Алма
Спорт • 20 Қыркүйек, 2025
Алматыда жаңа теннис орталығы бой көтерді
Алматының Алатау ауданында халықаралық стандарттарға сай заманауи теннис орталығы бой көтерді. Кешен ITF және ATF деңгейіндегі республикалық және халықаралық турнир өткізуге қауқарлы, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 20 Қыркүйек, 2025
Алматыда «Ән қанатындағы Алматы» және «QAZAQSHA терапия» концерттері өтті
Алматының Республика сарайының алдындағы Абай алаңында Қала күніне орай қала тұрғындары мен қонақтарына екі бірдей керемет концерт ұйымдастырылды, деп жазады Egemen.kz.
Рекорд • 20 Қыркүйек, 2025
Әлемдегі ең үлкен түйе керуені Алматы облысында өтті
Алматы облысы Іле ауданының Күрті ауылдық округінде ел тарихына алтын әріптермен жазылатын тарихи оқиға орын алды. Ұлттық рухты жаңғырту, көшпелі мәдениетті дәріптеу, сондай-ақ туризм мен кәсіпкерлікті дамыту мақсатында ұйымдастырылған «Әлемдегі ең үлкен түйе керуені – 2025» атты ауқымды мәдени шара әлемдік деңгейде рекорд орнатты, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 20 Қыркүйек, 2025
Қала күні аясында алғашқы республикалық «JasSkills Kazakhstan – 2025» байқауы өтіп жатыр
Еліміздің түкпір-түкпірінен 9-10-сынып оқушылары арасында тұңғыш рет республикалық «JasSkills Kazakhstan – 2025» байқауы өтіп жатыр. Бұл ауқымды іс-шара халықаралық WorldSkills чемпионатының стандарттарына сай ұйымдастырылып, жасөспірімдерге талантын көрсетуге әрі болашақта сұранысқа ие мамандықтарды меңгеруге мүмкіндік берді, деп жазады Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 19 Қыркүйек, 2025
Ауа құрамы әр төрт сағат сайын тексерілуде
Алатау қаласының аумағындағы қоқыс полигонында тұтанған өртті сөндіру жұмыстары әлі жалғасуда. Өңірде төтенше жағдай жарияланды. Ауқымды аумақты шарпыған қызыл жалынды ауыздықтауға қажетті күш-құралдар жұмылдырылды. ТЖД бөлімшелері жану ошақтарын инертті материалдармен толтырып, топырақты нығыздау және инъекциялық сөндіру әдісін қолдануда.
Алматы • 19 Қыркүйек, 2025
Нөсер сайын Алматыны неге су басады?
Бүгін Алматы әкімі қаладағы су басу қаупі жоғары аумақтарды тексеріп, жұмыс мерзімі мен сапасына қатысты бірқатар тапсырма берді, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 19 Қыркүйек, 2025
Алматыда шахматтан балалар арасындағы әлем чемпионаты басталды
Алматыда 8, 10 және 12 жасқа дейінгі балалар арасында шахматтан әлем чемпионаты - FIDE World Cadet Chess Championships 2025 басталды. Турнирді өткізу Қала күнін мерекелеуге сәйкес келді. Салтанатты ашылу рәсімі Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтті. Оған ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ермек Көшербаев, Алматы әкімі Дархан Сатыбалды, ФИДЕ президенті Аркадий Дворкович және Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турлов қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 19 Қыркүйек, 2025
Алматы облысында 3,5 млрд теңге алимент қарызы өтелді
Биылғы жылдың сегіз айында 3,5 млрд теңге көлеміндегі алименттік берешек өтелді. Сонымен қатар қасақана төлемеген 50 борышкер қылмыстық жауаптылыққа тартылған. Оның ішінде 33 адам сотталып, 17 іс берешекті ерікті түрде өтеуіне байланысты тоқтатылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы • 19 Қыркүйек, 2025
Алматы зообағында тегін экскурсиялар өтіп жатыр
Қала күніне орай Алматы зообағы көпбалалы және әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға, ерекше қажеттілігі бар балалардың отбасыларына, сондай-ақ мектеп-интернаттар мен оңалту орталықтарының тәрбиеленушілеріне тегін экскурсия ұйымдастырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы • 18 Қыркүйек, 2025
«Аттан»: Амантай қажы көпірге жазу жазғаны үшін айыппұл арқалады
Елге ерекше ұрандарымен танылған Амантай қажы жаңғыртудан өткен Сейфуллин мен Райымбек батыр көшелерінің қиылысындағы көпірде «Аттан» сөзін жазған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы • 18 Қыркүйек, 2025
Алматыда Target платформасына 8 мың камера қосылады
Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Полиция департаментіне барып, ішкі істер органдарының қызметімен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жұмысшы мамандықтар жылы • 18 Қыркүйек, 2025
Алматыда жұмысшы мамандарға сұраныс артып келеді
Бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауға қажетті іс-қимылдарды жүзеге асыру мақсатында жақында Өңірлік коммуникациялар қызметі мен Алматы қаласының білім басқармасы «Колледж түлектерінің еңбек нарығындағы сұранысы» тақырыбында баспасөз турын ұйымдастырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ғылым • 17 Қыркүйек, 2025
Ұлттық мұраны зерттеудегі ғылыми ізденістерге арналған семинар өтті
Ғылым ордасында «Палеонтология, зоологиялық, археологиялық, археографиялық қор жинақтарын пәнаралық-кешенді зерттеу және жаңа материалдармен толықтыру, атрибуциялау, каталогтау: «Ғылым ордасы» музейлері негізінде» ғылыми семинар өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қылмыс • 17 Қыркүйек, 2025
Алаяқтарға SIM-карта ұсынғандар ұсталды
