
Мәдениет • 22 Наурыз, 2025
Атырауда ұлттық киімдер шеруі өтті. Биыл екінші рет өткен шеруге қатысушылар қазақтың ұлттық киімін киіп шықты.
Қоғам • 21 Наурыз, 2025
Атырау облысында 100 жасқа толғандар көп емес. Ғасырлық белесті бағындырған жанның бірі – Ұлжан Темірболатова.
Аймақтар • 21 Наурыз, 2025
Атырауда Наурыз мерекесі қарсаңындағы Шаңырақ күніне орай 97 отбасы шаттыққа бөленді. Оларға мұнайлы шаһардағы «Аягөз» және «Модерн» тұрғын үй кешенінен жаңа пәтер берілді.
Аймақтар • 19 Наурыз, 2025
Былтыр су тасқыны Атырау халқын біраз әбігерге салған. Көктем шығып, күн жылына бастағаны сол-ақ екен, жергілікті жұрт биыл тағы беймаза күйге түсті. Өйткені Атырау облысының Жем, Қиғаш өзендерінде су тасқыны қаупі жоғары екені анықталып отыр. Өңір басшылығы аталған су айдындарының маңында орналасқан елді мекендерді қорғаудың қамына кірісіп кетті.
Мәселе • 15 Наурыз, 2025
Тоқыма фабрикасы неге тоқтады?
Атырау облысында 2016 жылы түйе мен қойдың жүнін өңдейтін фабрика ашылды. Өңделген жүннен жамылғы шығарыла бастаған еді. Алайда қазір аталған кәсіпорынның жұмысы тоқтап тұр.
Тұлға • 14 Наурыз, 2025
Табылды Досымов талайдың жүрегін ырғағы бөлек әнімен, өзінен басқа ешкім қайталай алмайтын дауысымен баурады. Оның әндерінен қазақтың болмысы мен мінезі байқалып тұрады. Тау көтерген Толағайдай тұлғалы талант заманымыздың сал-серісі секілді еді.
Әйел әлемі • 08 Наурыз, 2025
Қыз-келіншектердің көлік жүргізетіні таңсық емес бүгінде. 74 жастағы Сәуле Мұсаеваның көлік руліне отырғанына 30 жылдан асқан. Кейінгі 22 жылдан бері жолаушы тасымалдап жүр.
Халық • 07 Наурыз, 2025
Қиын кезде қолдаған халыққа риза
Қазаққа жиі алғыс айтатын этностың бірі – кәріс. Өйткені жергілікті тұрғындар 1937 жылы Қиыр Шығыстан депортацияланған оларды кеудеден итермей, бауырына басты. Қазір Атырау облысында қиырдан жер аударылған этностың 3 мыңға жуық өкілі бар.
Денсаулық • 07 Наурыз, 2025
Ана мен бала өмірін қалай сақтаймыз?
Еліміздің кейбір өңірлерінде ана мен бала өлімі азаймай тұр. Сәби сүюге талпынған аналардың бақилық болуына, жарық дүние есігін енді ашқан нәрестелердің шетінеуіне не себеп? Бұл мәселе Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің Атырауда өткен көшпелі отырысында талқыланды.
Тұлға • 01 Наурыз, 2025
Абайдың «Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті – ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» дейтін жадыда жүретін нақылы бар. Бұл – әсіресе ғылым жолына түскен ғалымдарға тән қасиеттер. Мұны атыраулық ғалым Ерсайын Ихсанов темірқазықтай жарқырап тұратын бағдаршамына айналдырды.