Аймақтар • 17 Наурыз, 2025
Ақтөбе облысында елдімекендерге су кіре бастады
Наурыздың 16-нан бастап Ақтөбе облысы аумағында ауа температурасының күрт жылынуынан қар жылдам еріп, елдімекендерге су кіре бастады.
Жәдігер • 14 Наурыз, 2025
Ақтөбе облысында ежелгі ғұн тайпаларының қоныстарын анықтауға байланысты 2020–2023 жылдары ерекше қарқынмен басталған қазба жұмыстары бүгінде саябырсыды. Сол жылдары Ойыл ауданындағы Саралжын ауылында, Көптоғай ауылының Шөптігөлінде, Ш.Берсиев атындағы ауылдық округтің Қаздыаралында ғұн-сармат тайпаларының обалары, найза ұштары, құмыралар мен әшекей бұйымдары көптеп табылды.
Қоғам • 12 Наурыз, 2025
Он бірінші перзентін дүниеге әкелді
39 жастағы Ақтөбе қаласының тұрғыны Мінәура Мұхтарова жуырда он бірінші перзентін дүниеге әкелді. Салмағы – 3 680 грамм, бойының ұзындығы 57 см болып туған сәбиге Хантөре есімі берілді.
Қоғам • 08 Наурыз, 2025
Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңестері отбасы құндылықтарын сақтау, жас ұрпақты рухани-адамгершілік бағытта тәрбиелеуде ата-ана рөлін күшейту тұрғысында жұмыс атқарады.
Өшпес даңқ • 07 Наурыз, 2025
Әлекен әулеті Андрейді әлі күтіп жүр
Сырым Әлекен әулетінің үш буыны ХХ ғасыр басындағы солақай саясаттың зәбірін әбден көрді. Қиын-қыстау жылдары осы әулеттің жаулары тасада тұрып оқ атқандарымен қоймай, ұрпақтарына дейін түгел жойып жіберуді мұқият жоспарлаған. Оқиға 1934 жылдың күз айында Темір ауданы «Қонжар» кеңшарының тұрғыны, бұрынғы ауқатты Сырым Әлекенұлы мен оның бәйбішесі Әзизаны милиция жасағы арбаға байлап алып кетуден басталды.
Қоғам • 04 Наурыз, 2025
Еңбеккерлеріне баспана салып берді
Дөң ауылдық округіне қарасты Оңғар ауылының кіреберісінде, көлік жолының оң жағында қатар-қатар етіп салынған он қызыл үй ерекше көзге түседі. Бұл үйлерді «Данияр» шаруа қожалығының басшысы Серік Оразымбетов жұмыскерлеріне арнап салып берді. Жаңа үйлерге газ тартылған, орталықтандырылған ауызсу желісімен қамтылған.
Қоғам • 01 Наурыз, 2025
Үндемей жүріп үлкен іс тындырғандар
Елдің елдігі, халықтың ауызбіршілігі мен қайырымдылығы табиғи апат кезінде бір сынға түсті. Бірнеше өңірді шарпыған былтырғы су тасқынында жүздеген мың адамның баспанасы, мал-мүлкі суға кетсе де, ел-жұрттың тастүйін бірлігінің арқасында күз басталғанға дейін шығынның орны қалпына келді. Төтенше оқиғаның салдарын жоюға ақтөбеліктер де бір үйдің баласындай жұмылды.
Өшпес даңқ • 25 Ақпан, 2025
Әлия Молдағұлованың сағыныш хаттары
Ақтөбе қаласындағы Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың облыстық мемориалды музейінде әр жылдарда жинақталған батыр қыздың құжаттары, майдан хаттары, сондай-ақ ол шайқасқан жерлердегі қару-жарақтар, Ленинградта оқыған мектебінен әкелінген фотосуреттер, іздеу отрядтары тапқан деректер, қарулас серіктерінің естеліктері топтастырылған.
Форум • 20 Ақпан, 2025
Ақтөбеде этномедиация мәселелері талқыланды
Аймақтарда, елдімекендерде туындайтын дау-жанжалдарды шиеленіссіз шешу жолдары, мәмілегерлік институтты дамыту, этномедиаторлар мен этнокеліссөз жүргізушілерді дайындау мәселелері Ақтөбеде өткен «Бірлік пен келісімге 30 жыл» атты республикалық конференцияда талқыланды.
Еңбек • 14 Ақпан, 2025
Қыс ортасында таң алагеуімде де қараңғылық басып тұратын Қобданың көшелерінде ауыл итінің анда-мұнда еріне, есіней үргені болмаса, өзге қыбыр еткен дыбыс естілмейді. Ай жарығы сығырайған, табиғат маужыраған күйдегі әдемі тыныштықты бір сәтте қарды сықырлай басқан адам аяғының дыбысы бұзады. Санаулы секунд ішінде көше қиылысынан қолшамның жарығы түсіп, қалың тонды, саптама етігімен қарды нығырлай басқан, иығына асып алған сөмкесі бар зор денелі кісі жақындайды. Ол шеткі көшені кесіп өтіп, қырға беттеп барады. Бағыты – үш шақырым жердегі су айдайтын мекеме.