Жолдасбек КӨШЕРБАЙҰЛЫ
Жолдасбек КӨШЕРБАЙҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
2605 материал табылды

Мәселе • 19 Маусым, 2025

Құм көшкініне қарсы қарекет

Мұнайлы Атырауда да өкпек желмен сусыған құм көшкіні бар. Бірнеше елді мекен тұрғындарын құм басу қаупінің арт­қаны алаң­да­тады. Құм көшкінінен төнетін қауіп Исатай, Құр­ман­ға­зы, Қызылқоға, Жылыой ауданының ауылдарында басым бо­лып отыр.

Балалар • 18 Маусым, 2025

Бар жақсылық – балаларға

Биыл Атырау облысында жазғы лагерьлерге 134 мың 812 бала­ны тарту жоспарланып отыр. Ал мектептердің жанынан 167 лагерь жұмысын бастады.

Пайдалы қазбалар • 17 Маусым, 2025

5 айда 2,39 млн тонна мұнай өңделді

Биылғы 5 айда Атырау мұнай өңдеу зауытында өңделген көмірсутекті шикізат көлемі осынша межеге жетті. Зауыттың бас директоры Қуаныш Бишимовтің мәліметінше, жеңіл мұнай өнімдерінің негізгі түрлері бойынша оң динамика байқалады. Дизель отынын өндіру 786,1 мың тоннаға дейін өсті. Бұл – жоспарланған көлемнен 66,7 мың тоннаға (немесе 9%-ға) артық. Осы кезеңде 105,5 мың тонна сұйытылған мұнай газы шығарылып, жоспар 12%-ға артық орындалған.

Заң • 15 Маусым, 2025

Батыстағы үш облыста браконьерлерге 21,5 млн теңге айыппұл салынды

Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында «Бекіре – 2025» кеңауқымды балық қорғау акциясы аяқталды, деп жазады Egemen.kz.

Спорт • 13 Маусым, 2025

«Атырау» ФК екі легионермен келісімшартты бұзды

Футбол клубының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, шетелдік ойыншылармен жасалған келісімшарт мерзімінен бұрын тоқтатылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мектеп • 12 Маусым, 2025

Қайтарылған қаржыға мектеп салынады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен жүзеге асқан маңызды істің бірі – заңсыз иемденген қаржыны қоғам игілігіне қайтару. Осындай қаржының есебінен Атырау облысында мектеп-интернаттың құрылысы басталды.

Жемқорлық • 11 Маусым, 2025

«Delta» тобы әшкереленді

Атырау облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті 2024 жылдың тамыз айында «Delta» массивтік атауы қойылған топты әшкерелеп, қызметін жойды. Бұл топ 2023–2024 жылдары тиісті жұмысты атқармаған, бірақ жалған шот-фактураны қолданып, салық төлеуден жалтару мақсатында 3 млрд теңгеден астам ақшаны қолма-қол түсірген.

Білім • 11 Маусым, 2025

Білім саласы қаржылық сауаттылыққа зәру

Атырау облысында бюджеттен жалақыға бөлінген қаржыны мақсатсыз жұмсау дерегі жиі кездеседі. Әсіресе денсаулық сақтау, білім беру, спорт саласының, оның ішінде мектеп есепшілері қаржы аударуда қателікке оқтын-оқтын бой алдырып жүр.

Аймақтар • 11 Маусым, 2025

Құтқарушыларға қолдау көрсетті

Атырау облысында төтенше жағдай кезінде жедел әрекет етуге L-410 ұшағы қолданылады. Жаңа ұшақ «Қазавиақұтқару» АҚ-ның батыс аймақтық басқармасының авиациялық паркі теңгерімінде болады.

Аймақтар • 06 Маусым, 2025

Қайта жаңартылған көпір

Былтыр Жылыой ауданының орталығы Құлсары қаласында су тасқыны кезінде көпір бүлінген еді. Көпірді жөндеу жұмыстары желтоқсан айында қолға алынды. Жақында қайта жаңартылған көпір іске қосылды.