Футбол • 07 Қаңтар, 2026

Ислам Чесноков Шотландияның «Хартс» клубына ауысты

50 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Ислам Чесноков Шотландия чемпионатында өнер көрсететін «Хартс» клубының ойыншысы атанды, деп жазады Egemen.kz.

Ислам Чесноков Шотландияның «Хартс» клубына ауысты

Шотландиялық клуб Ислам Чесноковтың ресми түрде командаға қосылғанын жариялады. 26 жастағы футболшы жаңа клубымен 2028 жылдың жазына дейін келісімшартқа қол қойды. Ол «Хартсқа» қостанайлық «Тобыл» клубынан еркін агент ретінде ауысты.

Осылайша, Ислам Чесноков «Хартс» тарихындағы және жалпы Шотландия чемпионатындағы алғашқы қазақстандық футболшы атанды. Жаңа командасында ол 99-нөмірмен ойнайды.

«Хартс» – Шотландияның ең титулды клубтарының бірі. Команда ел біріншілігінде төрт рет чемпион атанып, сегіз мәрте Шотландия кубогын жеңіп алған. Биылғы маусымда 20 турдан кейін клуб 44 ұпай жинап, турнир кестесінде көш бастап тұр.

Ислам Чесноков – өскемендік «Алтай» клубының түлегі. Ол кәсіби мансабын 2018 жылы жастар құрамында бастап, 2020 жылғы 15 қыркүйекте «Тұранға» қарсы ойында негізгі құрамда алғаш рет алаңға шықты.

чесноков

2021 жылдың сәуірінде футболшы Беларусьтің Белшина клубына ауысты. Жоғары лигада 2022 жылдың 20 наурызында могилёвтік «Днепрге» қарсы матчта дебют жасады. Ал алғашқы голын сол жылдың 21 мамырында «Ислочь» қақпасына соқты. Беларусь клубы сапында барлық турнирде 59 матч өткізіп, 11 гол мен 11 нәтижелі пасқа автор болды.

Дастан Сәтпаев үздіктердің көшін бастап тұр

2023 маусымынан бастап Ислам Чесноков «Тобыл» сапында ойнап, 92 матчта 29 гол соғып, 15 голдық пас берген.

Енді жерлес футболшымыз мансабын Шотландия чемпионатында жалғастырып, ел футболы тарихында жаңа белеске қадам баспақ.

Соңғы жаңалықтар