ыс
Президент • 19 Қаңтар, 2026
Депутаттар азаматтардың саяси реформаға қызығушылық танытып отырғанын айтты
Астанада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының отырысында Парламент Мәжілісіндегі «Amanat» партиясы фракциясының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев және «Ақ жол» партиясының көшбасшысы Азат Перуашев, «Жалпыұлттық социал-демократиялық партия» фракциясының басшысы Асхат Рахымжанов парламенттік реформа аясында жүзеге асырылатын конституциялық өзгерістердің ауқымды екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 19 Қаңтар, 2026
Субсидия беріледі: Қостанайда тұқым шаруашылығын дамытуға қанша қаржы бөлінді?
Қостанай облысында түрлі дақыл тұқымын шығаратын 55 шаруашылық жұмыс істейді. Оның төртеуі жаңа тұқым, 19-ы элиталық тұқым шығарады. Сондай-ақ бірінші репродукциялық тұқым өсіретін 32 шаруашылық, 24 тұқым өткізуші бар. Аталған шаруашылықтар диқандарды жыл сайын сапалы тұқыммен қамтамасыз етіп келеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 19 Қаңтар, 2026
Ирандағы қақтығыс: Қаза тапқандар саны 5 мыңнан асты
Иран билігі елдегі жаппай наразылық кезінде қаза болғандар саны 5 мың адамға жеткенін мәлімдеді. Құрбандардың арасында 500-ге жуық құқық қорғау қызметкері бар, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 18 Қаңтар, 2026
Колумбияда қарулы топтар арасындағы қақтығыста 30 адам қаза тапты
Колумбияның шығысында екі қарулы топ арасындағы қақтығыстар салдарынан, алдын ала мәлімет бойынша, 30 адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 18 Қаңтар, 2026
Павлодар облысындағы тасжолда 15 жылқы тиелген жүк көлігі өртенді
Павлодар облысында тасжолда 15 бас жылқы тиелген жүк көлігі өртенді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 18 Қаңтар, 2026
Жамбыл облысында жоғалып кеткен әйел адам аман-есен табылды
Жамбыл облысында малшыға көмектесу үшін үйінен шығып, сол күйі жоғалып кеткен әйел адам табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Дін • 18 Қаңтар, 2026
Алматы облысында суға шомылу рәсімі өтіп жатыр
Биылғы 18 және 19 қаңтар күндері Алматы облысында дәстүрлі «Құдайға шоқыну» мерекесіне арналған суға шомылу шаралары басталды. Соған орай өңірде барлық қауіпсіздік талаптары сақтала отырып, рәсімді өткізуге арналған 21 стационарлық орын анықталып, келісілді, деп жазады Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 18 Қаңтар, 2026
Павлодар облысында апалы-сіңілілер алаяқтарға 10 миллион теңге берген
Әйелдердің бірі зейнеткерлерге арналған дивиденд туралы жарнаманы интернеттен көрген. Кейін толық ақпарат алу үшін көрсетілген сілтеме арқылы өткен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 18 Қаңтар, 2026
Маңғыстауда екі тәулік жолда тоңған жүк көлігі жүргізушісіне полицейлер көмектесті
Маңғыстау облысында патрульдік полиция қызметкерлері көлігі бұзылып, «Ман ата» өрінде екі тәулік бойы тұрып қалған жүк көлігі жүргізушісіне көмек көрсетті, деп хабарлады Egemen.kz.
Ауа райы • 18 Қаңтар, 2026
Павлодарда үсік шалғандар көбейді: 24 адам ауруханаға түсті
Павлодар қалалық №1 ауруханасының мәліметінше, қыс басталғалы 24 адам үсік шалумен түскен. Дәрігерлер 16 адамның аяқ-қолының саусақтарын кесуге мәжбүр болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 17 Қаңтар, 2026
Қаныш Әбубәкіров Қарулы Күштер Бас штабының бастығы болып тағайындалды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабына жаңа басшы тағайындалды. Бұл туралы Ақорда мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Отбасы • 17 Қаңтар, 2026
Абай облысында сотталғандар некесін қиды
Абай облыстық ҚАЖД мекемесінде сотталғандар некесін қиды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 17 Қаңтар, 2026
Орталық Азиядағы ең үлкен стадион құрылысының 80 пайызы дайын
Бішкек қаласында Орталық Азиядағы ең ірі спорттық нысан, FIFA стандарттарына сай халықаралық деңгейдегі стадионның құрылысы жалғасуда. 51 мың көрерменге арналған жаңа кешен Қырғызстанның спорт инфрақұрылымындағы маңдайалды жобаға айналды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 17 Қаңтар, 2026
Атырау облысында жоғалған отбасының ұлы мен қызын іздеу тоқтатылды
Бұл туралы облыстық төтенше жағдай департаменті мәлімдеді. 32 жастағы Наурыз Мұқанғали мен 35 жастағы Мейрамгүл Қарабалинаны ресми түрде іздеу тоқтатылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 16 Қаңтар, 2026
Әкімінің орынбасары Бейнеуде жол апатынан зардап шеккендердің жағдайымен танысты
Маңғыстау облысы әкімінің тапсырмасымен Ақтау – Бейнеу автожолында орын алған жол-көлік оқиғасына байланысты облыс әкімінің орынбасары Аббат Өрісбаев пен денскулық сақтау басқармасының басшысы Бекболат Ізбасаров Бейнеу ауданына барды деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы • 16 Қаңтар, 2026
Алматыда Пушкин көшесінің бір бөлігі жүргіншілер бульварына айналды
Алматыда Пушкин көшесі бойындағы аумақты ауқымды жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр. Жоба аумағы Райымбек даңғылынан Гоголь көшесіне дейінгі аралықты қамтиды. Бұл кеңістік серуендеуге, демалуға және қала орталығының тынысын сезінуге арналған, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 16 Қаңтар, 2026
Қостанай облысында 44 жолаушы жылу пунктіне жеткізілді
Үскірік аяздың күшейіп кетуіне байланысты Қарабалық ауданы аумағындағы күре жолдарда қоғамдық көліктер мен жүк көліктері қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 16 Қаңтар, 2026
Жамбыл облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды
Жамбыл облысында ауа райының күрт нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар автожолдың бір бөлігінде көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 16 Қаңтар, 2026
Түркістан облысында әкесін аяусыз ұрған азаматқа сот үкімі шықты
Түркістан облысы Шардара ауданында 70 жастағы денсаулығы нашар әкесін жүйелі түрде ұрып келген Алмас Садақбаевқа қатысты сот үкімі жарияланды. Сотталушыға қасақана орташа ауырлықтағы дене жарақатын келтіру және азаптау дерегі бойынша айып тағылған, деп жазады Egemen.kz.
