 2024

Шерлі көштің шежіресі

«Алтайдан ауған ел» спектаклі – үлкен толғанысқа толы трагедия. Жүректі толқытып, өткенге өкіндіреді. Спектакль «Сол бір ел жалпақ жұрттан неге ғана жарыла көшті екен, неге ғана бұл сапарға шықты екен? Адам туған топы­рағы­нан, тамырынан ажырамау керек пе еді?..» деген жауабы жоқ тұйыққа тіреп, тарықтырып қояды. Шешімі жоқ жұмбақ арқалап шығасың...

Қоғам • 17 Шілде, 2024

Кедергісіз орта келешегі

Еліміздегі әлеуметтік мін­дет­теме­лердің бірі – жалпыға бірдей кедергісіз орта құру. Осы ретте балаларды оқыту және тәрбие жұмысын жетілдіруге педагог-ассистент штаты енгі­зілді. Бүгінде олардың саны 2,5 мыңнан асып отыр.

Экология • 13 Шілде, 2024

Ізгілік марафоны

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев­тың бастамасымен ел көлемінде «Таза Қазақ­стан» экологиялық акциясы өтіп жатқаны белгілі. Жұрт болып жұмыла кіріскен жұмыс бүгінде шын мәнінде елдік сипаты бар игі іске айналып үлгерді. Соның бір куәсі – «Игі істер марафоны» жобасы.