
Білім • 23 Қазан, 2023
Қостанайдағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушылары Ерболат Сембаев пен Ілияс Бәйішев интерактивті зияткерлік ойын өткізуге арналған онлайн жүйе жасап шығарды. Олардың ойлап тапқан жүйесі қатысушыларға қойылған ашық сауалдардың жауабын автоматты түрде тексеріп, дұрыс-бұрысын бағалап отырады.
Отбасы • 27 Қыркүйек, 2023
Өңірде әр нәрсені сылтау етіп алимент борышын төлеуден жалтарып жүргендердің қатары азаймай тұр. Олардың мойнындағы қарыз көлемі 500 млн теңгеден асып кеткен.
Білім • 25 Тамыз, 2023
Қостанай облысында 454 мектептің 112-сі ғана қазақ тілінде білім береді. Яғни қазақ мектебі орыс мектебінен 4 есе аз. 115 аралас мектеп бар. Мұндағы қазақ сыныптары да өзге тілде білім беретін сыныптардан әлдеқайда аз. Орыс мектептерінің 60 пайызын өзіміздің қаракөз балалар толтырған. Биыл 1 қыркүйекте 10 384 бала алғаш рет мектеп табалдырығын аттайды. Осы балдырғандардың 70 пайыздан астамы орыс сыныптарына қабылданған. Қалған 29,1 пайызы ғана қазақ мектебіне барады.
Форум • 15 Тамыз, 2023
Қостанайда маңызды әлеуметтік мәселелерді шешу барысында мемлекет, бизнес және азаматтық қоғам арасындағы серіктестік пен ынтымақты нығайту мәселелері талқыланған халықаралық азаматтық форум өтті. «Халықаралық серіктестік: өңірлік аспект» деген тақырып төңірегінде өткен алқалы жиынға Қазақстанның әр аймағынан және Ресейдің шекаралас өңірлерінен келген қоғам белсенділері, сонымен қатар, Нидерланд, Бельгия, Ұлыбритания, онлайн режімде Франция, Грузия, Украина елшіліктерінің өкілдері қатысты.
Қоғам • 26 Маусым, 2023
Ұлт ұстазын қалай ардақтап жүрміз?
Былтыр Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай ұлт ұстазының есімін Қостанай қаласындағы халықаралық әуежайға беру туралы шешім қабылданды. Одан кейін А.Байтұрсынов атындағы жергілікті университеттің басшысы жоғары оқу орнының атауы «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы университет» болып өзгерді деп сүйіншілеп еді. Содан бері бір жылға жуық уақыт өтсе де, өкінішке қарай, еш өзгеріс жоқ.
Ауыл • 08 Мамыр, 2023
Науырзым өңірінде кезінде мыңғыраған мал өргізіп, мыңдап егін еккен он шақты іргелі ауыл бар еді. Кеңес одағындағы ең ірі кеңшар саналған бір ғана «Буревестниктің» өзі неге тұрады? Бүгінде осы ауылдардың көбі, басы «Буревестниктен» бастап жүдеу-жадау күйге түскен. Жекелеген шаруашылықтар байып жатқанымен, олардың ауылға тигізіп жатқан игілігі шамалы.
Ауыл • 06 Наурыз, 2023
Ауыл инфрақұрылымын дамыту туралы сөз болғанда жол жөндеу, су тарту, газ өткізу сияқты маңызды шаруалардың қатарында жайылым мәселесі де тұруы шарт. Өрістегі мал мен ауыл тұрғындарының жағдайын бөліп-жарып қарауға болмайды. Өйткені ауылдағы ағайынның негізгі күнкөріс көзі – жайылым.
Өнер • 01 Наурыз, 2023
Қостанайдағы Жастар сарайында Елубай Өмірзақов атындағы облыстық филармонияның «Ақжелең» фольклорлық-этнографиялық ансамблі өзінің 30 жылдығына орай, «Аманат» атты есеп беру концертін өткізді. Мерекелік іс-шараның басында І.Омаров атындағы қазақ драма театры сахналаған ансамбльдің алғашқы құрылу, қалыптасу тарихынан сыр шертетін шағын қойылым көрсетілді.
Әскер • 28 Ақпан, 2023
Қостанай облысының Қарабалық ауданы Ресейдің Челябі облысымен шектесіп жатыр. Шекарадағы «Қайрақ» автомобильдік бақылау бекетінен тәулігіне 2 мыңға жуық автокөлік, 5 мыңдай адам ары-бері өтеді екен. Жазғы барыс-келіс қызған шақта күн сайын шекара бекеті арқылы кіріп-шығатын көлік саны 3 мыңға жуықтайды, ал адам саны 8 мыңға дейін жетеді.
Жәдігер • 23 Ақпан, 2023
Облыстық тарихи-өлкетану мұражайындағы көне жәдігерлердің қатарында атақты ақын, әнші-сазгер Басықара баласы Қанапияның шапаны да тұр. Түркістанға тәу етуге киіп барған шапаны екен.