Қоғам • 08 Сәуір, 2026
Заң күшейді: Мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптар көбейді
Мемлекеттік қызметке кір келтіретін қылықтардың тізбесі заң жүзінде кеңейтілді. Қабылданған заң мемлекеттік қызметшілердің құқықтық кепілдіктерін жетілдіреді. Оның ішінде жауапкершілікті жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларды қоса алғанда, тәртіптік жауапкершіліктің икемді тәсілдері мен негіздері белгіленеді, жауапкершілікті болдырмайтын мән-жайлар бекітіледі, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 08 Сәуір, 2026
Енді мемлекеттік қызметке кадрларды іріктеу цифрлық форматта жүзеге асырылады
Мәжіліс екінші оқылымда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңды жаңа редакцияда, ілеспе түзетулермен қабылдады. Құжаттар Мемлекет басшысының мемлекеттік қызмет жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі тапсырмаларын орындау мақсатында әзірленген, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 08 Сәуір, 2026
Қазақстанда иесіз жануарларды тегін вакцинациялау тоқтатылады
Мәжіліс «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заңға енгізілетін түзетулерді қабылдады. Құжат осы саладағы заңнаманы жетілдіруге, азаматтардың қауіпсіздігін арттыруға және жануарларға ізгілікпен қарауға бағытталған, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 08 Сәуір, 2026
Үй жануарларын чиптеу: Жануарлар туралы жаңа заң бойынша иелердің жауапкершілігі күшейтіледі
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заңға енгізілетін түзетулер қаралды. Заң жобасын талқылау кезінде депутат Еділ Жаңбыршин егер де қожайыны бар ит адам өміріне, денсаулығына немесе мүлкіне зиян келтіретін болса, оған жауапкершілік қарастырылатын норма енгізілгенін айтты, деп жазады Egemen.kz.
Қаржы • 08 Сәуір, 2026
Банктер мен байланыс операторларының атынан жалған хабарламалар жіберген алаяқтар ұсталды
Қаржылық мониторинг агенттігі Бас прокуратурасы үйлестіруі және «TELE2» ұялы байланыс операторымен бірлесіп, азаматтардың құпия деректері мен ақшалай қаражатын ұрлау мақсатында фишингтік хабарламаларды жаппай таратқан қылмыстық топтың қызметін тоқтатты, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 08 Сәуір, 2026
Жанарбек Әшімжан: Ақылгөй коучтартардың сабағы отбасында шырғалаң тудырып отыр
Мәжіліс депутаттары «Психологиялық қызмет туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан соңғы уақытта коучтар мен тренерлер кеңесі азаматтардың жеке өміріне кері әсер етіп жатқанын атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 08 Сәуір, 2026
Психологтар мемлекеттік тізілімге тіркелуге міндеттеледі
Мәжіліс депутаттары «Психологиялық қызмет туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Мақұлданған заң жобасында психологтардың біліміне, қайта даярлауға және біліктілігін растауға қойылатын талаптар белгіленеді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 08 Сәуір, 2026
Перизат Қайраттан тәркіленген көлік мемлекеттік органдардың меншігіне берілді
Қайырымдылық қаражатын жымқырғаны үшін сотталған Перизат Қайраттың Mercedes-Benz S450 көлігін аукционға қою туралы хабарландыру жарияланған еді. 7 сәуірде электрондық сауда порталында Перизат Қайраттан тәркіленген көлік мемлекеттік органдардың меншігіне берілгені туралы ақпарат жарияланды, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 08 Сәуір, 2026
Мұғалімдердің пәндік білімін бағалау тесті тоқтатылды
Елімізде мұғалімдердің пәндік білімін бағалау тесті тоқтатылды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 08 Сәуір, 2026
Иран мен АҚШ екі апталық бітімге келді: Ормұз бұғазы ашылады
Екі аптаға созылатын уақытша бітім аясында Иран Ормұз бұғазын қайта ашуға дайын. Бұл туралы елдің Сыртқы істер министрі Аббас Аракчи X әлеуметтік желісіндегі парақшасында мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.