у
Заң • 01 Тамыз, 2025
Алматыда кәмелетке толмаған сотталған балаларға арналған құқықтық тренинг өтті
Алматы қаласы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №11 мекемесінде «Азаматтардың құқықтарын қорғау және қазіргі қоғамдағы құқықтық мәдениет деңгейін арттыру — әлеуметтік тұрақтылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудегі басты рөлі» жобасы аясында «Кәмелетке толмаған сотталғандар не білуі керек?» атты тренинг өтті, деп жазады Egemen.kz.
Теннис • 01 Тамыз, 2025
Алматыда теннисшілердің турнирі өтеді
4-9 тамыз аралығында Алматыда теннистен «Roland Garros Juniors» турнирінің жалауы желбірейді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 01 Тамыз, 2025
Әуе арқылы жүк тасымалын дамытамыз - Президент
Президент көлік саласының қызметкерлерін марапаттау салтанатында алдағы маңызды міндет – әуе арқылы жүк тасымалын дамытып, Қазақстанды аймақтағы жетекші авиациялық хабқа айналдыру екенін атап өтті, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елорда • 01 Тамыз, 2025
Астанадағы 6 аурухананы полиция күзетеді
Астана қаласының алты стационарында медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тәулік бойы жұмыс істейтін күзет бекеттері ұйымдастырылды, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 01 Тамыз, 2025
Алматыда сәбиге интраоперациялық нейромониторинг арқылы ота жасалды
Алматы қаласындағы Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығы кішкентай пациентке (БШМКО) интраоперациялық нейромониторинг технологиясын қолдана отырып, күрделі нейрохирургиялық операцияны сәтімен жүзеге асырды. Интраоперациялық нейромониторинг — ми мен жұлынның атқаратын қызметін нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік беретін жоғары дәлдіктегі технология, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 01 Тамыз, 2025
Қаражалда «Тәуелсіздік» саябағы заманауи демалыс орнына айналады
Ұлытау облысы, Қаражал қаласындағы «Тәуелсіздік» саябағында қайта құру және абаттандыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Бұл бастама қала тұрғындары үшін қолайлы, эстетикалық жағынан қуаныш сыйлайтын демалыс орны болмақ, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 01 Тамыз, 2025
БҰҰ Бас хатшысы Қазақстанға келеді
3 тамыз күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерриш Қазақстан Республикасына сапармен келеді, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 01 Тамыз, 2025
Елімізде ауыл шаруашылығы санағы басталды
Бүгіннен басталған санақ кезінде жиналған деректер еліміздегі ауыл шаруашылығының қазіргі жағдайын, оның қалай дамып келе жатқанын, ондағы халықтың тұрмысын көрсетеді, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 31 Шілде, 2025
Аптап ыстық, бұршақ: ел аумағында дауылды ескерту жарияланды
Ертең, 1 тамызда Қазақстанның барлық дерлік өңірінде ауа райының күрт нашарлауына байланысты дауылды ескерту жарияланды. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 31 Шілде, 2025
Қызылжарлықтар асық атуда республикада топ жарды
Асық атудан 28-31 шілде аралығында өткен Ұлттық чемпионатта 14 облыстан қатысқан спортшылар арасында қызылжарлықтар қара үзіп, жеңімпаз болды, деп жазады Egemen.kz.
Инфрақұрылым • 31 Шілде, 2025
Жетісуда 17,5 шақырым арық желісі салынады
Жетісу облысында биыл жалпы ұзындығы 17,5 шақырымды құрайтын арық желілерін жабдықтау жоспарланған. Бұл жұмыстар «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 31 Шілде, 2025
Олжас Бектенов Түркістан облысында сумен тұрақты қамтамасыз ету шараларын қабылдауды тапсырды
Түркістан облысына жұмыс сапары барысында Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов су қоймаларының жай-күйімен, гидротехникалық құрылыстарды қайта жаңғырту жұмыстарының барысымен және еліміздің оңтүстік өңірлерін тұрақты сумен қамтамасыз ету бойынша атқарылып жатқан шаралармен танысты.