Қысқы спорт • 16 Қаңтар, 2026
Қысқы Олимпиада ойындарын қайдан тамашалауға болады?
6-22 ақпан аралығында Италияның Милан және Кортина-д-Ампеццо қалаларында XXV қысқы Олимпиада ойындары өтеді. Төрт жылдықтың басты бәсекесін «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары тікелей эфирде көрермен назарына ұсынады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 16 Қаңтар, 2026
Қазақстанның тұңғыш мүфтиі Рәтбек қажы Нысанбайұлы өмірден өтті
Қасиетті миғраж түнінің жұмаға қараған таңында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының алғашқы мүфтиі Рәтбек қажы Нысанбайұлы бақилық болды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 16 Қаңтар, 2026
Маңғыстау облысында 50 жолаушысы бар автобус аударылып, төрт адам қаза тапты
Маңғыстау облысында Доссор – Ақтау тасжолында болған жол-көлік оқиғасы салдарынан төрт адам қаза тауып, үш адам түрлі жарақат алды. Апат кезінде автобус ішінде 50 жолаушы болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 16 Қаңтар, 2026
Астанада бос жұмыс орындарын қалай табуға болады?
Елорда әкімдігі 4 ақпан күні бос жұмыс орындарына арналған жәрмеңке өтетінін хабарлады. Жәрмеңкеде түрлі салаға тиесілі бос жұмыс орындары ұсынылады, деп жазады Egemen.kz.
Қылмыс • 15 Қаңтар, 2026
Сыныптасын өлтірген оқушыға үкім шықты
Жамбыл облыстық кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты оқушылар арасында орын алған қайғылы оқиғаға қатысты үкім шығарды деп хабарлайды Egemen.kz.
«Таза Қазақстан» • 15 Қаңтар, 2026
Маңғыстауда «Таза Қазақстан» акциясының ең жас қатысушысы марапатталды
Республикалық деңгейде жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық сенбілігінің ең жас белсенді қатысушысы марапатталды, деп хабарлайды Egemen.kz Маңғыстау облысы бойынша Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.
Спорт • 15 Қаңтар, 2026
Қысқы ойын түрлері қарқын алып келеді
Қазір ел қысқы спорт түрлері бойынша кезекті олимпиадалық циклдің соңына келіп отыр. Осы аралықта ұлттық құрамалар толық дайындықтан өтіп, барлық негізгі лицензиялық жарыстарға қатысып үлгерді. Ал бұл циклдің ең басты белесі 2026 жылғы ақпанда Италияның Милан мен Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтетін XXV қысқы Олимпия ойындары болмақ, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 15 Қаңтар, 2026
Салық режимдерінің ауысуы кітап нарығына қалай әсер етеді?
Қосылған құн салығына қатысты бастамалар қоғамдық пікірде көбіне «баға қымбаттайды» деген бір ғана өлшеммен қабылданады. Алайда бұл өзгерістердің салдары кей салаларда әлдеқайда терең әрі ұзақ мерзімді сипатқа ие. Соның бірі – баспа ісі. «Мазмұндама» баспасының директоры, баспагер Шыңғыс Мұқан салық режимдерінің ауысуы мен ҚҚС мөлшерлемесінің өзгеруі кітап нарығындағы қалыптасқан экономикалық тепе-теңдікті шайқалтуы мүмкін екенін айтады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 15 Қаңтар, 2026
Демалыс күндері азық-түлікті қайдан арзан алуға болады?
Астанада 17 және 18 қаңтар күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Қала тұрғындары мен қонақтары ет, көкөніс және сүт өнімдерін тікелей фермерлерден, делдалсыз әрі тиімді бағамен сатып ала алады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 15 Қаңтар, 2026
Туристік күнтізбе: Биыл Маңғыстауда қандай іс-шаралар өтеді?
Өңірде биыл республика көлемінде бірқатар ауқымды іс-шара өтеді. Бұл туралы Маңғыстау облысы бойынша Қоғамдық коммуникация орталығы мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2026
Оралда «Айтыстың Асан Қайғысы» атты айтыс өтті
Орал қаласында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Отан» және «Құрмет» ордендерінің иегері, ақын Жүрсін Ерманның 75 жасына арналған «Айтыстың Асан Қайғысы» атты облыстық ақындар айтысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.