Нұрқанат ҚҰЛАБАЕВ
Нұрқанат ҚҰЛАБАЕВ«Egemen Qazaqstan»
156 материал табылды

Форум • 15 Тамыз, 2023

Азаматтық қоғамның үш тағаны

Қостанайда маңызды әлеуметтік мәселелерді шешу барысында мемлекет, бизнес және азаматтық қоғам арасындағы серіктестік пен ынтымақты нығайту мәселелері талқыланған халықаралық азаматтық форум өтті. «Халықаралық серіктестік: өңірлік аспект» деген тақырып төңірегінде өткен алқалы жиынға Қазақстанның әр аймағынан және Ресейдің шекаралас өңірлерінен келген қоғам белсенділері, сонымен қатар, Нидерланд, Бельгия, Ұлыбритания, онлайн режімде Франция, Грузия, Украина елшіліктерінің өкілдері қатысты.

Қоғам • 26 Маусым, 2023

Ұлт ұстазын қалай ардақтап жүрміз?

Былтыр Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай ұлт ұстазының есімін Қостанай қаласындағы халықаралық әуежайға беру туралы шешім қабылданды. Одан кейін А.Байтұрсынов атындағы жергілікті университеттің басшысы жоғары оқу орнының атауы «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы университет» болып өзгерді деп сүйіншілеп еді. Содан бері бір жылға жуық уақыт өтсе де, өкінішке қарай, еш өзгеріс жоқ.

Ауыл • 08 Мамыр, 2023

Шолақсай шуағы

Науырзым өңірінде кезінде мыңғыраған мал өргізіп, мыңдап егін еккен он шақты іргелі ауыл бар еді. Кеңес одағындағы ең ірі кеңшар саналған бір ғана «Буревестниктің» өзі неге тұрады? Бүгінде осы ауылдардың көбі, басы «Буревестниктен» бастап жүдеу-жадау күйге түскен. Жекелеген шаруашылықтар байып жатқанымен, олардың ауылға тигізіп жатқан игілігі шамалы.

Ауыл • 06 Наурыз, 2023

Қайтқан жерде қайыр бар

Ауыл инфрақұрылымын дамыту туралы сөз болғанда жол жөндеу, су тарту, газ өткізу сияқты маңызды шаруалардың қатарында жайылым мәселесі де тұруы шарт. Өрістегі мал мен ауыл тұрғындарының жағдайын бөліп-жарып қарауға болмайды. Өйткені ауылдағы ағайынның негізгі күнкөріс көзі – жайылым.

Өнер • 01 Наурыз, 2023

«Ақжелең» арқалаған аманат

Қостанайдағы Жастар сарайында Елубай Өмірзақов атындағы облыстық филармонияның «Ақжелең» фольклорлық-этнографиялық ансамблі өзінің 30 жылдығына орай, «Аманат» атты есеп беру концертін өткізді. Мерекелік іс-шараның басында І.Омаров атындағы қазақ драма театры сахналаған ансамбльдің алғашқы құрылу, қалыптасу тарихынан сыр шертетін шағын қойылым көрсетілді.

Әскер • 28 Ақпан, 2023

Отанның шеті осы жер...

Қостанай облысының Қара­балық ауданы Ресейдің Челябі облысымен шектесіп жатыр. Шекарадағы «Қайрақ» авто­мобильдік бақылау бекетінен тәулігіне 2 мыңға жуық авто­көлік, 5 мыңдай адам ары-бері өтеді екен. Жазғы барыс-келіс қызған шақта күн сайын шекара бекеті арқылы кіріп-шығатын көлік саны 3 мыңға жуықтайды, ал адам саны 8 мың­ға дейін жетеді.

Жәдігер • 23 Ақпан, 2023

Көнеден жеткен көк шапан

Облыстық тарихи-өлкетану мұражайындағы көне жәдігерлердің қатарында атақты ақын, әнші-сазгер Басықара баласы Қанапияның шапаны да тұр. Түркістанға тәу етуге киіп барған шапаны екен.

Бизнес • 23 Қыркүйек, 2021

Кәсіпкерге жер бермей, жігерін құм қылады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан хал­қына Жолдауында пандемия зардабы, әсіресе шағын және орта бизнеске ауыр тиіп отырғаны айтылды. Бүгінгідей күрделі кезеңде кәсіпкерлердің жұмысына кедергі келтіру мемлекетке қарсы жасалған ауыр қылмыс ретінде бағалануы керектігін ескерткен Президент: «Кәсіпкерлер шенеуніктер тарапынан заңсыз қысым көрсе, бірден прокуратура органдарына жүгінгені жөн», деді.

Қоғам • 14 Қыркүйек, 2021

Көлқамыспен бірге көгерген әулет

Қостанай облысының Жан­гелдин ауданына қарасты Көлқамыс ауылындағы Карбозовтар әулеті өнегелі тіршілігі мен еңбекқорлығы арқылы ел ықыласына бөленіп, бүтін бір ауылдың жарасымды ынтымақ-берекесіне ұйытқы болып отыр.

Туризм • 27 Тамыз, 2021

«Жартоғай глемпингі»

Ресейдің белгілі видеоблогері Юрий Дудьтің сұхбаттары шынайы келеді. Бірде Youtube арнасынан актриса Ирина Горбачевамен әңгімесін тыңдап қалдым. Сұхбат барысында актриса өз өмірінде сөзбен айтып жеткізе алмайтын ең ғажайып әсерді Калифорниядағы «Секвоя» ұлттық саябағы мен Қазақ даласынан алғанын айтады.