Алматы қалалық киберпол қызметкерлері мессенджерлерге тіркеу үшін көп мөлшерде SIM-карталар мен мобильді телефондарды сатып алып, пайдаланған адамдар тобын ұстады, деп жазады Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 17 Қыркүйек, 2025
Алатау полигонындағы өртті сөндіру жұмыстары әлі жалғасып жатыр
Алматы облысындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны үш күннен бері жанып жатыр. Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі полигондағы өртті сөндіру үшін басқа облыстардан қосымша күштер тартты. Барлығы 200-ден астам жеке құрам мен 90-нан астам техника жұмылдырылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 16 Қыркүйек, 2025
Алматыда ер адам автобус жүргізушісіне пышақпен шабуыл жасаған
Әлеуметтік желіде оқиғаның видеосы тарады. Жеңіл көлік жүргізушісі автобустың қозғалысына кедергі келтіріп, қауіпті жағдайлар туғызған. Содан кейін ол автобусқа жақындап, жүргізушіге шабуыл жасап, пышақ шығарған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Энергетика • 16 Қыркүйек, 2025
Қазақстан атом энергетикасының жаңа даму кезеңін жариялады
Вена қаласында өткен Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (АЭХА) 69-шы Бас конференциясында еліміздің Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев сөз сөйлеп, Қазақстан бейбіт атомға, жаһандық қауіпсіздікке және тұрақты дамуға бейілділігін растады, деп жазады Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 16 Қыркүйек, 2025
Алматы облысында қоқыс полигонынан өрт шықты
Алматы облысында қоқыс полигоны өртеніп, оны сөндіруге 108 адам мен 54 техника жұмылдырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Туризм • 16 Қыркүйек, 2025
Ұлттық парктегі әйгілі әткеншек қайта ашылды
Іле-Алатау ұлттық паркінде 2 524 метр биіктікте орналасқан Фурманов шыңының етегіндегі атақты әткеншектің қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды. Бұл нысан ұзақ жыл бойы Алматы тұрғындары мен туристері үшін таудағы ең танымал орынның бірі ретінде жақсы таныс, деп жазады Egemen.kz.
Ғылым • 16 Қыркүйек, 2025
Халықаралық мамандар ядролық физиканың жетістіктерін талқылады
Алматыда археология мен ядролық технологияларға арналған «Археологиялық зерттеулерде жаратылыстану-ғылыми әдістерді қолдану» тақырыбында халықаралық конференция өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 15 Қыркүйек, 2025
«Ақ бидай – 2025» ауыл спорты ойындары салтанатты түрде ашылды
Алматы облысында ауыл спортының ең ірі додаларының бірі – «Ақ бидай – 2025» республикалық ойындары басталды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 15 Қыркүйек, 2025
Іле ауданының саяжай тұрғындары балаларды тасымалдау мәселесін көтерді
Іле ауданына қарасты Ақсай ауылдық округінде жалпы саны 22 мың халық тұрады. Ауылдық округте бірнеше разъездерге бөлінген 13 саяжай орналасқан. Оларда 8 жарым мыңнан астам халық мекендейді. Осы саяжайлар бойынша 522 оқушы тасымалданып оқытылады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 15 Қыркүйек, 2025
Алматы облысында ауыл әкімі мінген көлік аударылып қалды
Алматы облысы Райымбек ауданында қыркүйектің 13-і күні кешкілік ауыл әкімі мінген көлік аударылып, бір адам қаза тапты. Тағы екі жолаушы ауыр жарақат алып, жансақтау бөліміне жеткізілді. Қайғылы оқиға Нарынқол-Сарыжаз автожолында орын алған, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 15 Қыркүйек, 2025
Алтын да, қола да Қазақ циркіне бұйырды
Алматыдағы Қазақ мемлекеттік циркі Санкт-Петербург пен Мәскеуде өткен беделі биік халықаралық цирк фестивальдерінде қос бірдей абыройлы жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шаруашылық • 14 Қыркүйек, 2025
Агроөнім экспорты 1,5 еседен астам өсті
Алматы облысы шетел нарығында сұранысқа ие өнім көлемін арттырды. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты жылдан-жылға артып келеді, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 12 Қыркүйек, 2025
Алматыда Республикалық эндокринология және қант диабеті орталығы ашылды
Бүгін Алматыда қант диабетіне шалдыққандар үшін шапағаты мен шипасы мол маңызды оқиға орын алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 12 Қыркүйек, 2025
Respublica партиясы Алматыда ReBusiness форумын өткізді
Шараға 500-ге жуық кәсіпкер, мемлекеттік органдардың өкілдері, Мәжіліс депутаттары және сарапшылар қатысқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 12 Қыркүйек, 2025
Алматы облысында оқушылар мінген автобус апатқа ұшырады
Алматы облысында оқушылар мінген автобус жолаушылар көлігімен соқтығысқан. Салдарынан екі адам қаза тапқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Туризм • 12 Қыркүйек, 2025
Биыл Алматыға 1,1 миллионнан астам турист келген
2025 жылдың алғашқы алты айында Алматыға 1 миллион 140 мыңнан астам турист келген. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезіңімен салыстырғанда 6,5 пайызға жоғары, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 11 Қыркүйек, 2025
11 қыркүйек күні Алматы облысы Іле ауданына қарасты Байсерке ауылы маңындағы металл қабылдау пунктінде жарылыс болып, үш адам мерт болды, деп жазады Egemen.kz.