Еңбек • Бүгін, 16:15

Асқарбек Ертаев: Еңбек адамдары елеусіз қалмайды

10 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елімізде жыл сайын қыркүйек айының соңғы жексенбісінде Еңбек күні мерекеленеді. Қайнаған тіршіліктің ортасында бел шешпей шаруаны еңсеретін азаматтар әрқашан да құрметке, марапатқа лайық.  Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Асқарбек Ертаевпен шағын сұхбаттасып,  кәсіби мерекенің маңызы жайлы сұрадық.

Асқарбек Ертаев: Еңбек адамдары елеусіз қалмайды

– Асқарбек Маратұлы, жыл сайын қыркүйек айының соңғы жексенбісі еңбек күні ретінде аталып өтіледі. Еңбек ардагерлері мен озаттарға құрмет көрсетіледі. Ақ адал еңбегімен елдің өркендеуіне үлес қосып жүрген азаматтар әрдайым марапатқа лайық.

– Дұрыс айтасыз, 2014 жылдан бері қыркүйек айының соңғы жексенбісі Еңбек күні мерекесі тойланып, аталып өтеді. Мұндай мереке, яғни еңбек адамдарын құрметтеу әлемнің 100-ден астам елінде бар. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі атаулы кәсіби мерекеге орай жылда республикалық форум ұйымдастырады. Биыл да бұл игі бастама жалғасын тауып, 27 қыркүйекте ауқымды іс-шара болады. Форум аясында ұзақ жыл жемісті жұмыс істеп, зейнеткерлікке шыққан еңбек ардагерлері, өз саласының озаттары, білікті тәлімгерлер мемлекеттік наградалармен марапатталады.

– Осы жылдың басында «Еңбек жолы» конкурсы басталып еді. Қорытындысы қашан жарияланады?

– Бұл конкурс екі кезеңде ұйымдастырылады. Алдымен 17 облыс, 3 қалада іріктеу өтті. Жергілікті атқарушы органдар шілде айына дейін әр аймақтағы іріктеу кезеңін өткізді.  Конкурс жеңімпаздары үш номинация бойынша анықталады. «Үздік еңбек династиясы» аталымында әр саладағы өз мамандығын ғасырдан жалғап, әкеден балаға мирас етіп  келе жатқан жандар марапатталады. «Үздік тәлімгер» номинациясында жастарды еңбекке баулып жүрген тәлімгерлердің арасынан дара шыққандары құрметке бөленеді. Ал «Үздік жас өндіріс жұмыскері» аталымында атауы айтып тұрғандай, өндіріс саласындағы дарынды жастардың алғырлығы, біліктілігі бағаланады. Жалпы биылғы конкурсқа 505 өтінім түсті. Солардың арасынан іріктелген 66 үміткердің еңбектері республикалық комиссияның қарауына жіберілді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіндегі республикалық комиссия оның ішінен 20 үміткердің өтінімін іріктеп алады. Комиссия құрамында министрлік өкілдері, Парламент депутаттары, қауымдастықтың өкілдері, әлеуметтік саладағы ұйымдардың мамандары бар.  Желтоқсан айында «Жұмысшы мамандықтар жылын» қорытындылау шарасында осы конкурстың жеңімпаздары да анықталып, марапатталады.

 Әңгімелескен –

Қуаныш Нұрданбекұлы,

«Egemen Qazaqstan»

 

 

 

Соңғы жаңалықтар

Семей-Астана тасжолы тазаланды

«Таза Қазақстан» • Кеше

Жылумен қамту - жауапты міндет

Жұмысшы мамандықтар жылы • Кеше

Алматыда дәмхана өртенді

Төтенше жағдай • Кеше