Banner
Қанат БІРЛІКҰЛЫ
Қанат БІРЛІКҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
121 материал табылды

Әдебиет • 29 Тамыз, 2025

Құм құрсауындағы әйел

Ертеректе орыс әдебиетінің классигі Антон Чеховтың «Әпкелі-сіңлі, үшеуміз» деген пьесасын сахнадан көргенде алай-дүлей күйге түсіп, адам баласының ішкі аңсары мен күнделікті күйбеңнің бір арнаға тоғыса бермейтінін жан-тәнімізбен сезінген едік. Арада бірнеше жыл аунап, Кобо Абэнің «Құм құрсауындағы әйелін» оқығанда сол ахуал қайта бойымызды билеп, денеміз түршікті.

Басылым • 29 Тамыз, 2025

Тәлімі мол туынды

Белгілі ақын, аудармашы, «Алаш» халық­аралық әдеби сыйлығының лау­­реаты Қорғанбек Аманжолдың «Сыр­ұйық» атты кітабы жарық көрді.

Құқық • 28 Тамыз, 2025

Конституциялық сот өкілдері тренинг өткізді

Кеше «Қазақ газет­тері» ұжымына Консти­ту­циялық сот өкілдері арнайы тренинг өткізіп, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен құрылған Конституциялық соттың кейінгі жылдарда атқарған жұмыстарын таныстырды.

ЖОЛДАУ • 21 Тамыз, 2025

Әкім сайлауы – елдік жауапкершілік

Бүгінгі Қазақстанның саяси жаңғыруы – мемлекетіміздің тұрақты дамуының белгісі. Кейінгі жылдары еліміздегі саяси-экономикалық реформалардың қарқынды жүруі ұлттық бірлігімізді бекемдеп, елдік сананың мықтап орнығуына әсер етті. Бұл орайда елдің саяси жүйесін трансформациялаудағы маңызды қадам саналатын аудандық және облыстық маңызы бар қалалардың әкімдерін сайлауға қол жеткізіп отырмыз.

Саясат • 20 Тамыз, 2025

Қазақ-өзбек зиялыларының интеллектуалдық форумы

Астанада Ұлттық музейде Қазақстан Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев және Өзбекстан Олий Мәжілісі Сенатының төрағасы Танзила Нарбаевалардың қатысуымен қазақ-өзбек ғылыми-шығармашылық зиялыларының бірінші форумы өтті. Іс-шара аясында тараптар жаны мен қаны бір бауырлас екі елдің рухани байланыстарын нығайту мәселелерін талқылады.

Марапат • 12 Тамыз, 2025

Еуропада топ жарды текті тазы

Өткен аптаның соңында Еуропа төріндегі Хельсинки қаласында «World Dog Show-2025» халықаралық иттер көрмесі өтіп, отандық делегация тазыны жеке тұқым ретінде тұңғыш рет жаһанға таныстырды.

Ең қысқа әңгіме • 09 Тамыз, 2025

Жүз жылқы хақындағы аңыз

Бірде Оралдың өлкетану мұражайынан көздің жауын алатын әдемі бір самаурын көрдім. Самаурынды ХІХ ғасырда қазақтың бір байы жүз жылқыға сатып алыпты. Осылай аты белгісіз бай жалқы самаурынды 100 жылқыға айырбастап, артында аңыз қалдырыпты.

Заң мен Тәртіп • 01 Тамыз, 2025

Конституциялық сотқа қарапайым азаматтар да жүгінеді

Биыл Конститу­ция­ның қабыл­дан­ғанына 30 жыл толды. Мемле­кет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев­тың бас­тамасымен жүр­гізілген конституциялық ре­фор­малардың нәтижесінде Консти­туциялық сот қайта құрылды. Қазір Конституциялық сотқа билік өкілдері ғана емес, қарапайым азаматтар да өтінішпен қайырыла алатын мүмкіндік туды.

Театр • 01 Тамыз, 2025

Жас Абаймен маусым жабылды

Астана қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театры V театр маусымын М.Әуезовтің «Абай-Тоғжан» музыкалық драмасымен жапты.

Үкімет • 31 Шілде, 2025

Алатау жоспарымен танысты

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Алматы облысында Мемлекет басшысының өңірлердің өсіп-өркендеуіне жол ашатын жаңа өндіріс орындарын дамыту жөніндегі тапсырмасын іске асыру барысымен танысты. Сапар аясында еліміздің оңтүстік-шығысындағы маңызды стратегиялық жобалардың бірі – Алатау қаласын салу жоспарына баса мән берілді.

Яндекс.Метрика