Оқиға • 25 Шілде, 2025
Алматы облысында әскери тікұшақ радардан жоғалып кетті
2025 жылғы 25 шілдеде Алматы облысында жоспарлы ұшу кезінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әуе қорғанысы күштеріне тиесілі EC-145 тікұшағы радардан жоғалып кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өнер • 25 Шілде, 2025
Димаш Құдайберген Нью-Йоркте концерт береді
Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Нью-Йорк қаласында жеке концерт береді. Ауқымды музыкалық шоу 2025 жылғы 5 қазанда әлемге әйгілі Madison Square Garden кешенінде өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 25 Шілде, 2025
Талдықорғанда жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырады
Талдықорғанда жедел жәрдем көлігі қатысқан жол-көлік оқиғасы болды. Соқтығыстан кейін көлік бірнеше рет аударылып кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 25 Шілде, 2025
Тайланд пен Камбоджа шекарасында қарулы қақтығыс ушықты
2025 жылғы 25 шілдеде, таңертең Таиланд пен Камбоджа шекарасында артиллериялық атыс дыбыстары қайта естілді. Бұл туралы Таиландтың Ұлттық телерадиохабар тарату қызметі мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.
Әлем • 25 Шілде, 2025
Кипрдегі орман өртінен 2 адам қаза тапты
Кипрдің Лимассол мен Пафос аймақтарында болған орман өрті 124 шаршы шақырым аумақты жайлады. Табиғи апаттың салдарынан 29 ауыл электр жарығынсыз қалған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 25 Шілде, 2025
Шерзат ісі бойынша сотталған бір қылмыскер бостандыққа шықты
Шерзат ісі бойынша сотталған Думан Ысқақ қамаудан босатылды. Бұл жөнінде заңгер Мейірман Шекеев әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 25 Шілде, 2025
«Auyl sport – 2024» республикалық турнирінің жеңімпаздары анықталды
Қырғызстанда 2008–2010 жылы туған жасөспірімдер арасында өткен халықаралық волейбол турнирінде Қазақстанның атынан қатысқан ауылдық командалар ел намысын қорғап, жүлделі орындарға ие болды. Бұл жеңіс - «AUYL SPORT» жобасының жемісі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 25 Шілде, 2025
Франция Палестинаны мемлекет ретінде тануға шешім қабылдады
Франция президенті Эммануэль Макрон өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында Париждің Палестинаны мемлекет ретінде тануға дайын екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл туралы ресми түрде қыркүйек айында өтетін БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиясында жарияланады, деп хабарлайды Egemen.kz ВВС-ге сілтеме жасап.
Қоғам • 24 Шілде, 2025
Мүгедектігі бар 15 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды
2025 жылғы 1 шілдедегі деректерге сәйкес, елімізде мүгедектігі бар азаматтарды жұмыспен қамту мақсатында жүргізіліп жатқан түрлі қолдау шараларымен 15 мыңнан астам адам қамтылған. Бүгінгі таңда 110,9 мың ерекше қажеттіліктері бар азамат жұмыс істейді, бұл олардың жалпы санының 30 пайызын құрайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 24 Шілде, 2025
Үкіметте агроөнеркәсіптік жобаларды қолдау жолдары қаралды
Үкіметте Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен Инвестициялар тарту жөніндегі кеңестің отырысы өтті, оның барысында, сондай-ақ, агроөнеркәсіптік кешендегі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері де қаралды, делінген хабарламада.