Қанат БІРЛІКҰЛЫ
Қанат БІРЛІКҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
107 материал табылды

Саясат • 20 Тамыз, 2025

Қазақ-өзбек зиялыларының интеллектуалдық форумы

Астанада Ұлттық музейде Қазақстан Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев және Өзбекстан Олий Мәжілісі Сенатының төрағасы Танзила Нарбаевалардың қатысуымен қазақ-өзбек ғылыми-шығармашылық зиялыларының бірінші форумы өтті. Іс-шара аясында тараптар жаны мен қаны бір бауырлас екі елдің рухани байланыстарын нығайту мәселелерін талқылады.

Марапат • 12 Тамыз, 2025

Еуропада топ жарды текті тазы

Өткен аптаның соңында Еуропа төріндегі Хельсинки қаласында «World Dog Show-2025» халықаралық иттер көрмесі өтіп, отандық делегация тазыны жеке тұқым ретінде тұңғыш рет жаһанға таныстырды.

Ең қысқа әңгіме • 09 Тамыз, 2025

Жүз жылқы хақындағы аңыз

Бірде Оралдың өлкетану мұражайынан көздің жауын алатын әдемі бір самаурын көрдім. Самаурынды ХІХ ғасырда қазақтың бір байы жүз жылқыға сатып алыпты. Осылай аты белгісіз бай жалқы самаурынды 100 жылқыға айырбастап, артында аңыз қалдырыпты.

Заң мен Тәртіп • 01 Тамыз, 2025

Конституциялық сотқа қарапайым азаматтар да жүгінеді

Биыл Конститу­ция­ның қабыл­дан­ғанына 30 жыл толды. Мемле­кет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев­тың бас­тамасымен жүр­гізілген конституциялық ре­фор­малардың нәтижесінде Консти­туциялық сот қайта құрылды. Қазір Конституциялық сотқа билік өкілдері ғана емес, қарапайым азаматтар да өтінішпен қайырыла алатын мүмкіндік туды.

Театр • 01 Тамыз, 2025

Жас Абаймен маусым жабылды

Астана қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театры V театр маусымын М.Әуезовтің «Абай-Тоғжан» музыкалық драмасымен жапты.

Үкімет • 31 Шілде, 2025

Алатау жоспарымен танысты

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Алматы облысында Мемлекет басшысының өңірлердің өсіп-өркендеуіне жол ашатын жаңа өндіріс орындарын дамыту жөніндегі тапсырмасын іске асыру барысымен танысты. Сапар аясында еліміздің оңтүстік-шығысындағы маңызды стратегиялық жобалардың бірі – Алатау қаласын салу жоспарына баса мән берілді.

Өнер • 25 Шілде, 2025

Белгісіз маршруттың жолаушылары

Өнердің тілі – ұлы тіл. Бір ұлттың кеңсірігіндегі өгей өксігін, заманаға айтар зар запыранын, келешек ұрпаққа тілер арзу арманын кеңес заманынан қалған көне автобустың ішіндегі жолаушылардың аузымен ақтара төгу әсте мүмкін бе? Қырғыздың аса талантты режиссері Темір Бірназаровтың «Белгісіз маршрут» фильмін көргенде өнер тілінің ұлылығын мойындап қана қоймай, «біз осындай туындыны неге түсіре алмаймыз?» деген сұрақ ішімізде қызғаныштың қызыл иті болып бас көтерді.

Заң мен Тәртіп • 23 Шілде, 2025

Конституциялық бақылау жүйесіндегі өзгерістер

Биыл тәуелсіз еліміздің Ата заңы қабылдан­ғанына 30 жыл толады. Конституциямыз осы отыз жыл бедерінде түрлі сыннан сүрінбей өтіп, ел тағдырын айқындап, мемлекеттілігімізді бекемдеп, кемелденген қоғамның темірқазығына айнала білді. Біз бүгін заң үстемдігін арқау еткен Әділетті Қазақстан құру мақсатында саяси реформалар жасап жатырмыз. Бұл орайда Конституциялық бақылау жүйесінде қандай өзгерістер бар?

Тарих • 18 Шілде, 2025

Кеңес Одағының батыры атанған «Халық жауының» баласы

Редакцияның телефоны безек қағып, тұтқаның арғы жағынан әжейдің үні естілді. Дауыс ырғағынан аналық мейірім еседі. «Бақтығали Бейсеновті танитын ба едің, қарғам?» деп бас­тады сөзін Роза әжей. Қазақтан шыққан тұңғыш дәрігерлердің бірі, Алашорданың қайраткері болған тұлғаны аздап білетінімді айта бас­тап едім, «Мен – сол алашордашы Бақтығалидың қызымын. Үйге келсең, сендерге айтар әңгімем бар еді» деді төте өтінішке аунап түсіп. Асылдың сынығының айтарын тыңдамаққа атқа қондық.

Саясат • 11 Шілде, 2025

Әділет органдарының жұмысында өзгеріс көп

Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Әділет органдары жұмысының нәтижелері туралы баспасөз мәслихаты өтті. Іс-шара аясында Әділет министрлігінің жарты жылда атқарған жұмысы баяндалды.

Яндекс.Метрика