Баян ҚУАНДЫҚҚЫЗЫ
Баян ҚУАНДЫҚҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
482 материал табылды

Мирас • 15 Тамыз, 2024

«Желкенді мешіттің» жұмбағы

Темір ауданының орталығы Шұбарқұдық кентінен үш шақырым жерде Досжан ишан Қашақұлының мешіті бар. Оның құрылысын Шилісу өзені бойынан ұста Бірмән Көшімқұлұлы 100 адаммен бірге көтерген. Бірер жыл бұрын Ресей мұрағатынан атыраулық өлкетанушылар 1904 жылы Досжан ишан мешітін алыстан түсірген Дублянскийдің фотосын тапты. Қара күзде не ерте көктемде түсі­рілген болуы керек. Бір-бірімен жалғасып жат­қан қам кірпіштен тұрғызылған там үйлер. Мед­ресе оқушылары мен ұстаздарына арнап салынған үйлер сияқты. Әріректе мешіттің желкенді мұнаралары көзге шалынады. Тарихшы-археолог Серік Әжіғали Досжан ишан мешітін бір­неше күмбезді «желкенді мешіт» қатарына қосқан.

Оқиға • 07 Тамыз, 2024

Ақтөбеде футбол турниріне бара жатқан 5 бала қайтыс болды

Бүгін жергілікті уақытпен таңертеңгілік сағат 10:00 шамасында  «Шымкент-Самара» тасжолының бойында Хромтау қаласының жанында жол-көлік оқиғасы болып, 8 адам қайтыс болды. Оның үшеуі - ересек адам және бесеуі - бала, деп жазады Egemen.kz.

Аймақтар • 30 Шілде, 2024

504 отбасы дайын үйге кіреді

Көктемгі су тасқынында Ақтөбе облысында 4 087 тұрғын үйге су кірді. Тасқын зардаптарын жою жөніндегі өңірлік комиссия шешімімен 1 014 үй тұруға жарамсыз, ал 3 073 тұрғын үй мен саяжай баспаналары жөндеуге жарамды деп танылды. Сондай-ақ 3 004 үйдің жөндеу жұмыстарына жергілікті бюджет есебінен 9 млрд теңге бөлініп, осы қаржы үй иелерінің есепшоттарына аударылды. 504 отбасы жаңа үйдің салынуын күтпей-ақ, өздері тұрып жатқан аудан аумағынан сатылымдағы тұрғын үйлерді алуға келісімін берді.

Экономика • 27 Шілде, 2024

Саудада таза жанның ұпайы түгел

Өңірдегі сауда саласын бір кісідей біліп қана қоймай, осы салада еңбек етіп жатқан кәсіпкерлерді барынша қолдап жүрген Дмитрий Довматенконы әріптестері табандылығы, бірсөзділігі, жұмысына тиянақтылығы, берген уәдесіне беріктігі, біртоға мінезі үшін ерекше құрметтейді.

Жәдігер • 26 Шілде, 2024

Ұстаның көрігі

Қайыржан Жұбаниязұлы 1890-1930-жылдары Ойыл өзені бойындағы ауыл­дардың соқа-темірі мен күрек-сайманын соғып, үй тұрмысындағы зат­тарын бүтіндеп қана қоймай, зергерлікпен де айналысқан. ХХ ғасыр бас­­­ындағы ауылдардың шаруашылыққа қажетті бұйымдарын соққан ұста қолының табы қалған дүниесі – ағаштан жасалып, былғарымен қап­тал­ған көрігі бүгінде Ш.Берсиев атындағы Ойыл аудандық өнер және өлке та­ри­хы музейінде тұр. Қастерлі дүниені 2006 жылы ұстаның қызы Ақзер Қайыр­жан­қызы тапсырған.

Ұлттық спорт • 19 Шілде, 2024

«Алаш сақасы» алшысынан түсті

Ақтөбеде өткен «Алаш са­қасы» біріншілігінде Алматы, Ақмола, БҚО, Жамбыл, Маң­ғыстау, Қарағанды, Қос­танай, Қызылорда, Павлодар, Түркістан, Ұлытау облыс­тарынан және Астана мен Шымкент қалаларынан келген 30 сұрмерген сайысты.

Экология • 18 Шілде, 2024

Шалқар жағалауының сәні кірді

«Таза қала – таза жағалау» акциясы аясында Шалқар ауданының жастары Шалқар көлінің жағалауын қоқыс­тар мен тұрмыстық қалдықтардан тазартып, елімізде өтіп жатқан «Игі істер» марафонына үлес қосты.

Саясат • 17 Шілде, 2024

Құрылыс жұмысымен танысты

Сенат депутаты Бауыржан Қаниев Ақтөбе облы­сының тұрғындарымен, облыстық және қала­лық әкімдіктердің басшылығымен, сондай-ақ мәс­лихат депутаттарымен бірқатар кездесу өткіз­ді. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, су тасқынының салдарын жою және алдағы жылыту маусымына дайындық мәсе­лелері – кездесулердің негізгі тақырыбы болды.

Мирас • 17 Шілде, 2024

Жұмағали ишан мешіті

Үстірттің солтүстігі мен Каспий маңы ойпатының шектес­кен жерінде, Ақтөбе облысының Байғанин ауданы мен Атырау облысының Жылыой ауданы аумағында әйгілі Доңызтау созылып жатыр. Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай менмұндалаған таудың ұзындығы 90 шақырым, ені 20 шақырым болса, ең жоғарғы биігі 215 метрге жетеді. Доңызтаудың бойын есте жоқ ескі заманнан бері ел жайлаған. Доңызтаудың жұрты төменге көп түспейтін.

Білім • 11 Шілде, 2024

Жазғы демалыс қызығы

Жазғы каникул күндерінде Ақтөбе облысында қала сыр­тын­да 7,мектепішілік 574 лагерь жұмыс істеп, өңірдегі жүз мың­нан астам мек­теп оқушы­сына қы­зықты демалыс сыйлай­ды. Облыс­тық білім басқар­масы БАҚ өкілдері үшін баспасөз турын ұйым­дастырып, үш ла­герьдегі сауықтыру ша­ра­ларымен таныс-тырды.