Маржан ӘБІШ
Маржан ӘБІШ«Egemen Qazaqstan»
217 материал табылды

Қоғам • 31 Қазан, 2025

Кітапханашы – руханият жаршысы

Кітапханашылар күні қарсаңында Л.Н.Гумилев атын­дағы Еуразия ұлттық университетінің Ғылыми кітапханасында дәстүрлі «Үздік кітапханашы – 2025» байқауы өтті.

Тағзым • 29 Қазан, 2025

Алаш тұлғасының аудиториясы

Абай университетінде Алаш арысы, тұңғыш математика оқулығы­ның авторы Міржақып Дулатұлының есімін ұлықтау мақсатында М.Дулатұлы атындағы математика дәрісханасының тұсауы кесілді. Бұл тағылымды іс оқу орнының басқарма төрағасы-ректор Болат Тілептің бастамасымен жүзеге асқанын айта кету керек. Аудиторияның ашылуына еліміздің белгілі академиктері мен ғалымдары қатысты.

Сұхбат • 30 Қыркүйек, 2025

Бауыржан ҒҰБАЙДУЛЛИН, жазушы: Шығарма оқырманды жақсылыққа жетелеуі шарт

Балаларға арнап шығарма жазудың өзіндік шеберлігі, ерек қолтаңбасы бар. Кейінгі жылдары әдебиетімізде жасөспірім оқырманның қиял кеңістігін дамытып, ойын ұшқыр ететін туындылар көптеп жазылып жатқаны мәлім. Осы орайда жазушы, Батыс Қазақстан облыстық «Орал өңірі» газетінің бас редакторы, Жазушылар одағының Батыс Қазақстан облысындағы өкілі, Ұлттық құрылтай мүшесі Бауыржан ҒҰБАЙДУЛЛИНМЕН бүгінгі балалар әдебиетінің қыр-сырын талқылап, шығармашылық жайында да сөз қозғаған едік.

Өнер • 09 Қыркүйек, 2025

«Biken» театр фестивалі

Жетісу облысы әкімдігінің қолдауымен Б.Римова атындағы Талдықорған драма ­театры 12 қыркүйекте 50 жылдық мерейтойын атап өтпек. Мерейтой аясында қазақ театр өнерінің дара тұлғасы, Халық әртісі, КСРО және Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қырғызстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Бикен Римова атындағы «Biken» ІІІ халықаралық театр фестивалі ұйымдастырылады.

Сұхбат • 28 Тамыз, 2025

«Абай арқылы ішкі әлемімізді тазарту маңызды»

Жуырда ғана Абай Құнанбайұлының 45 қара сөзі қазақтың қара өлең өрнегімен қайта жырланған кітап шыққанын естіп елең ете қалдық. Аталған еңбек ақын, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Әлібек Шегебайдың кейінгі бес жылда атқарған ауқымды әдеби еңбектерінің бірі саналады. «Қара сөз қара өлеңге айналғанда...» атты туынды әдеби ортада кеңінен талқыланып жатыр.

Театр • 28 Тамыз, 2025

Тарихи қойылым

«Астана Балет» театрының ХІІІ маусымының шымылдығы «Бейбарыс сұлтан» спектаклімен ашылады. Тарихи-драмалық шығарманы тамашалаған көрермен көркем хореография өрнегі, музыка мен өткен дәуір атмосферасы үйлесім тапқан туындыға куә болады.

Қоғам • 27 Тамыз, 2025

Меморандумға қол қойды

Ұлттық кітапханада Малайзияның Селангор штаты делегациясымен кәсіби және мәдени ынтымақтастыққа арналған ресми кездесу өтті.

Кино • 26 Тамыз, 2025

Үлкен экранда – «Бақыт құшағында»

23 қазаннан бастап ел кинотеатрларында Шәмші Қалдаяқовтың 95 жылдығы аясында түсірілген «Бақыт құшағында» жаңа мюзиклі ұсынылады. Кинокартина бастан-аяқ ұлы компози­тордың әндерімен сүйемелденген. Күрделі әрі қызықты жанрдағы туындының бас продюсері әрі режиссері – New York Film Academy түлегі Санат Шапашов.

Қоғам • 20 Тамыз, 2025

Кітап жәрмеңкесіне қатысты

«Оңтүстік Қытай кітап жәрмеңкесі-2025» аясында Орталық Азия елдері павильонының ашылу рәсімі өтті.

Кино • 14 Тамыз, 2025

Нью-Йорк фестивалінде жүлделі болды

31 шілде мен 10 тамыз аралығында Нью-Йоркте беделді кинофестиваль – XXXXVIII «Asian American International Film Festival» өтті. Биыл фестивальдің деректі кино бағдарламасында әлемнің түкпір-түкпірінен 12 картина ұсынылған және оның үшеуі ғана аталымға ілікті.

Яндекс.Метрика