Айгүл АХАНБАЙҚЫЗЫ
Айгүл АХАНБАЙҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
422 материал табылды

Саясат • 14 Желтоқсан, 2022

Кинофестивальдің алғашқы сыйлықтары

Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында XVI «Еуразия» халықаралық кинофестивалінің ашылу салтанаты өтті. Бағдарламаға сәйкес фестиваль қонақтары мен отандық театр және кино өнерінің белгілі әртістері маңызды іс-шараны қызыл кілем рәсімінен бастады.

Қоғам • 09 Желтоқсан, 2022

Шыбын жаныңызды шетел алып қала ала ма?

Ішінде өлімнің өмір сүріп жатқанын біліп тұрып өмір сүретін адамның әрбір күні – жеңіс. Медицинаның өркендеп, ақпарат ағыны асып-тасыған заманда қатерлі ісікке шалдыққан қайраты мықты науқастардың бұл кеселді «стоматологтің кабинетіне кіріп-шыққандай» көп диагноздың бірі ретінде қабылдайтын жағдайға жеткені де сананың өсіп, сауатының артқанынан болар.

Қоғам • 09 Желтоқсан, 2022

Би падишасы

Балет – сұлу өнер, сахнаның құдіреті сол болар, биші өз өнерінен гөрі сұлуырақ көрінеді. Бір аяғының ұшымен еденді тіреп, бір аяғымен дөңгелене айналып, кенет ту сыртынан біреу ұртын толтырып үрлеп қалғандай, үлпілдеген қауырсын секілді қалықтап ұша жөнелгенде, бір мезет тыныс алғаның өзіңе де сезілмей, тым-тырыс қаласың. Қанатын керіп, көлде жүзген аққу сахнаға адасып келіп қалғандай, құс патшасын айна-қатесіз кейіптеген мынау шебердің өнері тәнті болмасыңа қоймайды.

Әдебиет • 08 Желтоқсан, 2022

«Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығының жеңімпаздары марапатталды

Мәдениет және спорт министрлігі маусым айында елімізде алғаш рет «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығы тағайындалатынын хабарлаған болатын. Әдебиет пен баспа ісінің өрісін кеңейтуге бағытталған байқау мәресіне жетіп, кеше Алматыдағы Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында қорытындысы жарияланып, жеңімпаздар жүлдесі салтанатты түрде табысталды. Министрлікпен бірге, ақын-жазушылар, зиялы қауымның қолдауымен бекітілген ауқымды жобаның мақсаты – төл әдебиетті тың дүниелермен толықтыру,  жазушылық өнердің айрықша әлеуметтік маңызын қоғамға көрсету.

Сұхбат • 08 Желтоқсан, 2022

Қазақ киносы әлемге таныла бастады

Қазақ киносын түп-тамырымен танитын және ол жайлы бәрін білетін бір тұлға болса, ол – Гүлнар Әбікеева. Жетекші отандық кинотанушы, өнертану докторы, Қазақстан киносыншылары қауымдастығының президенті, Қазақстан және Орталық Азия кинематографиясы туралы он екі кітаптың және топтама жинақтарда, альманахтарда, журналдарда, интернет-порталдарда үзбей жарияланатын жүздеген мақаланың авторы, Кино саласындағы баспасөз өкілдері халықаралық қауымдастығының (ФИПРЕССИ) және Азия киносын ілгерілету ұйымының (НЕТПАК) мүшесі, көптеген халықаралық кинофестивальдің қазылар алқасының мүшесі. 2005 жылдан бастап оның кәсіби тағдыры «Еуразия» кинофестивалімен қатар өріліп келеді – өткен кинофестивальдердің көпшілігінде ол арт-директор міндетін атқарды. Ал биыл XVI «Еуразия» ХКФ бағдарламалық директоры ретінде бірнеше сауалымызға жауап берді.

Өнер • 30 Қараша, 2022

«Бастау» – шығармашылық алаңы

29 қараша мен 3 желтоқсан аралығында Алматыда сту­дент­тік және дебюттік фильмдердің X Халықаралық «Бастау» кино­фестивалі өтеді. Он жыл бойы тұрақ­ты өтіп келе жатқан ха­лық­аралық фестиваль биыл ал­ғашқы мерейлі белесін бағын­ды­рып отырғандықтан, байқау бағдарламасынан бірқатар ілкімді өзгеріс пен жаңалық орын алды.

Өнер • 28 Қараша, 2022

Талантты әншіге тағзым

Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында Казақстанның халық әртісі, әнші Бақыт Әшімованың туғанына 85 жыл толуына арналған «Күндер-ай» атты ән кеші өтеді, деп жазады Egemen.kz.

Кино • 28 Қараша, 2022

Шығармашылық жол «Бастаудан» басталады

Ертең 29 қарашада, Алматыда студенттік және дебюттік фильмдердің Х халықаралық «Бастау» кинофестивалі өз жұмысын бастайды. Фестиваль құрылған күнінен бастап жас кинематографистер арасындағы ынтымақтастықты дамыту, олардың жұмысын қолдау және ілгерілетуді мақсат етіп келеді. «Бастау» алаңдарында әлемнің түкпір-түкпірінен келген жас авторлар өз замандастарының жұмысымен танысады, танымал мэтрлердің фильмдерін тамашалайды және бірлескен жобалар жасайды. Биылғы оныншы рет өткелі отырған мерейтойлық фестивальдің жаңалығы туралы, қонақтар мен қатысушылардың қарымы жайлы сұрағымызға «Бастау» кинофестивалінің арт-директоры, продюсер Диана Әшімова жауап берген еді.

Қоғам • 25 Қараша, 2022

Форум мақсаты – жас авторларды қолдау

Алматы қаласында 2-4 желтоқсан аралығында «Сөз – жастарға. Жастар туралы сөз» тақырыбымен жазушылар мен публицистердің үшінші Халықаралық форумы өтеді. Жас әдебиетшілер мен публицистердің кәсіби деңгейін көтеруге арнал­ған халықаралық әдеби басқосудың ұйымдастырушысы Қазақ ПЕН-клубы қоғам­дық бірлестігі Алматыға әлемнің әртүрлі елдерінен әдебиет пен публи­цис­тиканың әр жанры бойынша семинар жүргізуге белгілі жазушылар мен пуб­­лицистердің шақырылып отырғанын хабарлады. Форумға 12 елдің белгілі қалам­герлері және Қазақстанның 40-43 жас жазушысы мен публицисі қатысады.

Өнер • 17 Қараша, 2022

Рамазан Баповтың өнернамасы

Ұлттық балет өнерінің биігін бағындырған біртуар биші, КСРО халық әртісі Рамазан Бапов жарық дүниемен ерте қоштаспағанда, биыл 75 жасқа толар еді. Мәскеу хореографиялық училищесінің үздік түлегін Үлкен театр аттай қалап, балет труппасының құрамына қабылдамақ болғанда, Отанына оралуды жөн көрген Рамазан қазақ өнерінде жаңадан бүр жарып келе жатқан балетті өркендетуді ғана ойлаған екен. Абай атындағы Опера және балет театрына биші болып орналасқан күннен бастап өзін тек өнерге ғана арнап, жиырма жылдан аса барлық жетекші партияларда билеп, есімін классикалық би өнерінің тарихына алтын әріппен жазып кетті.