Қуаныш НҰРДАНБЕКҰЛЫ
Қуаныш НҰРДАНБЕКҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
1274 материал табылды

Қоғам • 31 Желтоқсан, 2024

«Қазақстан халқына»: Елдік мүдде жолындағы игілік

«Қазақстан халқына» қоры – Үкіметтің немесе өзге де мемлекеттік органның еншісінде емес, Президент айтқандай, халықтық қор. Сирек кездесетін ауруға шалдыққан балалардың ем-домына көмек көрсетуге, қалаларда, аудандарда, кенттерде, ауылдарда балаларға арналған спорт нысандарын салуға, қабілетті балалардың талабын ұштап, шыңдауға, өзге де салаға қолғабыс етіп келеді.

Қоғам • 31 Желтоқсан, 2024

Жаһан кезген жалғыз жолаушы

«Жалғыз жолаушы» ютуб арнасының авторы журналист Санат Ілиясұлы биыл 15 елге табаны тиіп, қиыр жайлап шет қонған қазақтардың тұрмысын таспалаған. Шалғайда тірлік кешіп жатқан ағайындарға елдің ыстық ықыласын жеткізіп жүрген жиһанкездің әр сапарында басын қатерге тігетін сәттері де кездеседі. Сапар барысында өзге ел тұрғындарының шынайы өмірін қаз-қалпында таспалап келеді.

Спорт • 31 Желтоқсан, 2024

Қазақ спортының жарқын белесі

Былтырғы жыл ел спорты үшін несібесіз болған жоқ. Саңлақ­та­рымыз жазғы Олимпия ойындарынан олжалы оралды. Әлем чем­пионаттары мен құрлық додаларынан да еншімізге тиген бәйге аз емес.

Бокс • 31 Желтоқсан, 2024

Жігері күшті жас буын

Қарағанды қаласында бокстан ересектер арасында ел чемпионаты мәресіне жетті. Ел біріншілігінде тәжірибелі саңлақтарға жас буын лайықты қарсылас болды.

Туризм • 25 Желтоқсан, 2024

Туризм табысы еселенді

Биыл қазақ даласының көрікті орындарын аралап, көркем мекеніне табаны тиген шетелдік туристердің саны былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда екі есеге артты.

Қоғам • 19 Желтоқсан, 2024

Елде қанша зейнеткер бар?

Биыл республикалық бюджеттен 3 трлн 436,4 млрд теңге сомасына зейнетақы төленді, мұның 1 трлн 81,9 млрд теңгесі базалық, 2 трлн 354,5 млрд теңгесі ынтымақты зейнетақыға аударылды.

Спорт • 19 Желтоқсан, 2024

Жарыс күнделігі

Қарағанды қаласындағы Серік Сәпиев атындағы Бокс­ты дамыту орталығында ересектер арасында ел біріншілігі басталды. Ерлер мен әйелдер арасындағы додаға 400-ден астам боксшы қатыспақ. Ұлттық құраманың бас бапкері Қайрат Сәтжанов Таиландта өткен Азия чемпионатында олжа салған боксшылар ел біріншілігінен босатылатынын айтты. Дегенмен де ішкі чемпионаттың бәсі жоғары болмақ. Себебі әлем чемпионы Теміртас Жүсіпов сынды сақа боксшылар қатысатын додада жастар да бағын сынамақ. Атап айтқанда, жастар арасында әлем чемпионы атанған Төрехан Сабырхан сынды саңлақтар рингке шығады. Чемпионат 24 желтоқсанда мәресіне жетеді. 

Бокс • 16 Желтоқсан, 2024

Абылайханның жеңісі мойындалды

Жуырда Таиландтың Чиангмай қаласында бокстан Азия чемпионаты өткені белгілі. 71 кг салмақта сынға түскен Абылайхан Жүсіпов финалдық айқаста өзбекстандық Хавасбек Асадуллаевқа есе жіберіп, күміс медальды місе тұтқан еді.

Ауыр атлетика • 16 Желтоқсан, 2024

Толағайлар олжасы – 2 алтын, 1 күміс

Бахрейннің Манама қаласында ауыр атлетикадан әлем чемпионаты аяқталды. Жерлестеріміз 2 алтын, 1 күміс медаль олжалады.

Егемен Қазақстан • 13 Желтоқсан, 2024

Редакцияда оқып жүр...

«Қазақ газеттері» ЖШС мен Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті басшылығы арасындағы келісім нәтижесінде болашақ журналистердің теориялық білімін өндірісте, тәжірибе жүзінде ұштастыруға мүмкіндік жасалып отыр. Аталған оқу орнының Журналистика және әлеуметтік ғылымдар факультетінде білім алып жатқан студенттердің тәжірибелік сабақтары былтырдан бері «Egemen Qazaqstan» газетінің редакциясында өтіп келеді.