рт
Қоғам • 24 Желтоқсан, 2025
Қазақстан азаматтары 79 елге визасыз кіре алады
2025 жылы Қазақстан паспорты халықаралық аренада өз позициясын айтарлықтай нығайтып, өңірдегі ең «күшті» құжаттардың біріне айналды. Отандастарымыз бүгінде 79 мемлекетке визасыз сапарлай алады. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі Көші-қон қызметі комитетінің төрағасы Аслан Аталықов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 24 Желтоқсан, 2025
Олимпиадаға баратын шорт-трекшілер анықталды
Келесі жылы Италияның Милан мен Кортина-д’Ампеццо қалаларында алауы тұтанатын қысқы Олимпия ойындарында Қазақстанның шорт-трекшілері қандай құрамда өнер көрсететіні белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 23 Желтоқсан, 2025
Құрық портында теңіз табаны 5 метрге тереңдетіледі
ERSAI индустриялық порты Құрық портында акватория мен кірме арнаның түбін тереңдету жөніндегі стратегиялық жобаны іске асыруға кірісті. Жоба бойынша теңіз түбінің тереңдігін 5 метрге дейін ұлғайту және жыл бойы үздіксіз навигацияны қамтамасыз ету көзделіп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Марапат • 23 Желтоқсан, 2025
Астанада көлік пен логистика саласының мамандарына «транспорттық Оскар» табысталды
Елордада көлік пен логистика саласындағы Еуразиялық беделді марапат саналатын «Magistral Awards – 2025» премиясының жеңімпаздары анықталды. Кәсіби орта бұл сыйлықты көптен бері «транспорттық Оскар» деп атап келеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экспорт • 23 Желтоқсан, 2025
Қазақстанда ірі қара мал етінің экспортына енгізілген шектеулер нарықтағы бағаны тұрақтандыруға септігін тигізеді. Бұл туралы Вице-премьер – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 22 Желтоқсан, 2025
Боран мен көктайғақ: Қазақстанның барлық өңіріне ескерту жарияланды
23 желтоқсанда еліміздің 17 облысында және Астана қаласында боран соғып, көктайғақ болады. Бұл туралы Egemen.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап хабарлады.
Президент • 22 Желтоқсан, 2025
Президент ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Экспорт • 22 Желтоқсан, 2025
Қазақстанда сиыр етін экспорттауға шектеулер тағы жарты жылға ұзартылады
Қазақстан аумағынан сиыр етін әкетуге қатысты бұрын енгізілген шектеулердің мерзімі ұзартылуы мүмкін. Ауыл шаруашылығы министрлігі «Ірі қара мал етін (сиыр етін) Қазақстан Республикасының аумағынан әкетудің кейбір мәселелері туралы» бұйрық жобасын дайындады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • 22 Желтоқсан, 2025
«Қайрат» Чемпиондар лигасының шешуші кезеңі алдында жаңа қақпашы сатып алады
Алматылық «Қайрат» футзал клубы Чемпиондар лигасының плей-офф матчтары қарсаңында бразилиялық жаңа голкипермен толығады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 22 Желтоқсан, 2025
Ел тұрғындары жаңажылдық кештерден жаппай бас тарта бастады
Мереке қарсаңында көптеген компаниялар корпоративтік іс-шараларға қатысты жоспарларын қайта қарап жатыр. Себебі биыл қызметкерлерге арналған кештің құны бір адамға шаққанда 50 мың теңгеге дейін қымбаттаған, деп жазады Egemen.kz.
Экспорт • 22 Желтоқсан, 2025
Импорт күшейді, ал экспорттық табыс азайып бара жатыр
Елімізге сырттан келетін тауар ағыны тарихи рекордтарды жаңартса, шикізат экспортынан түсетін пайда қысқарып келеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 22 Желтоқсан, 2025
ArtSport-тың дәуірі аяқталды: Балалар енді тегін үйірмеге қатыса алмай ма?
