
Экономика • 02 Қазан, 2024
Павлодар:1 млрд долларлық инвестицияның ауылы алыс емес
Аймақ экономикасы шетелдік инвесторлар алдында тартымдылығын барынша сақтап отыр. Қазір өңірде жалпы сомасы 2,5 трлн теңге болатын 119 инвестициялық жобалар пулы құрылған. Облыстың өңдеу саласында, соның ішінде ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіпте инвесторға сұранып тұрған өнім түрлері баршылық.
Аймақтар • 02 Қазан, 2024
Павлодар облысында тұрғын үйлерді жылуға қосу жұмыстары тәмамдалып қалды. Қазірде Ақсу қаласындағы барлық тұрғын үй жылуға қосылған. Ал Павлодар мен Екібастұздағы іс-шаралар бір-екі күнде аяқталуы тиіс.
Қоғам • 28 Қыркүйек, 2024
Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейіне Жүсіпбек Аймауытұлының үлкен ұлы Бектұр Аймауытовтан қалған жәдігерлер тапсырылды. Ұлының тұяғы кеңес өкіметінің солақай саясатынан өмір бойы Азия елдеріне шығарылмай, «халық жауының баласы» деген жаламен 10 жылын Ресей түрмелерінде өткізген.
Театр • 28 Қыркүйек, 2024
Астана қаласы әкімдігінің «Жастар театры» «Ертіс-Баян» І республикалық театр фестивалінде жеңімпаз атанды. Режиссер Дәурен Серғазиннің «Күйеу бала» спектаклі ұлттық драматургия саласында жаңа бір буынның қалыптасып келе жатқанын аңғартты. Қойылымды көріп отырып, бір жылап, бір күлдік.
Мәселе • 27 Қыркүйек, 2024
Өңір билігінің қазіргі уайымы – тұрғындар мен бюджеттік ұйымдарды көмірмен уақтылы қамтамасыз ету. Жеке үйлерді жылытуға алдағы қысқа 326 мың тонна отын қажет. Көмірмен қамтуға қатысты барлық өңір бірдей белсенді жұмыс жүргізіп жатқан жоқ. Мәселен, Ақсу қаласының теміржол тұйығында көмір табылмай тұр.
Мирас • 27 Қыркүйек, 2024
1959 жылы Қаныш Сәтбаев Баянауылдағы туған ауылына келіп, ата-анасының рухына тағзым етіп, ас береді. Бұл ғұламаның туған еліне деген сағынышын басқан соңғы сапары екен. Сол сапарында кіндік қаны тамған Айрықпен қимай қоштасқан Қанағаң Жанақ ақынның «Баянтау» дастанын кең даланы жаңғырықтыра жатқа айтып, көзі шарасына толып, қатты толқыпты.
Аймақтар • 26 Қыркүйек, 2024
Павлодарда «Алтын сақа» қосымша білім орталығы ашылды. Жалпы саны 18 мың баланы қамтуға арналған ұйымда IT-студия, роботтехника үйірмелері, шығармашылық, спорттық және музыкалық бағыттағы секциялар жұмыс істейді.
Қоғам • 26 Қыркүйек, 2024
Бұқар жырау атындағы Әдебиет және өнер музейінде қазақ киносының аңызы Асанәлі Әшімұлының жеке заттары қойылған кабинет ашылды. Онда актердің киген шапаны, шахмат тақтасы, үстел үсті жиынтықтары және өзге де пайдаланған жеке заттары, фотосуреттері қойылған.
Руханият • 24 Қыркүйек, 2024
Жүсіпбек Аймауытұлын қазақ сахна өнерін зерттеушілер ұлттық театрдағы алғашқы режиссер ретінде танитыны жасырын емес. Алаш ардақтысының сан қырлы өнер иесі болғанын бүгінгі ұрпақ енді-енді біле бастады. Өкінішке қарай, елімізде жүсіпбектану саласы әлі де кенжелеп тұр. Керекуге жиналған ғалымдар мен өнер иелері әйгілі жерлесіміздің еңбектері жайында ой тарқатты.
Театр • 24 Қыркүйек, 2024
Театр тарландары – Ертіс-Баян өңірінде
Павлодарда «Ертіс-Баян» І республикалық театрлар фестивалі өтіп жатыр. Өнер додасы 25 қыркүйекке дейін жалғасады. Онда алғашқы іріктеуден өткен 11 театр өз қойылымдарын көрсетеді.