Таным • 28 Ақпан, 2025
Ғалам ғажаптары: «Алло»-ның тарихы
1876 жылы Дүниежүзілік Филадельфия көрмесінде америкалық ғалым Александр Белл алғаш рет халық назарына телефон аппаратын ұсынды. Ол грек тілінен аударғанда «теле» – алыс, «фоно» – дыбыс деген мағына берді.
Таным • 28 Ақпан, 2025
Ғалам ғажаптары: Аспабына атауы сай
Саксофонды 1846 жылы бельгиялық азамат Адольф Сакс ойлап тапқан. Бірақ бір қызығы, өнертапқыш бұл аспапты «мундштучты офиклеид» деп атаған. Айтуға да, оқуға да қиын сөз.
Таным • 26 Ақпан, 2025
Ғалам ғажаптары: Жанашыр спортшы
«NBA» ойыншысы Хорас Грант мансабының ортасында алыстан көрмеу (миопия) мәселесіне тап болып, арнайы спорттық көзілдірік киюге мәжбүр болды. Кейін лазерлік коррекция операциясын жасатып, баскетболшының көру қабілеті жақсарды.
Таным • 26 Ақпан, 2025
Ғалам ғажаптары: «Балабақша» ұғымы қайдан шықты?
Мектепке дейінгі мекемені «балабақша» дейміз. Ағылшындар «kindergarten», орыстар «детский сад», қытайлар «юэрюань», француздар «jardin d’enfants» дейді. Бәрі де осы «балалар бақшасы» деген мағынаны білдіреді.
Таным • 26 Ақпан, 2025
Ғалам ғажаптары: Фулктің футболға әсері
Уильям Фулк – ағылшын футболы тарихындағы ең алып қақпашылардың бірі. Оның бойы 193 см, ал салмағы 150 кг болған. Осындай алпамса денесімен ол қарсыластарына психологиялық үрей туғызатын.
Таным • 25 Ақпан, 2025
Кэндзабуро Оэ – Жапонияның ең танымал жазушыларының бірі.
Кітапхана • 25 Ақпан, 2025
Ғалам ғажаптары: Біртүрлі кітапхана
Данияда ерекше кітапхана бар. Ерекшелігі сол, ондағы сөрелерде ешқандай да кітап жоқ. Бірақ сөйлесіп отырған адам көп. Олардың бәрі құр әңгімелесіп отыр деп ойлап қалмаңыз, «кітап» оқып отыр.
Таным • 25 Ақпан, 2025
Ғалам ғажаптары: Калькулятордан да жылдам бала
Үндістанның Махараштра штатынан шыққан 14 жастағы бала бір күнде алты рекорд орнатты.
Білім • 21 Ақпан, 2025
Білім алуға қаржылай көмектеседі
«Coventry University Kazakhstan» президенті Мирас Дәуленов пен «Қаржы орталығы» АҚ басқарма төрағасы Асқар Ибраимов ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Осы келісім шеңберінде «Келешек» бірыңғай ерікті жинақтау жүйесіне тіркелген студенттер университетте 20 пайызға дейінгі жеңілдікпен оқи алады.
Қоғам • 21 Ақпан, 2025
Стоматологиядағы сәтті бастама
«Aidentis» – елімізде медицина мен IT-индустрияның тоғысында пайда болған инновациялық стартап. Аталған жоба стоматологтердің жұмысын едәуір жеңілдетеді. Бұл – тіс ауруларын дәл әрі жылдам диагностикалауға арналған жасанды интеллект платформасы.