
Жасанды интеллект • 11 Маусым, 2025
Ұлттық статистика бюросы цифрланып келеді
Елімізде ұлттық статистиканы цифрлық трансформациялау үдерісі жаңа кезеңге аяқ басты. Жуырда Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінде өткен кеңесте статистикалық қызметті заманауи технологиялармен жаңғыртуға бағытталған нақты қадамдар талқыланды. Реформаның басты мақсаты – мәліметтерді жинау мен өңдеудің тиімділігін арттырып, сапалы әрі қолжетімді статистикалық ақпарат ұсыну арқылы мемлекеттік басқару моделін ашық әрі нәтижелі ету, деп хабарлайды Egemen.kz.
Еңбек • 11 Маусым, 2025
Елімізде орта білікті мамандарға сұраныс жоғары
Биылғы жылдың мамыр айында еліміздің электрондық еңбек биржасы – Enbek.kz порталы жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілер арасындағы аралық көпір ретіндегі қызметін белсенді түрде жалғастырды. Алайда өткен аймен салыстырғанда нарықтың тынысы сәл бәсең тартқандай, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 10 Маусым, 2025
АҚШ-та Трампқа қарсы жаппай наразылықтар өтіп жатыр
АҚШ-тың бірқатар ірі қаласында Дональд Трамп әкімшілігінің заңсыз мигранттарға қатысты әрекеттеріне қарсы бағытталған жаппай наразылық шерулері өтті, деп жазады Egemen.kz.
Логистика • 10 Маусым, 2025
Ақтауда контейнерлік хаб іске қосылды
Ақтауда Мемлекет басшысының 2023 жылғы қыркүйекте берген тапсырмасына сәйкес бой көтерген контейнерлік хаб мерзімінен бұрын іске қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Еңбек • 10 Маусым, 2025
Еңбек заңнамасын бұзған кәсіпорындар жауапкершілікке тартылды
Биылғы жылдың 1 маусымындағы жағдайға сәйкес мемлекеттік еңбек инспекторлары еліміздегі 85 кәсіпорында жалақы бойынша берешек бар екенін анықтады. Аталған кәсіпорындар 2 мыңнан астам қызметкерге 814 миллион теңгеден астам еңбекақыны уақтылы төлемеген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 09 Маусым, 2025
Даудың басы – Дональд Трамптың доллары
Илон Маск пен Дональд Трамп арасындағы дүрдараздық – ғаламтор бетіндегі ғайбат қана емес, саясат сахнасындағы айбат. Екі түйе сүйкенсе, ортасында шыбын өледі. Сарапшылар қос алыптың қақтығысы ел экономикасы мен ұлттық қауіпсіздікке үлкен қауіп туғызып тұрғанын айтады, деп жазады Egemen.kz.
Тарих • 04 Маусым, 2025
Елімізге белгілі тұлғаларды елордада, Есілдің жағасында қыдырып жүргенде жиі кездестіремін. Көбі Еуразия ұлттық университетінің профессорлары. Бір қолында портфель, бір қолында газет. Сондай зиялылардың бірі – Жандарбек Мәлібекұлы. Бір күні Елтаңба авторынан басылым беттерін қалдырмай оқуының себебін сұрадық. Сөйтсек, оның өмірін кілт өзгерткен осы газет екен. Жә, басынан бастайықшы.
Тарих • 31 Мамыр, 2025
Ақмола іргесіндегі АЛЖИР лагері – кеңестік қуғын-сүргіннің қасіретті келбеті. Тарихи шындықты бүкпесіз баяндайтын бұл орын ХХ ғасырдың 30–50 жылдарындағы сталиндік репрессия кезінде мыңдаған әйелдің тағдырын тас-талқан еткен еді.
Отбасы • 28 Мамыр, 2025
Жұбайлардың бірін-бірі қолдауы – өмірдің ең қымбат сыйы. Алайда ақыл-ойымен жаһанға жарық шашса да, бұл игілік тағдыр тақтасына түртілмей кеткен хакімдер жетерлік.
Абай • 23 Мамыр, 2025
Ақыл-ой алыптарының галереясында хакім Абай дидарының бейнесі бедерлі, тұлғасы елеулі. Оны түсіну – даналық бақшасына еккен алғашқы дәніңіз. Философ Мишель Фуконың «дүние – ең үлкен мәтін» деген пайымына илансақ, сөз – оның ең кішкентай бөлшегі. Сол себепті данышпан Абайдың пәлсапасын түсіну үшін ол жиі қолданған 5 сөзді зерделеп, оның танымдық тамырына үңіліп көрдік.