Мұрат ҚАПАНҰЛЫ
Мұрат ҚАПАНҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
252 материал табылды

Аймақтар • 26 Ақпан, 2025

Жол сапасы жіті бақылауда

Биыл Павлодарда 417 шақырым жол жөнделеді. Бұл мақсатқа қазынадан 25,3 млрд теңге қарастырылған. Ертіс–Баян өңіріндегі автожолдардың жалпы ұзындығы – 5 515 км. Оның 1 663 км-ы республикалық болса, 1 122 км-ы облыстық маңызға ие.

Өнер • 26 Ақпан, 2025

Есте қаларлықтай ерекше концерт

Ертіс–Баян өңірінде ел есінде қаларлық ерекше концерт өтті. Жергілікті композиторлардың шығармалары орындалған кеште бұрын үлкен сахнаға аяқ бас­паған алыс аудандардың өнер­­паздары жарқ етіп көрінді.

Архив • 25 Ақпан, 2025

Құндылықты сақтайтын орын қат

Ертіс-Баян өңіріндегі мемлекеттік архивтерде жалпы саны 1 млн 300 мыңнан астам құжат сақтаулы. Облыс­тық мемлекеттік архивте бүгінде 1 млн 79 мың құжат бар.

Аймақтар • 22 Ақпан, 2025

Бұралқы иттер малға шауып жатыр

Ақтоғай ауданының тұрғындары тарапынан бұралқы иттердің малға шабуылдағаны туралы шағымдар жиілеп кетті. Аудан орталығында бір топ ит жұрттың қоражайларына кіріп, қозы-лақтарын тартып кетіп жатыр. Тұрғындардың айтуынша, қараусыз жүрген жануарлар бұзау-тайыншаға дейін ауыз салатын көрінеді.

Шаруашылық • 21 Ақпан, 2025

Павлодарлық фермерлер сәбіздерін сата алмай отыр

Павлодарлық фермерлердің өткен күзде жинаған сәбіз­дері әлі күнге сатылмай қоймада сақта­лып тұр. 50 мың тонна өнімнің алды бұзыла бастаған. Көкөніс өсірушілер отандық нарықты Ресейдің арзан өнімі жайлап алғанына наразы.

Аймақтар • 20 Ақпан, 2025

Жылу жүйесін жаңарту көңіл көншітпейді

Павлодар облысында биыл жылу желілерін жаңартуға қазынадан 31,9 млрд теңге бөлінген. Қаражат есебінен 30 км жылу жүйелері жаңартылуы керек.

Қоғам • 18 Ақпан, 2025

Ардагерге тосын мереке сыйлады

Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері Мария Матюшина келер жылдың қаңтар айында 100-ге келеді. Ол небәрі 16 жа­сында өз еркімен сұранып, майдандық курсқа жазылады да, соғысқа аттанып кете барған. Жуықта Ұлттық ұлан оркестрі ғасыр жасаған соғыс ардагеріне мереке сыйлады.

Аймақтар • 18 Ақпан, 2025

Тасқынға даярлықты күшейту қажет

Павлодар облысында 52 елді мекен қарғын судың құрсауында қалуы мүмкін. Өңірде су тасқынынан пайда болатын ықтимал апат­тардың алдын алуға қатысты қандай жұмыстар жүргізіліп жат­қанын зерделеп көрдік.

Құтқарушы • 15 Ақпан, 2025

Әуе кемесіндегі ерлік

Қажы сапарынан келе жатқан павлодарлық азамат жетісулық дәрігердің арқасында аман қалды. Ақ желеңді абзал жан әуе кемесіндегі жолаушының өмірі үшін төрт сағатқа жуық күресіп, Алматыға есен-сау жеткізген.

Аймақтар • 14 Ақпан, 2025

Мұз өткелдеріне мән берілсе...

Павлодар облысында бес мұз өткелі ашылды. Олардың барлығы Ертіс өзені үстінде орналасқан. Өткелдер Май, Аққулы, Тереңкөл аудандарында пайдалануға беріліп, мұз үстінде жаяу жүргіншілермен қоса, автокөліктер де қозғала бастады. Мамандар қозғалыс ережелері мен қауіпсіздік шараларына сақ болуды ескертеді. Себебі жергілікті атқарушы органдар оларды арнайы қалқандармен, құтқару құралдарымен қамтамасыз етпеген.