
Аймақтар • 27 Наурыз, 2024
Ұлыстың ұлы күнін Қостанай қаласының тұрғындары да ерекше қуанышпен той-думандатып қарсы алды. Қаланың орталығында отызға тарта отау тігіліп, мерекелік концерт, ұлттық спорт сайыстары, қолөнер туындылары мен ұлттық тағамдар фестивалі өтті.
Еңбек • 22 Наурыз, 2024
Осыдан біраз жыл бұрын Қостанайдағы жайлы қызмет, жақсы жалақысын тастап, кіндік қаны тамған Меңдіқара ауданындағы Теңіз ауылына қайта оралған Ербол Қарымсақов бүгінде атакәсіпке біржола бет бұрып, асыл тұқымды мал басын көбейтуге ден қойып отыр.
Байқау • 17 Наурыз, 2024
Рудныйда Наурызнаманың мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күніне орай «Дәстүрімнің балқаймағы – әжелер» байқауы өтті. Сайысқа қатысушылар қазақтың көнеден келе жатқан ұлттық салт-жоралғыларын көрсетіп, олардың мән-мағынасын ашып әңгімелеп берді.
Қоғам • 14 Наурыз, 2024
Меңдіқара ауданындағы Қарқын ауылы наурыздың басын игі іс-шаралармен бастады. Бұл күнді көктемгі еңбек маусымының хабаршысы, берекенің бастауы деп білетін «Қарқын» агрофирмасы ауыл тұрғындары бас қосқан Көрісу күнін кең ауқымда атап өтті.
Аймақтар • 14 Наурыз, 2024
Қостанайдағы Жастар сарайында Көрісу күніне арналған театрландырылған мерекелік іс-шара өтті. Мұнда жиналған жұрт нәрестенің іңгәлап өмірге келуінен бастап, ер жетіп азамат болғанға дейінгі, бой жетіп ұзатылғанға дейінгі кезеңде жасалатын дәстүрлі салт-рәсімдерден көріністер тамашалады.
Театр • 14 Наурыз, 2024
Бүгінде өңір мәдениетін өрге сүйреп келе жатқан үркердей таланттар шоғырының ішіндегі жұртшылыққа есімі етене таныс, жас та болса, ел сүйіспеншілігіне бөленіп үлгерген дара өнерпаздың бірі – І.Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрының актрисасы Диана Тұрсынова. Т.Жүргенов атындағы ұлттық өнер академиясында оқи жүріп, белгілі театр қайраткері Есмұхан Обаев сынды майталман маманның тәлімін көрген талантты қыз 2013 жылдан бері Тобыл төріндегі қара шаңырақта еңбек етіп келеді.
Қылмыс • 11 Наурыз, 2024
Қаржы мониторингі агенттігінің Қостанай облыстық департаменті аса қомақты көлемде мемлекет қаржысын жымқырған ұйымдасқан топқа қатысты қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. 50 шақты адамнан құралған қылмыстық топқа «Beef Export Group» ет өңдеу кәсіпорнының басшысы жетекшілік еткен.
Аймақтар • 10 Наурыз, 2024
Тәуелсіздікпен бірге іргесі қаланып, содан бері талай сындарлы кезеңнен сүрінбей өткен «Сыма» шаруа қожалығы бүгінде Торғай өңіріндегі Көлқамыс ауылының ажарын кіргізіп, ырыс-берекесін еселеп отыр. Шалғай түкпірдегі иен далаға иелік етіп, төскейді төрт түлікке толтырған шағын ғана шаруашылық енді татыр далаға дән егіп, біртіндеп суармалы егістікті қолға алудың қамына кірісіп жатыр.
Өнер • 07 Наурыз, 2024
Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің экспозиция залында қазақтың тұңғыш кәсіби суретшісі, ұлттық бейнелеу өнерінің негізін салған қылқалам шебері Әбілхан Қастеевтің 120 жылдығына арналған көрме ашылды.
Денсаулық • 05 Наурыз, 2024
Қостанайда аутизм дертіне шалдыққан балаларға арналған орталық ашылды. 200 балаға шақталған бейімдеу мекемесі «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының бірыңғай қайырымдылық операторының қаржылай қолдауымен іске қосылып отыр.