Үкімет • 31 Шілде, 2025
Олжас Бектенов Қызылорда облысында Президент тапсырмаларының орындалу барысын тексерді
Олжас Бектенов Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында Президенттің аграрлық секторға су үнемдеу технологияларын енгізу жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексерді және өңірдің су шаруашылығы инфрақұрылымының жай-күйімен танысты, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 31 Шілде, 2025
Алматыда жас теннисшілерге арналған халықаралық іріктеу турнирі өтеді
4–9 тамыз күндері Алматы қаласында екінші рет Roland Garros Junior Series by Renault – Qualifications West and Central Asia турнирінің іріктеу кезеңі ұйымдастырылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 31 Шілде, 2025
Елордада кезекті жәрмеңке өтеді
Кезекті қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде өңірлердегі ауыл шаруашылығы өндірушілерінің және шаруа қожалықтарының азық-түлік өнімдері ұсынылады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 31 Шілде, 2025
Президент Солтүстік Қазақстан облысының әкімін қабылдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 31 Шілде, 2025
Бурабайда жүзуде өткен PIKEMAN 2025 жарысы аяқталды. Табиғаты таңдай қақтырарлық өлкеде спорттың осы бағытын дамыту арқылы туризмді ілгерілетуге әбден болады. «Спорт туризмі» осындай жалпыхалықтық жарыстармен қызық, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 31 Шілде, 2025
Премьер-министр Түркістан облысындағы су саласының негізгі нысандарын тексерді
Премьер-министр Олжас Бектенов аталған аймаққа жұмыс сапары барысында су қоймаларының жай-күйімен, гидротехникалық құрылыстарды қайта жаңғырту жұмыстарының барысымен және еліміздің оңтүстік өңірлерін тұрақты сумен қамтамасыз ету бойынша атқарылып жатқан шаралармен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 31 Шілде, 2025
Камчатка жағалауында бір сағатта сегіз жер сілкінісі тіркелді
Соңғы бір сағат ішінде Камчатка түбегі жағалауында сегіз жер сілкінісі болған. Жер асты дүмпулері 4,5-тен 6,7 балға дейінгі магнитудамен тіркелген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы • 31 Шілде, 2025
ХҚКО-лардағы заңды белден басу қалай бақыланады
Бүгін Алматы қалалық Әділет департаменті 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында жүргізілген бақылау, қадағалау жұмыстарының қорытындысын жариялады. Тексеру барысында нотариус, адвокат, құқықтық кеңес берушілер мен әсіресе, Халыққа қызмет көрсету орталықтары ұсынатын мемлекеттік қызметтердің сапасы басты назарда болған. Ал статистика бақылаудың күшейіп, азаматтардың шағымдары да белсенді түрде қаралып, заңды белден басудың жолы кесіле бастағанын көрсетеді. Өңірлік коммуникациялар қызметінде Алматы қалалық Әділет департаментінің басшысы Балайым Кесебаева осылай деді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экология • 31 Шілде, 2025
Алдағы 4 жылда қатты қалдықтарды өңдеу көлемі артады
2029 жылға дейін қатты қалдықтарды қайта өңдеу және басқаруды 40%-ға жеткізу мақсатында Экология және табиғи ресурстар министрлігі 345 млрд теңгені құрайтын 67 жобаны жүзеге асыруға әзірлеп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 31 Шілде, 2025
Атырау облысында жыл басынан бері 8 адам суға батып кеткен
Атырау облысында 2025 жылдың басынан бері 8 адам суға кетіп, мерт болған Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады. Қайғылы жағдайлардың үшеуі – балаларға қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 31 Шілде, 2025
Әлемдегі ең қауіпсіз ел қай ел
2025 жылға арналған Numbeo қауіпсіздік индексі бойынша Біріккен Араб Әмірліктері мен Андорра ең қауіпсіз мемлекеттер ретінде танылды. Бұл рейтинг әлем елдеріндегі құқықтық тәртіп, саяси тұрақтылық және қылмыс деңгейінің төмендігі сияқты көрсеткіштер негізінде жасалған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 31 Шілде, 2025
Жамбыл облысында ресейлік байкерге шабуыл жасаған ер адам сотталды
2024 жылғы сәуірде Жамбыл облысында жанармай бекетінде ресейлік мотоцикл жүргізушісіне пышақпен шабуыл жасаған ер адамға қатысты үкім шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шаруашылық • 31 Шілде, 2025
Санақ деректері құпия сақталады – Ұлттық статистика бюросы
Ауыл шаруашылығы санағы аясында жиналатын барлық мәліметтер құпия түрде сақталып, ешбір мемлекеттік органға берілмейді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Ұлттық статистика бюросы басшысының орынбасары Әсел Шауенова мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 31 Шілде, 2025
СҚО-да тексерілген әрбір үшінші жолдан ақау шыққан
Жолдардың сапасын тексеруге арналған «Жол активтерінің сапасын тексеру Ұлттық орталығы» РМК Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы биыл облыс бойынша 272 рет тексеріс жүргізген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 31 Шілде, 2025
Ақтөбе облысында он екі ауыл жабылуы мүмкін
Ақтөбе облысының Мәртөк ауданында оқушылар санының аздығына байланысты 12 ауыл мектебін (9 орта, 3 негізгі) оңтайландыру жоспарланып отыр. Мектептердің жабылуы 12 ауылдың келешегіне де қауіп төндіреді. Оның үстіне, осы елдімекендер Ресей Федерациясының Орынбор облысының шекара шебінен 30–40 шақырым қашықтықта орналасқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 31 Шілде, 2025
Жыл соңына дейін 175 жаңа жолаушылар вагоны сатып алынады
Бұл туралы Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Үкіметте өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 31 Шілде, 2025
Су жеткізу мәселелері бойынша екі елмен келіссөздер жүргізілді
Премьер-министр Олжас Бектеновтің тапсырмасы бойынша орынбасары Қанат Бозымбаев 28 шілдеде Қырғыз Республикасына жұмыс сапарымен барып, Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы Адылбек Касымалиевпен және жауапты ведомство басшыларымен келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 31 Шілде, 2025
Жарты миллион оқушыға көмек көрсетіледі
2025–2026 оқу жылы қарсаңында елімізде «Жалпыға бірдей білім беру» қоры аясында оқушыларды мектепке дайындау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, биыл 500 мыңнан астам балаға материалдық қолдау көрсетіледі, деп жазады Egemen.kz.