Қазақстанда 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап ArtSport платформасы жұмысын тоқтатады. Алайда ата-аналарға алаңдауға негіз жоқ: мемлекеттік бағдарлама жойылмайды, тек оның есепке алу жүйесі өзгереді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 22 Желтоқсан, 2025
Мемлекет басшысы Корея Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Ли Чжэ Мёнді туған күнімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 22 Желтоқсан, 2025
Алматыда ірі көлемдегі есірткі арнасы жойылды
Алматы мен Астанада жүргізілген арнайы операция нәтижесінде есірткі тасымалымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды. Тәртіп сақшылары заңсыз айналымнан 16 келіден астам гашиш тәркілеп, өңіраралық қылмыс арнасының жолын кесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Технология • 22 Желтоқсан, 2025
Қазақстандық стартап Stanford University жанындағы жабық акселераторға қабылданды
Қазақстандық TrustMe IT-компаниясы Stanford University жанында жұмыс істейтін әлемдегі ең жабық әрі селективті акселераторлардың бірі - StartX бағдарламасына қабылданды. Бұл туралы TrustMe компаниясының негізін қалаушы Шыңғыс Дәулетбаев әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
Спорт • 21 Желтоқсан, 2025
Әмір Закиров брейкингтен әлем чемпионатында жеңіске жетті
Қазақстанның брейкинг құрамасының көшбасшысы Әмір Закиров БАӘ-нің Дубай қаласында өткен WFADS әлем чемпионатында жеңіске жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 21 Желтоқсан, 2025
Қазақстан құрамасының экс-бапкері жаңа клубты басқарады
Қазақстан ұлттық футбол құрамасының бұрынғы бас бапкері Әли Әлиев астаналық «Жеңіс» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 21 Желтоқсан, 2025
«Барыс» бүгін елордада «Сочимен» кездеседі
Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, яғни 21 желтоқсанда Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің «Сочи» командасына қарсы өткізеді, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 20 Желтоқсан, 2025
Допинг дауынан кейін Әлімханұлына қатысты шешім шықты
The Ring беделді журналы орта салмақта IBF және WBO чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлын (17-0, 12 КО) өз рейтингінен алып тастағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 20 Желтоқсан, 2025
Балалар құқықтарын қорғау комитеті жаңа алаяқтық туралы ескертті
Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова соңғы уақытта әлеуметтік желілерде балалар мен жасөспірімдерді арбауға бағытталған алаяқтықтың жаңа түрі пайда болғанын айтып, ескерту жазбасын жариялады, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Алматы • 20 Желтоқсан, 2025
Алматы қалалық күрес федерациясы 2025 жыл үздігі атанды
Биыл алматылық балуандар республикалық турнирлерде 141, халықаралық жарыстарда 34 медаль жеңіп алды, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 19 Желтоқсан, 2025
Оқушыға мамандық таңдауға көмектесетін бот пайда болды
Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы Ақшұқыр мектеп-лицейінің педагогы оқушының болашақ мамандығын таңдауына көмектесетін бот әзірледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 19 Желтоқсан, 2025
АҚШ Грин-картадан неге бас тартты?
АҚШ-тың Ішкі қауіпсіздік министрі Кристи Ноэм елдегі қауіпсіздік мәселелеріне байланысты диверсификациялық визалық лотерея (DV1) бағдарламасын дереу тоқтату туралы шешім қабылдады. Бұл қадамға Брауновск университетінде болған қайғылы оқиға себеп болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 19 Желтоқсан, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ университетінде дәріс оқыды
Қасым-Жомарт Тоқаев Токио қаласындағы Біріккен Ұлттар Ұйымы университетіне барып, «Дүрбелеңге толы дәуірдегі стратегиялық сенімді қалпына келтіру: әділетті әрі тұрақты әлем құру жолындағы Қазақстанның ұстанымы» тақырыбында дәріс оқыды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сіілтеме жасап.
Оқиға • 19 Желтоқсан, 2025
Жамбыл облысында шекарадан 30 келі есірткі өткізбек болған шетелдік ұсталды
Жамбыл облысындағы «Айша бибі» өткізу бекетінде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі есірткінің ірі партиясын заңсыз тасымалдау әрекетінің жолын кесті. Шекарашылар көліктің жасырын бөлігінен жалпы салмағы 30 келіден асатын түрлі заттар тапқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 19 Желтоқсан, 2025
Президент Komatsu компаниясы директорлар кеңесінің төрағасын қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Komatsu компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Хироюки Огаваны қабылдады. Кездесуде Мемлекет басшысы Komatsu компаниясы еліміздің тау-кен инфрақұрылымын дамытуға елеулі үлес қосып келе жатқан сенімді әрі уақыт тезінен өткен серіктесі саналатынын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 19 Желтоқсан, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Mitsui басшылығына ризашылығын білдірді
Қазақстан Президенті Қасы-Жомарт Тоқаев Mitsui компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Тацуо Ясунагамен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әлем • 19 Желтоқсан, 2025
«Салонда спортшылар болған»: АҚШ-та ұшақ апатқа ұшырады
Оқиға АҚШ-тың Солтүстік Каролина штатында болған. Стейтсвилл әуежайында қону кезінде Cessna C550 жеңіл ұшағы апатқа ұшыраған. Салдарынан бірнеше адам қаза тапқан, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 19 Желтоқсан, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев JOGMEC ұйымының төрағасымен кездесті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жапония металл және энергетикалық қауіпсіздік жөніндегі ұйымының (JOGMEC) төрағасы Ичиро Такахаруды қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 19 Желтоқсан, 2025
Мемлекет басшысы Sumitomo компаниясының президентін қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Токиода Жапонияның ірі және ықпалды сауда-инвестициялық корпорацияларының бірі саналатын Sumitomo жетекшісі Шинго Уэнонмен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.