Көрме • 27 Ақпан, 2025

Ғалым өмірінен ғибрат

60 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қостанай облысының орталық кітапханасында ағарту­шы Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына арналған «Қазақ хал­қының кемеңгер перзенті» атты көрменің ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға өңір зиялылары, музей қызметкерлері, кітап­хана­шы­лар, мұғалімдер мен студенттер қатысты.

Ғалым өмірінен ғибрат

Кітап көрмесінің «Аққан жұл­дыз» атты бірінші бөлі­мінде Шоқанның өмірі мен қызметі туралы энциклопедиялар, биб­лио­гра­фиялық анықтамалар мен әде­биет­тер қойылған. Ал «Шоқан және дала өркениеті» атты екінші бөлімде ғалым­ның жазбалары, 10 том­дық шы­ғар­­малар жинағы, «Алтышаһарға сапар», «Шоқан асулары» атты кітаптар оқыр­­мандар назарына ұсынылған.

Салтанатты рәсімде облыстық тари­хи-өлкетану музейінің қыз­мет­керлері көп­­шілікті өздерімен бірге ала келген көшпелі көрменің маз­мұнымен таныс­тырды. Музей­дің ғылыми хатшысы Нә­зима Оташеваның айтуынша, өлке­тану мұражайында Шоқанның өмірі мен қыз­метіне қатысты фотосуреттер мен құ­­жаттардың 60-қа жуық көшірмесі сақ­­тал­ған. Олардың көбі 1960, 1970, 1980 жыл­­да­ры қазіргі Санкт-Петербургтің орта­­лық мем­лекеттік архиві мен Мәскеу қа­ла­­сын­дағы әскери-тарих архивінен алынған.

Мысалы, аталған көрмеден Азия­ де­­партаментінің Сыртқы істер министр­лігіне Ш.Уәлихановты Азия депар­та­мен­тіне қабылдау туралы өті­нішін, 1860 жылы 21 наурыздағы Бас штаб депар­та­мен­тінің Ш.Уәлиханов­ты марапаттау туралы құжат көшірме­сін көруге болады. Штабс-ротмистр Уәлихановтың қызметі туралы форму­лярлық тізім де бар.

Шоқан 1858 жылы 28 маусымда Қапалдан 30 шақырым жерден көпес керуенімен Қашқарға саяхаттап барып, Шығыс Түркістан тарихына, география­сына, Алтышаһарға қатысты көптеген құнды мәлімет жинайды. Аталған көрме Шоқанның осы сапары жөнінде де жан-жақты мағлұмат береді.

Ғалым Шоқанның жастайынан сурет өнеріне әуес болғаны белгілі. Бала Шоқан бұл өнерді Құсмұрын бекінісінде, Уәлихановтар отбасында біраз уақыт өмір сүрген орыс топограф-суретшілері мен геодезистерінен үйренеді. Көшпелі көрмеден Шоқанның осы кезеңде салған біраз суретін тамашалауға болады.

«Шоқан алғаш тушь, қарындаш, кейі­­нірек акварельді қолданған. Табиғат суреттерін, өзінің автопортретін салған. Кейіннен көзбен көргендерін күнделі­гіне түсіріп, бейнелеп отырады. Ғалым мұраларының ішінде оның қарындашпен, сиямен сызған эскиздері маңызды орын алады. Мұнда көптеген жердің флорасы мен фаунасы, Қырғызстан мен Шығыс Түркістан тұрғындарының кескін-келбеті және олардың кәсіптері бейнеленген», дейді Нәзима Оташева.

 

Қостанай облысы 

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Кеше

Жезді жәдігерлері

Көрме • Кеше

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Кеше

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Кеше

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Кеше

Аңдатпа

Аңдатпа • Кеше