Мұхтар КҮМІСБЕК
Мұхтар КҮМІСБЕК«Egemen Qazaqstan»
1052 материал табылды

Денсаулық • 24 Қараша, 2025

Жетісудағы эпидмаусым: жағдай тұрақты, алдын алу шаралары күшейтілді

Жетісу облысында биылғы эпидемиологиялық маусым тұрақты бақылауда өтіп жатыр. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, маусым басталғалы жедел респираторлық вирустық инфекцияның (ЖРВИ) 45 674 жағдайы тіркелген. Оның 30 912-сі — 14 жасқа дейінгі балалар, деп жазады Egemen.kz.

Инфрақұрылым • 23 Қараша, 2025

Панфиловке баратын жол жаңарды

Жетісу облысының шекаралық Панфилов ауданында жол инфрақұрылымын жақсарту жұмыстары жүйелі түрде жалғасып келеді. Бұл туралы облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың аудан халымен кездесуінде мәлім болды, деп жазады Egemen.kz.

Экология • 23 Қараша, 2025

Жетісуда көл жағалауларын тазалайтын кәсіпорындар құрылады

Президенттің тапсырмасына сәйкес Жетісу облысында Балқаш пен Алакөл жағалауын күтіп ұстаумен айналысатын жаңа коммуналдық кәсіпорындар құрылады, деп жазады Egemen.kz.

Аймақтар • 20 Қараша, 2025

Панфилов ауданы қарқынды дамып жатыр

Жетісу облысының шекаралық Панфилов ауданында әлеуметтік сала нысандарын нығайту жұмыстары белсенді жүріп жатыр. Соңғы екі жылда денсаулық сақтау саласында 18 жаңа нысан салынып, 3 объекті жөнделді. Ауылдық жерге барған 17 дәрігерге жалпы 135 млн теңге көлемінде көтерме жәрдемақы төленіп, бұл медициналық кадр тапшылығын азайтуға мүмкіндік берді, деп жазады Egemen.kz.

Инвестиция • 20 Қараша, 2025

Жетісу жеріндегі Кербұлаққа рекордтық инвестиция құйылды

Жетісу облысы құрылғаннан бері Кербұлақ ауданына 128 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды. Оның 82,8 млрд теңгесі – жеке қаражат. Биылғы он айда ауданда негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің өсімі байқалды, деп жазады Egemen.kz.

Шаруашылық • 19 Қараша, 2025

Жетісуда аграрлық сектор қарқынды дамуда

Жетісу облысында ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласы кеңейіп келеді. Қазір өңірде 123 кәсіпорын жұмыс істейді, жыл басынан бері 74,2 млрд теңгенің азық-түлік өнімі өндірілген. Өңделген өнім көлемі жалпы өндірістің 68%-ына жетті, деп жазады Egemen.kz.

Аймақтар • 19 Қараша, 2025

Жетісуда су тасқынының алдын алу жұмыстары қарқын алды

Жетісу облысында су тасқынының алдын алуға бағытталған инженерлік жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Облыс әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жыл басынан бері 2 км қорғаныс дамбылары салынып, жөнделген. Сонымен қатар 5,8 км су бұру арналары мен арықтар орнатылып, 2,7 км өзен және канал арналары механикалық тазартудан өтті. Өзендердің 4 шақырымында тереңдету, арналарды түзеу және жағалауды бекіту жұмыстары орындалған, деп жазады Egemen.kz.

Аймақтар • 31 Қазан, 2025

Жетісуда «Таза Қазақстан», «Адал Азамат» және «Заң мен Тәртіп» атты мурал ашылды

Жетісу облысында бір күнде үш тақырыптық муралдың ашылу рәсімі өтті. Бұл бастама Президенттің «Әділетті Қазақстан» идеологиялық тұжырымдамасы аясында өңір жастарының ұсынысымен жүзеге асқан. Жоба азаматтық жауапкершілікті арттыруды, экологиялық мәдениетті қалыптастыруды және қоғамдағы әділдік қағидаттарын нығайтуды көздейді, деп жазады Egemen.kz.

Шаруашылық • 30 Қазан, 2025

Көксу ауданында жер қоры ұлғайып, ауыл шаруашылығы қарқыны артуда

Жетісу облысының Көксу ауданында соңғы үш жылда пайдаланылмай жатқан 46,9 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Оның 30,2 мың гектары (64,4%) қайта айналымға тартылып, 16,4 мың гектары конкурс арқылы шаруаларға берілді, ал 13,8 мың гектары ауылдық округтерге қоғамдық жайылым ретінде бөлінді. Бұл туралы облыс әкімі Бейбіт Исабаев аудан халқымен кездесуде айтты, деп жазады Egemen.kz.

Аймақтар • 30 Қазан, 2025

Көксуда дәрігерлер мен мұғалімдерге арналған жаңа тұрғын үй пайдалануға берілді

Жетісу облысының Көксу ауданында әлеуметтік сала мамандарына арналған 20 пәтерлі жаңа тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл бастама облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың тапсырмасымен кадр тапшылығын шешу мақсатында жүзеге асқан, деп жазады Egemen.kz.

Яндекс.Метрика