
Жәдігер • 19 Қаңтар, 2024
Балқаш тарихи-өлкетану музейіне сақтар мен ғұндар дәуірінен бастап, Түрік қағанатымен жалғасқан, Қазақ хандығының және тәуелсіз Қазақстанның өткені мен бүгінгі тарихын баяндайтын небір құнды экспонаттар қойылған. Көрме залдарында әр кезеңді көз алдыңа әкелетін көне жәдігерлер, фотосуреттер бар. Жақында мұражай қоры тағы бір жаңа жәдігермен толықты.
Медицина • 16 Қаңтар, 2024
Балалар арасындағы фармакорезистентті эпилепсия – жүйке жүйесі ауруларының кең тараған түрі. Бүгінде бұл дертке ем ретінде жаңа ем-дом түрлері қолданылады. Яғни препараттар, стимуляторлар, арнайы диета да әзірленді. Алайда эпилепсияның дәріге басылмайтын түрі болса, дәрігерлер арнайы операция жасайды.
Қоғам • 16 Қаңтар, 2024
Айналдырған 14 жылы аялдаманы аялап ұстау қарағандылықтарға қиынға түсіп тұр. Жылы аялдаманың көбінде жылу жоқ. Арқаның сарышұнақ аязы ай басынан бері қарағандылықтарды әлекке салды.
Өнер • 10 Қаңтар, 2024
Қарағанды өнер мектебінің оқушылары Дубайда өткен халықаралық байқаудан бас жүлдемен оралып, олжалы болып жатыр. Олар қазақ күйлерінен поппури орындап, тыңдарман қауымды тәнті еткен.
Кітапхана • 09 Қаңтар, 2024
Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің педагогика факультетінде заманауи кітапхана ашылды. Бұл – университет базасында кітапхананы жаңғырту бойынша қолға алынған үшінші жоба. Жаңа кітапханада оқу залымен қоса, кескіндеме, графика және дизайн көрмелері өтетін арнайы студия да бар.
Аймақтар • 31 Желтоқсан, 2023
Теміртау жастарында орталық бар
Теміртау қаласында тұңғыш рет Жастар орталығы ашылды. Жыл соңында құрыш қала жастары үшін бұл айтарлықтай жаңалық болды.
Мәдениет • 26 Желтоқсан, 2023
Сұлу әнге адал болып өткен Сейіл жүректің дамылдағанына бір жыл. Алты ішекті гитарасын қолына алып, «Таң самалынан» бастап, тек есті әндерді шырқайтын Сейілін елі шын пейілімен сағынған екен. Мұны Қарағанды облысы әкімдігінің қолдауымен өткен қазақтың аяулы әншісі Сейіл Аяғанды еске алуға арналған «Сұлу ән, саған адалмын!» атты кешке жиналған қауымның қарасынан аңғардық. Жаңа Майқұдық мәдениет үйінің концерт залына келген көрермен сыймады. Тік тұрып тамашалады. Ал бұл – шын талантқа көрсетілген тағзым, ән құдіретіне көрсетілген құрмет.
Аймақтар • 16 Желтоқсан, 2023
Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Абай ауданындағы Юбилейное ауылы үшін жаңадан салынған медициналық қызмет көрсететін заманауи жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт (ФАП) тамаша тарту болды.
Аймақтар • 15 Желтоқсан, 2023
Қарағандыда «Qaragandy Business-2023» форумы өтті. Облыс өңдеуші өнеркәсіп саласынан елімізде көш бастап, бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша рейтингте екінші орынға көтерілді. Қарағандының экономикалық әлеуетін әрі қарай дамытуға негіз де бар. Форумда осы төңіректе сөз қозғалды.
Байқау • 13 Желтоқсан, 2023
Дәстүрге айналған Жұмабек Тәшенов жүлдесі биыл да өз үздіктерін анықтады. Алғашқыда жылдың үздік ақынын ғана ардақтауды мақсат еткен игілікті шара қанатын кеңге жайды. Биыл он аталым бойынша үздіктерін үкіледі.