Республика күні • 26 Қазан, 2025
Жетісуда 25 нысан пайдалануға берілді
Республика күні қарсаңында Жетісу облысында 25 жаңа әлеуметтік нысан қолданысқа берілді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 25 Қазан, 2025
Жетісуда Республика күніне орай 35 азамат мемлекеттік наградамен марапатталды
Бүгін Республика күніне арналған салтанатты жиында Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев өңірдің 35 тұрғынына мемлекеттік наградаларды табыс етті. Марапаттар ел тәуелсіздігін нығайтуға және әлеуметтік-экономикалық, мәдени, қоғамдық өмірдің дамуына үлес қосқан азаматтарға берілді. Шара Талдықорғандағы Б. Римова атындағы драма театрында өтті, деп жазады Egemen.kz.
Тұлға • 11 Қазан, 2025
Жетісуда Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына арналған халықаралық конференция өтті
Жетісу облысында ұлы ғалым, ағартушы, этнограф әрі саяхатшы Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына арналған «Шоқан Уәлиханов: тарих және тұлға» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 30 Қыркүйек, 2025
Жетісу өңірінде ғасыр жасаған 22 қария тұрып жатыр
Жетісу облысында жасы 100-ден асқан 22 қария өмір сүруде. Олардың ішінде ең егдесі — биыл 108 жасқа толған Кербұлақ ауданы, Сарыөзек кентінің тұрғыны. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Экономика • 30 Қыркүйек, 2025
Талдықорғанда болат шар шығаратын зауыт салынады
Жетісу облысы, Талдықорған қаласында Чилилік «ME Elecmetal» компаниясы тегістегіш болат шар өндіретін зауыт салуды жоспарлап отыр. Жаңа кәсіпорынның іргетасы 2026 жылдың наурыз айында қаланбақ. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Шаруашылық • 30 Қыркүйек, 2025
Жетісуда күріш алқабына орақ түсті
Жетісу облысының Қаратал ауданында биылғы күріш жинау науқаны қызу жүріп жатыр. Бұл өңір – облыстағы күріш өсіретін жалғыз аймақ. Жалпы 951 гектар алқапқа егілген дақылдан 3 мың тоннадан астам өнім алу жоспарланып отыр. Орташа түсім – гектарына 32,9 центнер, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экология • 29 Қыркүйек, 2025
Жетісуда «Таза бейсенбі» акциясы нәтижелі өтті
Жетісу облысында «Таза Қазақстан» ұлттық бағдарламасы аясында өткен «Таза бейсенбі» экологиялық акциясына 5767 адам қатысып, 111 арнайы техника жұмылдырылды. Бірігіп атқарылған шара барысында 203 гектар аумақ қоқыстан тазартылып, 494 тонна тұрмыстық қалдық полигондарға жеткізілді. Сонымен қатар, табиғатты жасылдандыру мақсатында 300 түп ағаш отырғызылып, 2230 метр қоршау мен 3500 метр қақпа түрлі түске боялды, – деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Қоғам • 29 Қыркүйек, 2025
Жетісу өнімдері елордада сұранысқа ие болды
Өткен демалыста Астанада өткен ауылшаруашылық жәрмеңкесіне Жетісу облысының тауар өндірушілері қатысып, елордалықтарға жалпы салмағы 155 тоннаға жуық 54 түрлі өнім ұсынды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Отбасы • 29 Қыркүйек, 2025
Жетісуда отбасыға қолдау көрсететін тоғызыншы орталық ашылды
Жетісу өңірінде әлеуметтік қолдауды күшейтуге бағытталған тағы бір қадам жасалды. Ақсу ауданында «Жанұя» отбасын қолдау орталығы іске қосылып, бұл облыс бойынша ашылған тоғызыншы нысан болып отыр, деп жазады Egemen.kz.
«Таза Қазақстан» • 20 Қыркүйек, 2025
Жетісуда «Таза бейсенбі» экологиялық күніне 6 мың адам шықты
Жетісу облысында «Таза Қазақстан» акциясы аясында ұйымдастырылған «Таза бейсенбі» жалпыұлттық экологиялық күніне 6 мыңнан астам адам қатысты. Шараға білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, әлеуметтік қорғау салаларының қызметкерлері, сондай-ақ түрлі мекемелер мен кәсіпорын ұжымдары атсалысты, деп жазады Egemen.kz.