Елігімай ТӨҢКЕР
Елігімай ТӨҢКЕР«Egemen Qazaqstan»
533 материал табылды

Қоғам • 28 Қаңтар, 2025

Оксфордқа шақырту алды

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шы­ғыс­тану факультеті қытайтану кафедрасының жас ғалымы Арыс­танбек Ақылбай Оксфорд универ­ситетіне танылған студент ретінде қабылданды.

Экономика • 24 Қаңтар, 2025

Салық шегерімін қалай қолданады?

Биылдан бастап елімізде салық жеңілдіктері енгізілді. Салық шегерімі бірінші кезекте көпбалалы аналар мен ипотека рәсімдеген азаматтар үшін пайдалы. Ереже қазақша жазылса да, бухгалтерияның күрделі тілін ұғу оңай болмай тұр. Осыны қарапайым тілге аударып, түсіндіріп көрмекпіз. Ол үшін кәсіби бухгалтер, салық кеңесшісін сөзге тарттық.

Қазақстан • 23 Қаңтар, 2025

Үш әуежайдың құрылысы басталды

Мемлекет басшысының тапсырмасымен Зайсан, Катонқарағай және Кендірлі курорттық аймақтарында үш жаңа әуежайдың құрылысы басталды. Жобалар ішкі туризм мен жолаушылар әуе тасымалын дамытуға бағытталған. Бұл аталған өңірлер экономикасын дамытып, туристердің келуін арттырады.

Қаржы • 22 Қаңтар, 2025

Валюта сатылады

Инфляцияны 5%-дық нысаналы деңгейге төмендету мақсатында Ұлттық банк отандық алтын өндіруші кәсіпорындардан бұрын сатып алынған алтынды сату арқылы түскен долларды ішкі валюта нарығында сатуға шешім қабылдады.

Экономика • 22 Қаңтар, 2025

Мұнай-газ тәуекелі: Тығырықтан шығар жол қайсы?

Мұнай бағасының тым төмен түсуі ел бюд­жетіне, оның ізін ала халықтың тұрмысына әсер етпей қоймайды. Жалпы, мұнай – таусылатын ресурс. Жа­қын арада түгесіле қой­майды дегеннің өзін­де оның бағасының тү­сіп кету тәуекелін еш­кім жоққа шығара алмай­ды. Сарапшылар Д.Трамп­тың билікке келуі жаһандық шикі­зат нарығына көп өзге­ріс әкелуі мүмкін деп те болжайды.

Қаржы • 21 Қаңтар, 2025

Ұлттық қор: меже мен мүмкіндік

Ұлттық қор – ел болашағының қаржылық іргетасы. Былтыр сәуірде Ұлттық банк 2030 жылға дейінгі тұжырымдаманы жария­лап, сол уақытқа дейін Ұлттық қор активтерін 100 млрд долларға жеткізу мақсатын көздеген болатын. Сол межеге жетуге бес-ақ жыл қалды, ал бүгінгі ахуал­дан мұндай биікке көтерілу жолы бұлыңғыр көрінеді.

Қаржы • 18 Қаңтар, 2025

Базалық мөлшерлеме өзгермеді

Ұлттық банктің Ақша-несие саясаты комитеті базалық мөлшерлемені бұрынғы 15,25% деңгейінде қалдыру туралы шешім қабылдады. Қазір елдегі жылдық инфляция деңгейі – 8,6%. Негізгі мақсат – 5%-ға төмендету.

Үкімет • 18 Қаңтар, 2025

Таңбалау үдерісінің тынысы ашылды

Елімізде дәріханалар мен медициналық ұйымдар арқылы 12 млн таңбаланған дәрілік зат сатылды.

Салық • 17 Қаңтар, 2025

Салық жүйесі қайтсе сапаланады?

Былтыр Мемлекет басшысы Жолдауда еліміздің салық жүйесін жаңғырту қажеттілігіне баса назар аударған-тұғын. Президенттің пікірінше, жаңа Салық кодексі экономиканы тұрақты дамытудың, іскерлік белсенділікті арттырудың әрі салықтық әділеттілік қағидаттарын енгізудің маңызды құралы болмақ. Одан бөлек, салық жүйесін цифрлан­дыру, жоба-жоспарын реттеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Оның ішінде жаңа Салық төлеушінің кабинеті бар.

Қоғам • 16 Қаңтар, 2025

Жалақыны көбейтудің жолы қандай?

Биыл 1 қаңтарда бастап елімізде салық шегерімде­ріне қатыс­ты жаңа өзгерістер күшіне енді. Енді отандастарымыз ипотекалық несие, медициналық қызмет және білім алу шығыны аясындағы салық шегерімдерін кеңінен пайдалана алады. Бұл жаңалық салық төлеушілердің қаржылық жүктемесін азайтып, халықтың әл-ауқатын жақсарта түседі.