
Заң • 12 Маусым, 2025
Мемлекет басшысы аквашаруашылыққа қатысты бірқатар Заңға қол қойды
Мемлекет басшысы «Аквашаруашылық туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне аквашаруашылық, агроөнеркәсіптік кешен, электр энергетикасы және жекелеген орталық мемлекеттік органдардың функцияларын қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 11 Маусым, 2025
Әлем назарын өзіне аударудан жаңылмайтын технология алыбы Илон Маск саяси мәлімдемесімен көпшіліктің қызу талқысына тағы да түсті. Бұл жолы ол АҚШ президенті Дональд Трампқа қатысты айтқан сыни пікірлеріне ашық түрде өкініш білдіріп, саяси сахнадағы көпжақты қарым-қатынас пен жеке позициялардың қайшылығын тағы бір мәрте көрсетті, деп жазады Egemen.kz.
Энергетика • 11 Маусым, 2025
Елімізде жаңа энергетикалық жобалар іске қосылады
Электр энергиясына деген сұраныстың тұрақты өсімі мен өндірістік инфрақұрылымның тозуы еліміздің энергетикалық жүйесіне жүктелетін жауапкершілікті арттырып отыр. Осыған байланысты Энергетика министрлігі 2035 жылға дейінгі кезеңде жаңа генерация қуаттарын іске қосу және қолданыстағы электр станцияларын жаңғырту бойынша нақты іс-шараларды жүйелі түрде жүзеге асырып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Өнер • 11 Маусым, 2025
Құтқарушылардың қатарында қабілетімен көпті тамсандырған талай жан бар. Олардың арасында суретші, музыкант, ақын, тіпті декоративті-қолданбалы өнер шеберлері де аз емес. Бұл – олар үшін тек көңіл көтерер ермек емес, рухани жан дүниенің көрінісі, әріптестерге үлгі болатын өнеге. Шын мәнінде, рухтың қуаты тек ерлік пен ержүректік әрекеттерде ғана емес, шығармашылықта да айқын көрініс табады, деп жазады Egemen.kz.
Құқық • 11 Маусым, 2025
ІІМ мас жүргізушілерге қатысты жазаны жеңілдетуге қарсы
Ішкі істер министрлігі алкогольдік немесе есірткілік мас күйде көлік басқарған тұлғаларға қатысты әкімшілік жауапкершілікті жеңілдету туралы ұсыныстарды қолдамайтынын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 11 Маусым, 2025
Инвестициясыз өнім жоқ - экономист
Елімізде ресми инфляция баяулап жатыр десек те, мұны халықтың әмияны аса сезініп отырған жоқ. Экономист Алмас Чукин Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,5% деңгейінде қалдыратынын айтады. Бұл – жақсы жаңалық, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 11 Маусым, 2025
Қазақстан мен Словакия қарым-қатынасының тарихы терең - Президент
Президент Словакия Республикасының Премьер-министрі Роберт Фицоға және барша делегация мүшелеріне ілтипат білдірді, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 11 Маусым, 2025
Қазақстан-Словакия байланысы нығаяды
Мемлекет басшысы Словакия Премьер-министрімен кеңейтілген құрамда жүргізілген келіссөз барысында Словакияны Қазақстанның Еуропадағы маңызды әрі сенімді серіктесі ретінде атады, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Медицина • 11 Маусым, 2025
Отбасылық дәрігерлер ұлықталды
Еліміздің астанасында «Жалпы практика дәрігері – медициналық-санитариялық алғашқы көмектің көшбасшысы» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті. Жиынның негізгі мақсаты – жалпы практика дәрігерлерінің кәсіби әлеуетін нығайтып, халық денсаулығын сақтаудағы рөлін арттыру, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 11 Маусым, 2025
Шу ауданында цифрлық бақылау жүйесі іске қосылды
Елімізде су ресурстарын тиімді пайдалану мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Әсіресе, суармалы егіншілікке тәуелді өңірлер үшін бұл мәселенің мәні зор. Осы бағытта жасалған нақты қадамдардың бірі – Жамбыл облысы Шу ауданында жүзеге асырылған су есепке алу және бақылауды автоматтандыруға арналған қанатқақты жоба, деп жазады Egemen.kz.